Сөз бастайын термелеп өлеңмен
Кіріспе сөз
Қайырлы күн, қадірлі көрермен! Сөз бастайын өлеңмен өрнектеп:
Тәрбиелі, білімді боп әрқашан,
Өс-өркенде қанат жайып кемелден.
Бүгін еліміз тарихындағы екі бірдей елеулі оқиғаны еске аламыз: біріншісі — Тәуелсіздіктің 20 жылдығы, екіншісі — сол Тәуелсіздіктің бастауы болған Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығы.
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Туымызды бізге ешкім бермеді.
Ел тізгінін қолына алу жолында,
Қыршын кетті талай қазақ ерлері.
Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі! Егемен еліміздің ғұмыры ұзақ, тұғыры биік болсын.
Қайырлы кеш, қадірлі көрермендер! «Ойнайық та, ойлайық» ойын-сауық кешіне қош келдіңіздер!
Физика — ой мен қиялдың ғылымы
Табиғаттың сырын ұққан кемеңгерлер, физик-ғалымдар мен астрономдар қиялмен көкке самғап, адамзатқа өлшеусіз мұра қалдырды.
Ой санамда болса да балалығым,
Ғылым сырын білемін даналығын.
Физика заңдылығын меңгертіп,
Зерделімін, білімдімін, саналымын.
Ал енді, бүгінгі кешіміздің ойын шартымен танысайық: әр турда физикалық ұғымдар, құбылыстар мен атаулар бойынша сұрақтарға жауап беріледі.
Ойынға үндеу
Шамаларды білеміз бе, тұрақты? Түсіндіріңдер физикалық сұрақты!
Формула — фантастика секілді: қызықтары қаншама!
Заңдылыққа сеніңдер, салыстырып көріңдер;
Сұрақтарға ұлағатпен қарап, ойларыңды ептілікке ораңдар.
I тур
1-ші үштікпен ойын
Қатысушылар
-
№23 топ
Жамшид Азиз
-
№24 топ
Қалых Нұрталап
-
№23 топ
Орақбай Серікбол
Сұрақ
Қатты денелердің кебуі сұйықтардың булануына ұқсас. Қатты денелердің кебуін қалай атаймыз?
I турды аяқтай келе:
Ғалымды құрметтейік, ғылымды алға жылжытқан.
Инерция құбылысын, айтшы достар, кім ашқан?
II тур
2-ші үштікпен ойын
Қатысушылар
-
№13 топ
Емберген Жансая
-
№11 топ
Мейірхан Батыржан
-
№23 топ
Жеткерген Тұрар
Сұрақ
Бұл ғалым 1852–1908 жылдары өмір сүрген француз физигі. 1896 жылы уран элементі радиоактивті сәулелерді өздігінен шығаратынын байқады. Бұл қай ғалым?
II турды аяқтай келе: «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп».
Көрермендерге арналған ойын
Бұл бөлімде ұлттық ойын мен жұмбақтар арқылы физикалық құбылыстарды қысқа әрі нақты түсіндіреміз.
1) «Алтыбақан» ойыны
Екі оқушы қолдарын айқастырып ұстайды, үшінші оқушы олардың қолына отырады. Оқушылар арлы-берлі тербейді.
Тербеліс, амплитуда, жиілік, период, ауырлық күші, тартылыс күші.
2) Жұмбақтар және физикалық түсіндірме
«Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді.»
«Алтын теңге кетеді, күміс теңге келеді.»
Ереже: жауапты тапқаннан кейін, сол ұғымға қатысты физикалық мағынаны 1–2 сөзбен қысқа түсіндіру керек.
III тур
3-ші үштікпен ойын
Қатысушылар
-
№23 топ
Елеусіз Алтынбек
-
№24 топ
Әшірбек Серікбол
-
№25 топ
Байтұрсынова Қымбат
Сұрақ
Ең аз массаның және ең кіші зарядтың материалдық тасымалдаушысын ата.
III турды аяқтай келе:
Ойынымыз жалғасады тағат қылсақ,
Шығамыз биік болар білім қусақ.
Өмір деген өнермен үйлеспей ме —
Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ.
Музыкалық үзіліс
Мықты болсаң — алдағыны басып оз.
Мықты болсаң — арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң — бөгеттерді бұзып өт.
Жеңімпаздар ойыны
Үш турдың жүлдегерлері
Қатысушылар
-
№23 топ
Жамшид Азиз
-
№13 топ
Емберген Жансая
-
№25 топ
Байтұрсынова Қымбат
Сұрақ
Аяқ киіміңіз су болды. Оны қалай тез кептіресіз? Бұл физиканың қай құбылысына мысал?
Жеңімпаздар ойыны аяқталған соң, бас жүлдегер анықталып, келесі кезең — Супер ойын басталады.
Супер ойын
Ереже
- Ойыншы барабанды бір рет айналдырады.
- Жауап бермес бұрын 3 әріпке дейін айтуға болады.
- Ойлануға 1 минут уақыт беріледі.
- Дұрыс жауап берсе, қоржынындағы жинаған балына сай ұтыс алады; қате болса — ұтыссыз қалады.
Сұрақ
Энергияның сақталу және айналу заңын тәжірибе жүзінде дәлелдеген, газ молекулаларының қозғалыс жылдамдығын есептеп, оның температураға тәуелділігін айтқан, электр тоғының жылулық әсерін анықтаған ағылшын ғалымы кім?
Үш бірдей физикалық шаманың өлшем бірлігі сол ғалымның құрметіне берілген.
Қорытынды
Бүгінде физика өмірдің барлық саласында қажет: құрылыста, техникада, өндірісте. Бұл ғылымның сырын үйреніп, білімді зерделікпен толықтырайық.
Бүгінгі ойын-сауық кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегін лицей директоры Б. Ахметов мырзаға береміз.
Кешімізге қатысқандарыңыз үшін көп рақмет. Амандықта әрқашан жүздескенше. Сау болыңыздар!