Дербес компьютердің техникалық құрылғыларын басқаратын арнайы программа
Информатика • 9-сынып
Сабақ жоспары
Тақырып: Графика. Геометриялық объектілерді құру процедуралары
Мақсаты
Оқушыларға Pascal тілінің графикалық мүмкіндіктерін қолдана отырып, геометриялық фигураларды салуды үйрету және практикалық жұмыс арқылы бағдарлама құру дағдысын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар модификатор ұғымын, оның түрлері мен қызметін біледі.
Ресурстар
- Компьютер
- Презентация
- Карточкалар, кеспе қағаздар
Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, назарын сабаққа аудару.
Топқа бөлу
Оқушылар «Шаршы», «Шеңбер», «Үшбұрыш» топтарына бөлінеді. Үлестірме қағаздарда фигуралардың суреттері беріледі: төртбұрыш, түзу, шеңбер, доға, эллипс, нүкте.
«Шаршы» тобы
Төртбұрыш, түзу таңдаған оқушылар
«Шеңбер» тобы
Шеңбер, доға таңдаған оқушылар
«Үшбұрыш» тобы
Эллипс, нүкте таңдаған оқушылар
Үй жұмысын қайталау (10 минут)
а) «Лото» ойыны (тапсырмалар)
-
1) Алгоритм дегеніміз не?
Алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып, қажетті нәтижеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттерді орындау ережесі.
-
2) Дербес компьютердің техникалық құрылғыларын басқаратын арнайы бағдарлама?
Драйверлер.
-
3) Бейнемонитор (дисплей) дегеніміз не?
Мәтін және графикалық бейнелерді шығаратын құрылғы.
-
4) Экранды басқару блогы (дисплей адаптері, адаптер) қалай аталады?
Бейнеадаптер.
-
5) Var операторының қызметі қандай?
Айнымалыларды сипаттау.
-
6) Пиксель дегеніміз не?
Экрандағы басқарылатын ең кіші элемент.
-
7) Readln операторының қызметі қандай?
Берілгендерді енгізу.
-
8) Writeln операторының қызметі қандай?
Нәтижені шығару.
ә) «Ойлан — тап»
Блез Паскаль (1623–1663) — математика, физика және информатика салаларында көптеген жаңалық ашқан француз ғалымы.
Никлаус Вирт — Pascal бағдарламалау тілін 1968–1971 жылдары оқып-үйренуге қолайлы тіл ретінде ұсынған швейцариялық ғалым.
«Алгоритм» атауы араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми есімінің латынша Algorithmi түрінде жазылуынан шыққан.
б) «Ішіне — сыртына»
Төмендегі сөздерді тақырыпқа сәйкестігіне қарай «ішіне» және «сыртына» бөліп орналастырыңыз: