Оқушыларға баскетбол ойынының элементтерін үйрету
Сабақ туралы мәлімет
Сабақ тақырыбы
Баскетбол. Баскетбол ойынының жалпы ережелері.
Сабақтың өтетін орны
Мектеп спорт залы.
Көрнекіліктер
- Баскетбол добы
- Ысқырғыш
- Шығыршық
- Кедергілер
- Суреттер
Сабақтың мақсаты
I. Үйрету
Оқушыларға баскетбол ойынының негізгі элементтерін меңгерту.
II. Дамыту
Ойын арқылы ептілік, икемділік, күш және басқа да физикалық қасиеттерді дамыту.
III. Тәрбиелеу
Ұжымшылдыққа, достыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың құрылымы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Жалпы тәртіп- Оқушыларды сапқа тұрғызу.
- Спорт секторынан мәлімдеме қабылдау.
- Сәлемдесу.
- Журнал бойынша қатысушыларды тексеру.
- Бірқалыпты жеңіл жүгіру.
- Бой жазу жаттығулары.
- Үй тапсырмасын тексеру.
- Акробатикалық жаттығулар.
Дайындық бөлімі
Жалпы дамыту-
1) Бастапқы қалып: аяқ иық көлемінде, қол белде.
Басты оңға екі рет, солға екі рет айналдыру.
-
2) Бастапқы қалып: аяқ иық көлемінде, қолды иыққа қою.
1–2: иықты алға айналдыру. 3–4: артқа айналдыру.
-
3) Бастапқы қалып: аяқ иық көлемінде, оң қол жоғарыда, сол қол төменде.
1–2: алға сермеу. 3–4: артқа сермеу, қолды алмастырып орындау.
-
4) Бастапқы қалып: аяқ иық көлемінде, оң қол жоғарыда, сол қол белде.
1–2: солға иілу (қайталап орындау).
-
5) Бастапқы қалып: қол белде.
Секірудің әртүрлі тәсілдерін орындау.
II. Негізгі бөлім
Жаңа тақырыпТақырып: Баскетбол. Баскетбол ойынының жалпы ережелері
- Баскетбол ойынының негізгі ережелерін түсіндіру.
- Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
- Ойын элементтерін үйрету.
Ойын элементтері (жаттығулар)
Бір орында тұрып, допты оң және сол қолмен жерге соғып, ыршытып жаттығу.
Допты бір қолмен жетелеп жүріп, жерге соғып ыршыту.
Екі оқушы қарама-қарсы тұрып, допты екі қолмен кезек жерге соғып ыршытып, тоқтамай бір-біріне кеуде тұсынан лақтырып жаттығу.
Эстафеталық ойындар
Оқушыларды екі топқа бөліп, баскетбол элементтері бар эстафеталық ойын ойнату:
- Кедергілердің арасымен допты соғып алып өту.
- Допты жоғарыдан беру.
- Допты төменнен беру.
- Жерге қатар қойылған 5–6 шығыршықтың ішіне соғып келе жатқан допты дәл түсіріп ыршыту.
- Алаңның ортасынан қалқанға қарай допты ыршытып келіп, жақындағанда тоқтап, допты шығыршыққа екі қолмен лақтырып түсіруге тырысу.
III. Қорытынды бөлім
Сабақты аяқтау
- Сыныпты сапқа тұрғызу.
- Бағалау.
- Мадақтау.
Үй тапсырмасы
Баскетбол добымен жаттығулар орындау.
Ескерту:
Жаттығуларды қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып орындау.