Қайталау - білім анасыСабақтың мақсаты

Сабақ тақырыбы: «Қайталау – білім анасы»

Бұл қайталау сабағы оқушылардың жыл бойы меңгерген білімін жүйелеуге, бекітуге және есептеу дағдыларын шыңдауға бағытталған.

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

Жыл бойына алған білімді пысықтау есептері арқылы жүйелеу, бекіту, дағдыларды нығайту.

2) Дамытушылық

Ойлау мен есте сақтауды дамыту; ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру; логикалық ойлауды жетілдіру.

3) Тәрбиелік

Мақсатқа ұмтылуға, тиянақтылыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастыру және ресурстар

Сабақ түрі

Қайталау сабағы.

Әдістері

  • Талдау
  • Тестік жұмыс
  • Деңгейлік тапсырмалар

Көрнекіліктер

  • Геометриялық фигуралар
  • Интерактивті тақта
  • Сөзжұмбақ және тірек сөздер

Психологиялық дайындық: оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап, бір-біріне сәттілік тілейді.

Сабақ жоспары

  1. I.Ұйымдастыру
  2. II.Үй тапсырмасын пысықтау (тест)
  3. III.Қайталау тапсырмалары: ұжымдық есеп, «Кім жылдам?», деңгейлік тапсырмалар, теңдеулер, сөзжұмбақ
  4. IV.Бекіту
  5. V.Бағалау

II. Үй тапсырмасын қайталау: тест

Оқушылар жұмыстарын өздері тексеріп, өзін-өзі бағалайды.

1) Өрнектің мәнін тап

2800 санын 14 пен 5-тің көбейтіндісіне бөл.

а) 30 ә) 40 б) 50

2) Теңдеуді шеш

1600 : (x + 100) = 4

а) 400 ә) 200 б) 300

3) Өлшем бірлігін түрлендір

2 тәулік = ... сағат

а) 22 сағат ә) 48 сағат б) 24 сағат

4) Геометрия

Тіктөртбұрыштың ұзындығы 10 см, ені 8 см. Ауданын тап.

а) 80 см² ә) 70 см² б) 60 см²

III. Қайталау тапсырмалары

1-тапсырма: Ұжымдық жұмыс — есеп шығару

Бір қаладан шыққан жүк машинасы 60 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Одан 3 сағат кейін оған қарама-қарсы бағытта басқа қаладан жеңіл машина 90 км/сағ жылдамдықпен шықты. Екі қаланың арақашықтығы 780 км. Жеңіл машина кездескенге дейін неше сағат жолда болды?

Берілгені

  • Жүк машинасы: 60 км/сағ
  • Жеңіл машина: 90 км/сағ
  • Қашықтық: 780 км
  • Жеңіл машина 3 сағ кейін шықты

Шешуі

  1. 60 × 3 = 180 км
  2. 780 − 180 = 600 км
  3. 60 + 90 = 150 км/сағ
  4. 600 : 150 = 4 сағ

Жауабы: жеңіл машина кездескенге дейін 4 сағат жолда болды.

30 метр арқанның бестен бір бөлігін кесіп алды. Арқаннан неше метр кесілді?

Шарты

  • Арқан ұзындығы: 30 м
  • Кесілген бөлігі: 1/5

Шешуі

30 : 5 = 6 м

Жауабы: 6 метр.

Сергіту сәті: «Кім жылдам?»

Логикалық есеп 1

Бес бұтақты ағашта, әр бұтақта бес алма. Біреуін Омашқа берді. Қалды неше алма?

Жауабы: 24 алма

Логикалық есеп 2

Аулада бес үйрек, қорада үш үйрек. Бір үйрек тығылды, бір үйрек жығылды. Қалғаны неше үйрек?

Жауабы: 6 үйрек

Логикалық есеп 3

Көлден 40 қаз ұшты, қайта қонды 15 қаз. Қонбағаны нешеу?

Жауабы: 25 қаз

3-тапсырма: Деңгейлік тапсырмалар («Біліміңе қарап өзіңді таны»)

1-деңгей

(225 + 30) × 4 − 2100

2-деңгей

2592 : 72 + 12007 = 12043

3-деңгей

980081 + (341640 − 1263 × 109) = 1184054

4-тапсырма: «Кел, ойланайық!» — теңдеулерді шешу

1-деңгей

63 − x = 100 : 5

63 − x = 20

x = 63 − 20

x = 43

2-деңгей

875 : 25 = a + 20

35 = a + 20

a = 35 − 20

a = 15

3-деңгей

67343 − x = 701

x = 67343 − 701

x = 66642

5-тапсырма: «Ойла, шапшаң!» — сөзжұмбақ

Ұлы неміс математигі Карл Фридрих Гаусс «Барлық ғылымдардың атасы...» деп бір пәнді атаған екен. Сол пәнді табу үшін сөзжұмбақ сұрақтарына жауап берейік.

  • Азайтудың нәтижесі қалай аталады?айырма
  • Тоғыз ондықты ата.тоқсан
  • Бір аптада неше күн бар?жеті
  • Аптаның соңғы күні қалай аталады?жексенбі
  • Тіктөртбұрыштың барлық қабырғалары ұзындықтарының қосындысы.периметр
  • Палетка не үшін керек?аудан
  • Көбейтудің нәтижесі қалай аталады?көбейтінді
  • Сұйықтықты немен өлшейді?литр
  • Оқу жылының алғашқы айы қай ай?қыркүйек
  • Барлық қабырғалары тең геометриялық фигура.шаршы

Ерекшеленген әріптерді оқығанда шығатын сөз: математика. Демек, «барлық ғылымның атасы» — математика.

IV. Қорытынды және бекіту

Ғылымның сырына ұғынып,
Білім шыңына шығыңдар.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізсін сендей өренді
Математика сырына.