Еске түсіру стратегиясы
Қорытынды сабақ • Аралас сабақ
«Өмірдің сәнін келтіретін екі-ақ нәрсе бар: бірі — математикамен шұғылдану, екіншісі — одан сабақ беру». (С. Д. Пуассон)
Сабақтар тізімі
- Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
- Координаталық жазықтық
- Тригонометриялық тепе-теңдіктер
Сабақ тақырыбы: Координаталық жазықтық
Мақсаты (білімдік)
- Түзулердің өзара орналасуын түсіндіру және оларды сала білуге үйрету.
- Координаталық жазықтықта берілген нүктелерді салу және нүктелердің координаталарын табу дағдысын қалыптастыру.
Мақсаты (дамытушылық)
- Ойлау қабілетін дамыту.
- Тапқырлық пен ізденімпаздыққа ынталандыру.
Мақсаты (тәрбиелік)
- Дәлдікке баулу.
- Ептілік пен еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Түрлі стратегиялар: еске түсіру, ой шақыру, миға шабуыл, ой толғаныс тест.
Көрнекіліктер
- Буклеттер, карточкалар
- Р. Декарттың портреті
- Суретті плакат
- Интерактивті тақта, компьютер
- Бағалау жетондары
Сабақтың барысы
Негізгі кезеңдер
- Ұйымдастыру бөлімі
- Еске түсіру стратегиясы
- Ой шақыру стратегиясы
- Миға шабуыл стратегиясы
- Ой толғаныс тест
- Бағалау және үй тапсырмасы
Топқа бөлу
Тақырыпты бекіту үшін сынып координаталық жазықтықтың осьтеріне сәйкес екі топқа бөлінеді:
- І топ: Абсцисса
- ІІ топ: Ордината
- Координата басы: топ басшысы
Еске түсіру стратегиясы
Мұғалім тұжырымдарды оқиды. Дұрыс болса — қолды көлденең созу, қате болса — тік көтеру ұсынылады.
1) Өзара қиылыспайтын түзулер перпендикуляр деп аталады.
2) Түзудің берілген нүктесінен бір ғана перпендикуляр жүргізуге болады.
3) A(3; 0) нүктесі OY осінде жатыр.
4) Вертикаль бұрыштар өзара тең.
5) Рене Декарт — француз математигі және философы.
Рене Декарт туралы қысқаша ой
Рене Декарт — француз философы, физигі және математигі. Ол аналитикалық геометрияның негізін қалап, қазіргі математикада кең қолданылатын көптеген алгебралық белгілерді енгізді. Бүгінде кең тараған Декарт координаталар әдісі осы еңбектердің нәтижесі.
Ой шақыру: «Қарияның хаты»
«Менің саған қалдырған қазынам бір жерде жасырылған. Оны тапқың келсе: үйден жоғары қарай қораға дейін 3 қадам жүр, одан кейін оңға қарай 4 қадам бас. Немесе үйден оңға қарай құдыққа 4 қадам жүріп, кейін жоғары қарай 3 қадам барсаң — бір нүктеде түйісесің. Қазына дәл сол жерде».
Бұл тапсырма оқушыларды орын ауыстырудың бағыты мен қадам санын координаталық ойлаумен байланыстыруға жетелейді.
Миға шабуыл: «Суретшілер жарысы»
Оқушылар координаталары берілген нүктелерді тауып, жазықтықта белгілейді. Нүктелерді ретімен қосқанда сурет пайда болады.
І топ: «Абсцисса»
- A(-6; 1)
- Б(-6; 5)
- С(-8; 5)
- Ц(-8; 6)
- И(-3; 6)
- С(-3; 5)
- С(-5; 5)
- A(-5; 1)
ІІ топ: «Ордината»
- О(4; 2)
- Р(1; 2)
- Д(3; 4)
- И(2; 4)
- Н(4; 6)
- А(6; 4)
- Т(5; 4)
- А(7; 2)
Нәтиже және әңгіме
Сұрақ: Қандай сурет шықты?
Жауап: Шырша, «Т» әрпі.
Сұрақ: Қандай жыл келді?
Жауап: Тышқан жылы.
Тілегіміз: мол табыс, биік адамгершілік, жарқын болашаққа бастайтын білім.
Ойын: «Нысана көздеу»
Кім координаталық жазықтықтағы аңдардың координаталарын дұрыс анықтаса, сол оқушы «нысананы дәл көздеген» болып есептеледі:
- 1. Аққу
- 2. Қасқыр
- 3. Қоян
- 4. Түлкі
Тәрбиелік түйін
«Балалар, аққуды атуға бола ма?» деген сұрақ арқылы табиғатты аялау ойы бекітіледі: аққу — киелі құс, сондықтан оны атпайды.
Деңгейлік тапсырмалар
A тобы
Төбелері берілген тік төртбұрышты сал.
І топ
- A(-2; 2)
- B(-5; 2)
- C(-5; 4)
- D(-2; 4)
ІІ топ
- A(-3; 2)
- B(-6; 2)
- C(-5; 4)
- D(-3; 5)
B тобы
OY және OX осьтеріне қатысты симметриялы фигура сал.
C тобы
Шыққан фигураның периметрін және ауданын тап.
Қорытынды
Осы сабақта координаталық жазықтық бойынша алған біліміміз жинақталып, тапсырмалар арқылы бекітілді: нүктелерді координаталарымен салу, координаталарды анықтау, симметрия құру, периметр мен ауданды табу сияқты дағдылар қайталанды.