Жай сөйлемнің түрлеріне мысалдар жазу

Сабақтың тақырыбы

Грамматикалық тақырып
Жай сөйлемдер
Лексикалық тақырып
Жыл мезгілдері
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, кестемен жұмыс

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға жан-жақты білім беру. Жай сөйлемнің жасалу жолдарын үйрету, сөйлем құрау дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық

«Жыл мезгілдері» тақырыбы бойынша сөйлесу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Жыл мезгілдерінің қадір-қасиетін, пайдасын және ерекшелігін түсіндіріп, табиғатты қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың жоспары

  1. 1 Ұйымдастыру кезеңі
  2. 2 Үй тапсырмасын сұрау
  3. 3 Жаңа сабақ: лексикалық тақырыпты талқылау және грамматикалық тақырыпты меңгеру

Грамматикалық бөлім: Жай сөйлем түрлері

Жай сөйлемдер айтылу мақсатына және дауыс ырғағына қарай хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем болып бөлінеді.

Хабарлы сөйлем

Соңына нүкте қойылады: .

Мысал: Күн жылынды.

Сұраулы сөйлем

Соңына сұрау белгісі қойылады: ?

Мысал: Қайдан келесіңдер?

Лепті сөйлем

Соңына леп белгісі қойылады: !

Мысал: Қандай тамаша!

Сөздікпен жұмыс

Сөздердің мағынасын түсіндіріп, сөз тіркесі мен сөйлем құрастыру.

Қазақша Орысша
Күн солнце
Жаңбыр дождь
Қар жауады снег пойдёт
Жел ветер
Бұлт облако, туча
Күн бұлтты пасмурно

1-тапсырма: Топтық жұмыс

І топ

  • Балалар ойнады.
  • Күн шықты.

ІІ топ

  • Жаңбыр жауады ма?
  • Күн жылынды ма?

ІІІ топ

  • Күн қандай тамаша!
  • Желден сақтан!

2-тапсырма: Кестемен жұмыс

Суреттерге қарап, өздерің ұнататын жыл мезгіліне арнап шағын әңгіме құрастырыңдар. Кейін өз әңгімелеріңнен сұраулы және лепті сөйлемдер жасаңдар.

Үлгі мәтін (Қыс)

Қыс келді. Күн суыта бастады. Қыста қар жауып, айнала аппақ болады. Балалар аққала жасайды. Мұз айдынын жасап, сырғанап ойнайды.

Хабарлы: Қыс келді.

Сұраулы: Қыс келді ме?

Лепті: Алақай, қыс келді!

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, сабаққа қайта назар аудару.

3-тапсырма: Сөздерді жыл мезгілдеріне бөліп жазу

Төмендегі сөздерді әр жыл мезгіліне қатысты топтастырып жазыңдар:

Жайлау Жаңбыр Жаз Маусым Қыс Сырғанақ Шана Гүл Мұз Жапырақ Бәйшешек Наурыз Бұлт Аққала Шөп Өзен Егін Кемпірқосақ

4-тапсырма: Сәйкестікті тап (10 сұрақ)

Жыл мезгілдері мен сөйлемдерді мағынасына қарай сәйкестендіріңдер.

Жыл мезгілдері

  • Қыс
  • Көктем
  • Жаз
  • Күз
  • Наурыз
  • Маусым
  • Қыркүйек

Сөйлемдер

  • Біз бәйшешек тердік.
  • Күн мен түн теңелді.
  • Олар мұз айдынына барды.
  • Балалар өзенге шомылды.
  • Марат лагерге демалуға барды.
  • Сабақ басталды.
  • Жапырақтар сарғаяды.

Қорытындылау, бағалау, үй тапсырмасы

Сабақты қорытындылау

Жай сөйлем түрлерін қайталау, жыл мезгілдері бойынша ауызша жауаптарды жинақтау.

Бағалау

Тапсырмаларға қатысуы мен сөйлем құрау дағдылары бойынша бағалау.

Үйге тапсырма

  • Жыл мезгілдеріне байланысты өлең жаттау.
  • Жай сөйлемнің түрлеріне мысалдар жазу.