Кіші жүз, орта жүз

Сайыс тақырыбы

«Тәуелсіздіктің тура жолы — білімде». Бұл білім сайысы Қазақстан тарихы пәні бойынша оқушылардың білім деңгейін бақылауға, білімді оқушыларды анықтауға, сондай-ақ тапқыр, ізденімпаз оқушылар қатарын көбейтуге бағытталған.

  • Негізгі мақсат

    Оқушылардың білімін жүйелі бағалау және үздіктерді анықтау.

  • Тәрбиелік бағыт

    Егемен еліміздің мерейтойын кеңінен насихаттау, патриоттық құндылықтарды күшейту.

  • Нәтиже

    Мектептің жан-жақты, білімді оқушыларын айқындау.

  • Қатысушылар

    8-сынып оқушылары.

Жүргізуші сөзі

Адамзат тарихының қай кезеңінде болмасын, ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше мән берген. Қазіргі жаһандану дәуірінде әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылу үшін білімнің маңызы айрықша екені Елбасы Н. Назарбаевтың жолдауларында да атап көрсетілген.

Негізгі ой

Қазақстанның өркениетті ел болуының басты шарты — білім. Білім — патриотизмнің өзегі.

Білімді болу — жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге тоқудың нәтижесі. Бүгінгі сайысымыздың ұраны:

«Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады»

Өлең жолдары

Ойын — толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай танымда жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын — толқын жатқандай асып-тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де, қалма жасып.

«Батылдық балалық шақта шыңдалады» десек, баланы тәрбиелейтін құралдың бірі — ойын екені белгілі. Ендеше, «Тәуелсіздіктің тура жолы — білімде» атты сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.

Сайыс құрылымы

Сайыс бірнеше кезеңнен тұрады. Әр кезең оқушылардың білімін, жылдамдығын және ойлау икемін көрсетуге мүмкіндік береді.

  1. I. Дода

    Жылдам сұрақ-жауап.

  2. II. Тұлғаны таны

    Тарихи тұлғалар мен деректер.

  3. III. Бейне сұрақ

    Мазмұнды талдау.

  4. IV. Сен маған, мен саған

    Қарсы сұрақтар арқылы тексеру.

  5. V. Картамен жұмыс

    Географиялық-тарихи бағдарлау.

  6. VI. Терминдер

    Ұғымдардың анықтамасын табу.

I кезең: Дода

Ереже

Бұл ойын жылдамдықты талап етеді. Жауап нақты әрі тез болуы керек. Қай команда бірінші болып қолын көтерсе, сол оқушы бірінші жауап береді.

Бағалау

Әр сұрақ — 10 ұпай

Сұрақтар

  1. КСРО құрамындағы республикалар егемендіктерін бірінен соң бірі жариялай бастаған жыл?
  2. КСРО-ны қайта құру мүмкіндіктері болған жыл?
  3. 1990 жылғы сәуірде Жоғарғы Кеңес ұйғарымымен Қазақ КСР-ында қандай лауазым тағайындалды?
  4. Егемендік жолындағы қоғамдық қозғалыстар мен митингілер қай жылы, қай айда ерекше белсенді болды?
  5. «Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қашан қабылданды?
  6. Компартия қашан таратылды?
  7. Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып қашан сайланды?
  8. КСРО-ны таратып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы шешім қашан қабылданды?
  9. Қазақ КСР-і Қазақстан Республикасы болып қашан атала бастады?
  10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі қашан жарияланды (Тәуелсіздік күні)?
  11. 1992 жылғы 2 наурызда Қазақстан қай ұйымға мүше болып қабылданды?
  12. ТМД құрамына қанша мемлекет кірді?

Жауаптар (тірек сөздер)

1990 жыл 1989 жыл Президент 1990 ж. қазан 1990 ж. 25 қазан 1991 жыл 1991 ж. 1 желтоқсан 1991 ж. 8 желтоқсан 1991 ж. 10 желтоқсан 1991 ж. 16 желтоқсан БҰҰ 12 мемлекет

II кезең: Тұлғаны таны / «Сен маған, мен саған»

Сұрақ–жауап

Сырым Датұлы көтерілісінің нәтижесі қандай болды?
Қазақтарға Жайықтың оң жағына өтуге рұқсат етілді.
Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысы қай жылдары болды?
1773–1775 жж.
Кіші жүз қазақтары 1731 жылы қандай құжатпен Ресей бодандығына қабылданды?
Сенім грамотасы.
Тәуке хан заңдарының жинағы қалай аталды?
«Жеті жарғы».

Жалғасы

1837–1847 жж. ұлт-азаттық көтерілісті кім басқарды?
Кенесары Қасымұлы.
Е. Пугачев көтерілісіне қазақтың қай жүздері қатысты?
Кіші жүз, Орта жүз.
Іле алқабын, Жетісуды зерттеген орыс шығыстанушы-академик кім?
В. А. Радлов.
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қашан басталды?
1723 жыл.

V кезең: Картамен жұмыс

Сұрақтар мен жауаптар

  1. 1718 жылдың көктемінде жоңғарлар Қазақстанның қандай аумақтарын басып алды?

    Жетісу жерінен бастап Арыс, Бөген, Шаян өзендерін бойлай, Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласына дейін.

  2. 1728 жылы Бұланты шайқасы қай жерде болды?

    Ұлытаудағы Бұланты өзенінің бойында.

  3. 1731 жылы Әбілқайыр хан Ресей империясының қол астына өту туралы антты қай жерде қабылдады?

    Ырғыз бен Тобыл өзендерінің аралығында.

  4. Қазақтардың Ресеймен негізгі сауда орындарының бірі

    Майтөбе шатқалы.

VI кезең: Термин сөздер

Тарихи мәтіндер мен құжаттарды дұрыс түсіну үшін негізгі ұғымдардың мәнін нақты білу маңызды.

Құн

Адам өлтіргені үшін төленетін материалдық өтем.

Отар

Тәуелсіздігінен айырылған ел.

Империя

Император басқаратын, отарлық иеліктері бар монархиялық мемлекет.

Оппозиция

Қарама-қарсылық, қарсылық көрсету.

Жасақ

Мемлекет пайдасына алынатын салық.

Стелла

Ескерткіш, құлпытас.

Манифест

Патшаның қол астындағы халыққа арналған үндеуі.

Расправа

Кіші жүзде ру ақсақалдары кіруге тиісті болған әкімшілік орган.