Өлең деген тумайды жайшылықта, Өлең деген тулайды қайшылықта

Павлодар облысы, Качир ауданы, Федоровка ауылы

Федоровка орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Бегимбаева Гулайым Жумахановна

Шығармашылық кеш

«Өлең, мен сені аялап өтем…»

Фариза Оңғарсынова

О чем я думаю, о чем мечтаю и люблю,
Пускай ложится на листок стихами…

Кештің ашылуы: жырға құрмет, ұстазға тағзым

Құттықтау сөзі

Армысыздар, құрметті де ардақты ұстаздар! Қайырлы күн, қадірменді қонақтар, жыр сүйер қауым! Қазақ елі ешқашан от ауызды, орақ тілді ақиық ақындар мен жайсаң жазушыларға кенде болған емес. Киелі өлкеде бүгін тағы бір рухани мереке.

Поэзия әлемінде өзіндік үні, сыры, бояуы бар нәзік те сырлы жырларымен оқырманын елең еткізіп жүрген дарынды ұстаздарымыз арамызда. Мұқағали Мақатаев:

Өлең деген тумайды жайшылықта,
Өлең деген тулайды қайшылықта.
Ақын болсаң, жарқыным, алысқа аттан,
Күнделікті тірлікке бой суытпа.

Бар өмірін бала тәрбиесіне арнаған, жүрекжарды өлеңдерімен мектебіміздің мерейін үстем етіп жүрген ұстаздарымыздың шығармашылық кешіне қош келдіңіздер!

Динара

Тіршіліктің тылсымын ашу үшін жаралған,
Ұстаз қымбат, ұстаз биік — қадірлейтін бар адам.
Ұстаз берген өнегемен өлшенеді дүние,
Ұстаз берген өнегемен қаланады бар арман.

Равиза

Әл-Фараби, Абайлар да осы ұстаздан нәр алған,
Ұстаз қымбат бұл өмірде — ол ерекше жаралған.
Абыройы асар биік, төбесіне күн тиген,
Өлеңменен кім бар екен ұстаз орнын таба алған?

Гулзия

Учитель! Бесценно звучит это имя
В сердцах человечества много веков.
Учитель! Перед именем твоим
Позволь смиренно преклонить колена.

Кештің идеясы

Ұстаздық пен қасиетті қаламды қатар ұстап, туған жерге сүйіспеншілігін, халқына құрметін поэзия тілімен жеткізіп жүрген ақын ұстаздарымызды ұлықтау мақсатында жиналдық. Фариза Оңғарсынова апамыздың сөзімен айтқанда, «Өлең, мен сені аялап өтем…» атты кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

Ведущий

Добрый день, уважаемые учителя и приглашенные гости! Талантливые и мудрые, молодые и творческие! Приглашаем вас на творческий вечер учителей Федоровской средней школы:

О чем я думаю, о чем мечтаю и люблю,
Пускай ложится на листок стихами…

Мы рады приветствовать вас в этом зале, где царят уважение и ощущение чего-то волшебного и необыкновенного.

Құрметті қонақтар мен кеш кейіпкерлері

Олай болса, мектебіміздің ең қадірменді әрі сыйлы мұғалімдері — Карасева Нина Антоновна, Байжунусова Ардақ Жасуланова, Алтынгужинова Гулмира Бекешқызы және Жекебай Махсатхан — қошеметпен ортаға шақырылады. Төрімізден орын алыңыздар.

Кештің форматы

Шығармашылық таныстырылым, өлең оқу, авторлық ой-толғаныс.

Негізгі өзек

Ұстаздық рух, туған жер, адамгершілік, өмірге сүйіспеншілік.

Поэзия туралы ой

Увлечение поэзией и умение рассказать в стихах о самом главном дано не каждому. «Это священное ремесло существует тысячи лет…» — писала Анна Ахматова. «Что страсть — старо. Вот страсть! — Перо!» — вторила ей Марина Цветаева.

Булат Окуджава да жазарман табиғатын дәл сипаттаған:

Каждый пишет, как он слышит; как он слышит, так и пишет,
не стараясь угодить — так природа захотела…

Бүгін сіздер мектеп ұстаздарының жүректен шыққан жырларын тыңдайсыздар — өлеңге ғашық, сөзге жауапты, поэзияны қадірлей білетін жандардың туындыларын.

Өмірлік ұстаным: «О чем я думаю, о чем мечтаю и люблю, пускай ложится на листок стихами…»

Ұстаз — ұлағатты есім

Ұстаз — шәкіртін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беретін, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, адамгершілік рухта бағыт-бағдар көрсететін қасиетті тұлға. Шәкіртке білім берудегі ұстаз еңбегі — ұшан-теңіз. Сондықтан ұстаз әрдайым айрықша құрметке лайық.