Тілін сөздік қорларын дамыту
Сабақ туралы мәлімет
Мұғалім
Сарсикеева Алма Есқаққызы
Пән
Қазақ тілі (2-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Етістікті өткенді қайталау
Мақсат, міндет, нәтиже
Сабақтың мақсаты
- Етістіктерді табу және олардың дара, күрделі түрлерін ажырата білуге үйрету.
- Оқушылардың тілін және сөздік қорын дамыту.
- Байқампаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті
Етістікті білдіретін сөздер туралы мағлұмат беру және білімді жалпылау.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар етістіктің сұрақтарын біледі және етістіктерді ажырата алады.
Әдіс-тәсілдер
Сабақ барысы
Кіріспе: психологиялық дайындық
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз — талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Үй тапсырмасын тексеру
- 388-жаттығу, 389-жаттығу.
- «Не істейді? Қайтеді?» сұрақтарына сүйеніп, өлең құрастыру.
- Бүгінгі күнді жазу.
Көру диктанты және «Миға шабуыл»
Ойын: «Текше». Тапсырма: «Не істеді?» сұрағына жауап беретін, бас әріптен басталатын етістік құрап көр.
Жауаптарды сұрақ қою арқылы жеке оқушылардан тыңдаймын.
Жаттығу жұмысы
390-жаттығу: берілген сөздерден етістіктерді тауып, белгілеу.
Таныстырылым: тақырыпты түсіндіру және сұрақ-жауап арқылы бекіту.
Сыни ойлауға бағытталған деңгейлік тапсырмалар
- 1) Семантикалық кесте құру.
- 2) Суреттегі зат атауларын олардың қимылын білдіретін сөздермен сәйкестендіріп айту.
- 3) Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрау.
- 4) Мағынасы қарама-қарсы сөзді табу.
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс арқылы оқушылардың назарын шоғырландыру.
Негізгі бөлім: бекітуге арналған шығармашылық тапсырма
Тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларға шығармашылық жұмыс ұсынылады (қысқа мәтін құрастыру, етістіктерді табу және түрлерін ажырату).
Қорытынды бөлім
«Сиқырлы сандық» ойыны
Сандық ішінде сұрақтар жазылған қағаздар болады. Бір қағаз бос болады — сол қағазды алған оқушыға басқа оқушылар сұрақ қояды.
1) Етістік дегеніміз не?
2) «Бірлігі жоқ ел тозады, Бірлігі күшті ел озады» мақалынан етістікті тап.
3) Күрделі етістік дегеніміз не? Мысал келтір.
4) Дара етістік дегеніміз не? Мысал келтір.
5) Етістіктің сұрақтарын ата.
6) Дара етістікті көрсет: кітап, күреп жатыр, ойнады, оқыды, оқып отыр.
Бағалау
Фишка арқылы бағалау.
Рефлексия
Смайлик әдісі арқылы кері байланыс.
Үй тапсырмасы
394-жаттығу: сурет бойынша әңгіме жазу.