Гүл теру деңгейлік тапсырмалар

Сайыс сабақ Ойын форматында Математика

Қайырлы күн, қадірменді көрермендер! Сіздер «Жас зияткерлер» сайысына қош келдіңіздер. Бүгінгі жарыс білімді тереңдетіп, логикалық ойлауды шыңдауға және тапқырлықты дамытуға бағытталған.

Сабақтың тақырыбы

«Жас зияткерлер» сайысы

Пәнаралық байланыс

  • Орыс тілі
  • Әдебиет
  • Тарих

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Безендірілген зал, нақыл сөздер
  • Карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер
  • Дайындалған үстел

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Сайыс арқылы оқушылардың білімін шыңдау, математикалық білім аясын кеңейту және оны ұштау.

Дамытушылық

Оқушыны алғырлыққа, табандылыққа, ойшылдыққа, мақсатқа жетуге және өзін-өзі тәрбиелеуге баулу.

Тәрбиелік

Адамгершілік қасиеттерін, логикалық ойлауын және өмірге дұрыс көзқарасын дамытуға ықпал ету.

Сайыс құрылымы

Төменде сайыстың кезеңдері берілген. Әр кезең оқушылардың есептеу шапшаңдығын, логикасын, тілдік қорын және шығармашылығын қатар дамытады.

  1. 1 Қатысушылардың өзін-өзі таныстыруы
  2. 2 «Жасырын сөз» — логикалық тапсырмалар
  3. 3 «Пердені ашу» — есептер арқылы дұрыс жауапты тексеру
  4. 4 «Гүл теру» — деңгейлік тапсырмалар
  5. 5 «Сандар сыры» — ауызша сұрақтар және «тағдыр саны»
  6. 6 «Кім жылдам?» — тізбекті есептеу
  7. 7 «Сергіту сәті» — көңілді санау
  8. 8 Релелі сынақ — ауызша есептеу
  9. 9 «Менің ойым» — есеп құрастыру және шығару
  10. 10 «Кім тапқыр?» — математикаға қатысты нақыл сөзді табу

Тілек

Ғылымның сырын ұғына отырып, білім шыңына шығыңдар. Ұқыптылық пен зеректік сіздерді жеңіс биігіне жетелейді.

Кезеңдер мазмұны

1) «Жасырын сөз» — логикалық тапсырмалар

Әр жауап: 1 ұпай

Берілген тест тапсырмаларын шешу арқылы шыққан әріптерден дұрыс сөз құрастырылады.

1. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала кездесті. Мектепке неше бала барды?

Жауабы: 5

2. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?

Жауабы: 4

3. Бала 600 г тосапты 6 минутта жейді. Ал Карлсон одан 2 есе жылдам жейді. Екеуі бірге неше минутта жейді?

Жауабы: 2

4. Бағбанда 24 ақ, 42 қызыл, 36 сары раушан қалды. Ол барлық гүлді пайдаланып, ең көбі қанша бірдей гүл шоғын жасай алады?

Жауабы: 6

5. 6 кенгуру 6 дорба шөпті 6 минутта жеп бітірді. 100 дорба шөпті 100 минутта қанша кенгуру жеп бітіреді?

Жауабы: 100

6. 13 санының квадраты неге тең?

Жауабы: 169

Жасырылған сөз

Астана

Оқушылардан Астана қаласы туралы ой-пікірлерін қысқаша айту сұралады.

2) «Пердені ашу» — білгірлер сайысы

Дұрыс жауап: 2 ұпай

Әр ойыншы өз нөміріне сәйкес есепті шығарады. Жауап дұрыс болса, «перде» ашу арқылы тексеріледі.

3) «Гүл теру» — деңгейлік тапсырмалар

1–3 ұпай

Тапсырманы жылдам әрі дұрыс орындаған оқушы деңгейіне қарай 1, 2 немесе 3 ұпай алады.

A тобы

Сыныпта 35 оқушы бар. Қыздар ұлдардан 3-ке артық. Сыныпта неше ұл, неше қыз бар?

B тобы

Есептеңіз: 7500×8001 + 8001×3500

C тобы

Отбасында анасы, әкесі және 4 баласы бар. Балалардың орташа бойы 120 см, ата-анасының орташа бойы 174 см. Отбасының орташа бойы неше см?

4) «Сандар сыры» — ауызша сұрақтар

Дұрыс жауап: 1 ұпай

Әр ойыншы цифр таңдап, ауызша сұраққа жауап береді. Кейін «тағдыр саны» анықталып, қысқаша психологиялық қорытынды тыңдалады.

1. «Құлаш» сөзі нені білдіреді?

2. «Сүйем» ұғымы нені білдіреді?

3. «Білем» ұғымы нені білдіреді?

4. «Шымшым» ұғымы нені білдіреді?

5. «Сынық сүйем» ұғымы нені білдіреді?

6. «Адым» ұғымы нені білдіреді?

7. «Шөкім» ұғымы нені білдіреді?

8. «Аттам» ұғымы нені білдіреді?

Психологиялық қорытынды: «Тағдыр саны»

  1. 1. Арман-мақсатқа тек еңбектеніп, тер төгу арқылы жетесіз. Табандылық сізді көшбасшылыққа жеткізуі мүмкін.
  2. 2. Болашаққа сеніміңіз бен табиғи әдептілігіңіз айналаңызға жақсы адамдарды жинайды.
  3. 3. Ешкімге жамандық ойламайсыз. Оқу мен жұмысқа алаңсыз кірісіп, тиянақты әрекет етесіз.
  4. 4. Табыс еңбек пен оқуда өз маңдай теріңізбен келеді.
  5. 5. Қандай іс болса да белсенді кірісесіз. Өмірді қозғалыс және алға жылжу деп түсінесіз.
  6. 6. Өмір мәнін сұлулық пен әсемдіктен көресіз. Айналаңыздағы адамдарға ерекше сеніммен қарайсыз.
  7. 7. Мақсатқа жету үшін күш-жігеріңізді аямайсыз.
  8. 8. Достарыңыз бен жақындарыңыз сізге әрдайым сеніммен қарайды.

5) «Кім жылдам?» — тізбекті шешу

Дұрыс жауап: 1 ұпай

Есептеулерді жүргізіп, соңғы нәтижені табыңыз:

27×45 + 3785 − 4364 : 6

Полиглот (көрермендермен ойын)

Қатысушылар тізбекті шешіп жатқанда, көрермендермен қысқа «Полиглот» ойыны өткізіледі.

Доп емес, дөңгелек емес, ұқсас бірақ, достарым. Фигура ол ең негізі — дәл жауапты қостадым.

Жауап: шеңбер — окружность — circle

Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да. Ұзындығы жазулы тұр бойында.

Жауап: сызғыш — линейка — ruler

Алды-артымыз шексіз де, жете алмайсың біздерге. Сәулеменен кесілді, шыққан тегін білсе де.

Жауап: түзу — прямая — line

Көк құтанша ақ айдында, бір аяқпен тұрады. Тұмсығымен ол мұнда шыр айналып шығады.

Жауап: циркуль — циркуль — circle

Нәрселерді санағанда, керек ол бізге ауадай. Айтыңдаршы, бұл қандай сан, жан-жағыңа қарамай?

Жауап: натурал сан — натуральное число — natural number

6) «Сергіту сәті» — көңілді санау

Қимыл-ой сергіту

Берілген сурет бойынша шатаспай санау орындалады (мысалы: 1-ұшақ, 1-аққала, 2-ұшақ және т.б.).

7) Релелі сынақ — ауызша есептеу

Дұрыс жауап: 1 ұпай

Қатысушылар есептерді ауызша тез әрі дұрыс шығарады. Көрермендер интерактивті тақтадағы жауаппен салыстырып, қателерді анықтайды.

№1

  • 9 − 36 = −45
  • −5 × (−21) = 105
  • −14 × (−2) = 28

№2

  • 4 − 12 = −16
  • 40 − (−5) = 45
  • −27 : 9 = −3

№3

  • −32 × 3 = −96
  • −16 − (−8) = −8
  • −42 : (−7) = 6

№4

  • −13 − (−52) = 39
  • −16 × (−8) = 128
  • 426 : 7 = 61

№5

  • −7 − (−17) = 24
  • −88 : 4 = −22
  • −6 × (−3) = 18

№6

  • −5 × 11 = −55
  • −42 + 62 = 20
  • −24 − (−3) = −21

№7

  • 70 + (−32) = 38
  • −32 − (−23) = −9
  • 16 − (−42) = 58

№8

  • 70 − (−32) = 102
  • −11 × (−11) = 121
  • −116 − 42 = −158

8) «Менің ойым» — есеп құрастыру және шығару

Шығармашылық кезең

Берілген мәліметтерді пайдаланып, мәселе есеп құрастырып, оны шешіңіз.

9) «Кім тапқыр?» — нақыл сөзді табу

Қорытынды кезең

Берілген кестелер арқылы математикаға қатысты нақыл сөзді анықтаңыз.

Жауап

Математика — ғылымдар патшасы

Көрермендерге арналған сұрақтар

1. Үстелдің төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?

Жауабы: 5

2. Жанұяда 2 ұл бар. Әр ұлдың 2 әпкесі бар. 1 әкесі бар. Әр қыздың 1 анасы бар. Жанұяда барлығы неше адам?

Жауабы: 6 (2 ұл, 2 қыз, 1 әке, 1 ана)

3. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсіндіресің?

Жауабы: Екеуі бірдей (1 сағ 20 мин = 80 мин)

4. 4 қызда неше саусақ бар?

Жауабы: 80

Қорытынды және марапаттау

Әділқазылар алқасы сайыскерлердің жалпы ұпайын есептеп, қорытынды шығарады. Жеңімпаз «Жас зияткер» атағына ие болып, марапатталады. Қалған қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс хат табысталады.

Автор туралы

ШҚО, Зырян ауданы, Зырян қаласы, №9 орта мектебі КММ
Математика пәні мұғалімі — Турсиянова Назым Алмабекқызы