Шыр айналды шаңырақ, Сықырлады сырғауыл
Қасым Аманжоловтың өлеңі
ДАУЫЛ
Ышқына соққан дауылға
Құмартушы ем жасымда
Нөсерлеп құйған жауында
Қызығушы ем жасынға.
Жүгіруші ем жарысып.
Сарыарқаның желімен,
Ойнаушы еді алысып,
Соққан дауыл менімен...
Дауыл! Дауыл! дегенге,
Шықтық үйден дүркіреп.
Аспан тұрды төбемде,
Аласұрып, күркіреп.
Дүние сол кез дүрілдеп,
Келе жатты бір дауыл.
Түндіктері желпілдеп,
Күтіп тұрды жарлы ауыл.
Шыр айналды шаңырақ,
Сықырлады сырғауыл.
Бұрқырады бар аймақ,
Соқты ышқына көк дауыл.
Көшті дауыл керуені,
Ілестім де мен кеттім,
Көк дауылдай кеуделі
Жігіт болдым, ержеттім.
Мен дауылдың ұлымын,
Тұра алмаймын дауылсыз.
Қарсы алуға дайынмын,
Соқса да дауыл дамылсыз.
Қасым Аманжоловтың өлеңдерін қарау
Диалектологиялық іс-тәжірибе есебі
Еліктеуіш сөздер
Киіз үй – жарты ғаламның моделі
Еліктеуіш
Лексикография туралы жалпы түсінік
Қара шаңырақ, отбасы – адам баласының алтын діңгегі
Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі. Қ.Жұмаділовтің "Дарабоз" романына, Шерхан Мұртазаның "Ай мен Айша" роман-диологиясына, А.Кемелбайдың "Қоңыр қаз" шығармасына әдеби талдау
Қасиетті қара шаңырақ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ МЕН СӨЙЛЕУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Қазақ радиосындағы «Ұлағат» және «Парыз» бағдарламаларын талда
Қажетті қимыл- қозғалыстың жетіспеушілігі организмді белгілі өзгерістерге ұшыратады
Табиғат анаға жанашырлық танытайық.
Тәрбиешім жылы шырайлы, мейірімді жан
ТАМЫР ІШІНДЕГІ ШАШЫРАНДЫ ҚАН ҰЮ СИНДРОМЫ (ТШҚҢ - СИНДРОМЫ) НЕМЕСЕ ТРОМБОГЕМОРРАГИЯЛЫҚ СИНДРОМ
Рахит Күн сәулесі тимей, күн нұрының қуатты қызуын сезінбеген баланың аяғы қисайып, сүйектері басқадай деформацияға ұшырауы (рахит) мүмкін
Құрметті шаңырақ көтеруші Жас жұбайлар
Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып тумағаны жақсы
Әрбір шаңыраққа қыдыр дарып бақ қонсын
Бір көк кептер ұяға екі балапан салыпты, бұл екі балапан қанат, құйрығы жетіліп, ұшар мезгілі келгенде, біреуі - біреуіне айтыпты: - Әй, шырақ, енді біздің қанат, құйрығымыз жетілді, ұшып дүниені кезіп, сауық қылып келелік, - дейді
Арандым деп әншілері шырқайтын