Қыз Жібек операсының авторы кім

СҚО, Мамлют ауданы

Мамлют санаторлық орта мектеп-интернаты

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Самбаева Бибісара Шәмінқызы

Сабақтың тақырыбы

Мағжан Жұмабаев — «Қарағым»

Сабақтың ұраны: «Білген сайын келеді біле бергім, біле беру емес пе тілегі елдің…»

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

Ақын туралы білімді тереңдету; өлеңнің тақырыбын ашу арқылы білімге апаратын жолдың оқу екенін түсіндіру; өлеңді мазмұнына сай мәнерлеп оқуға баулу.

2) Тәрбиелік

Оқуға, білімге үндеу; оқу мен ойынның айырмасын ажырата білуге және салыстыра білуге тәрбиелеу.

3) Дамытушылық

Алған білімді әрі қарай дамыту; ойды қорытып, жүйелі жеткізе білуге ынталандыру.

Жаңа сабақ: ақын туралы мәлімет

Тегі, аты, әкесінің аты

Мағжан Бекенұлы Жұмабаев

Туған жылы

1893 жыл

Туған жері

Ақмола губерниясы, Ақмола уезі, Сасықкөл жағасы

Алған білімі

Ауыл мектебі; Қызылжардағы медресе; Уфадағы медресе

Мамандығы

Мұғалім, публицист, педагог-ғалым

Істеген қызметі

Мұғалім; газет-журналдарда қызмет атқарған

Кітаптары

«Шолпан», «Педагогика»

Арманы

Бостандық, еркіндік

Шығармаларының тақырыбы

Жастар, оқу-білім, халық мүддесі

Жаңа сөздер

Жаны нәзік
чувствительный
Сыршыл ақын
лирик поэт
Көзі жұмылғанша
до смерти
Бостандық
свобода
Аңсаумен өтті
мечтал

Өлең мазмұны бойынша сұрақтар

  • А) Ақын өз сөзін кімге арнайды?
  • Ә) Ол қандай ақыл айтады?
  • Б) «Қарманған қарап қалмас» дегенді қалай түсінеміз?
  • В) «Көңілі жүйрік кемеңгер» деп қандай адамды айтамыз?
  • Г) Ақын қандай қылықтардан аулақ болуға шақырады?

Шығармаға сатылай кешенді талдау

Негізгі мәлімет

Шығарманың аты:
«Қарағым»
Авторы:
Мағжан Жұмабаев
Жанр түрі:
Поэзия, өлең
Тақырыбы:
Білімге шақыру
Идеясы:
Өнер мен білімге ұмтылған жанға тең келер жоқ; білімсіздік — өлгенмен тең.

Құрылысы мен өлең өлшемі

Шумақ:
3 шумақ
Тармақ:
12 тармақ
Бунақ:
3 бунақ
Буын түрі:
11 буынды қара өлең
Ұйқасы:
1-шумақ: а, а, б, а; 2–3-шумақ: в, а, в, а

Түсіндірме сөздік

«Қарманған қарап қалмас» — ұмтылған, әрекет еткен адам тоқтап қалмайды.

Өлеңнің түйіні

Оқу оқып, білім алу қажет. Себебі білімсіз өмір — өлгенмен тең, ал білімді адамға жан жетпейді. Ақын оқуға ден қоюды, бос жүрмеуді, ойынға тым берілмеуді ескертеді: ойын қуған балаларға жолама, олардың соңынан ерме; кідірме, аяңдама; алға ұмтыл, биікке қолың серме.

Ой түю

«Қарағым» — жас ұрпақты жігерлендіріп, мақсатқа жетудің негізгі жолы еңбекте және оқуда екенін танытатын өлең. Ақынның үндеуі анық: уақытты босқа өткізбей, білімге ұмтылу — адамды биіктететін ең сенімді қадам.