Жаңа сабақ. Сабақтың міндеті

Сабақтың барысы

Бұл сабақта оқушылар Ұұ дыбысы мен әрпін танып, дұрыс айтып, буынға бөліп оқуға және жазуға дағдыланады. Жұмыс топтық ойындар, қимыл-қозғалыс сергітуі және дәптердегі жаттығулар арқылы ұйымдастырылады.

I. Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу

  • «Қызғалдақ»
  • «Бәйшешек»
  • «Раушангүл»

Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру, жұмыс ережесін еске салу.

Психологиялық дайындық

Сәлем деймін күнге мен,
Сәлем деймін мен саған.
Сәлем деймін апайға,
Қонақтарға мың сәлем.

II. Өткен сабақты пысықтау

Сұрақ: өткен сабақта қай дыбыспен таныстық?
Жауап: Ж ж дыбысымен.

Ойын: «Ең алғыр топ!»

Әр топқа Ж дыбысына байланысты суреттер беріледі. Оқушылар суреттің атауын айтып, буынға бөліп, атауын ұяшықтарға дұрыс әрі ұқыпты орналастырады. Тапсырма толық әрі қатесіз орындалса, нәтижесінде гүлдің бейнесі құрастырылады.

дұрыстық ұқыптылық буынға бөлу

III. Жаңа сабақ: Ұұ дыбысы мен әрпі

Кіріспе әңгіме: «Ұршық»

Оқушыларға «ұршық» заты таныстырылады: ұршықпен жіп иіреді. Жіп малдың жүнінен жасалады, ал жүн малды қырқу арқылы алынады (қырықтық құралымен). Ертеде фабрикалар болмаған кезде жіп жасауға көбіне осы ұршық қолданылған.

«Ұршық» сөзін буынға бөлу: Ұр- шық.

Түсіндіру

Бүгінгі тақырып: Ұұ дыбысы мен әрпі. Электронды оқулықтағы бейнесюжет көрсетіліп, тапсырма орындалады.

Қорытынды сұрақ: Ұ дыбысы қандай дыбыс?
Жауап: дауысты дыбыс.

Ойын: «Ең жылдам топ!»

Әр топ берілген суреттерге қарап, қима әріптер арқылы сурет атауларын құрастырып, төмендегі ұяшықтарға қатесіз әрі ұқыпты орналастырады.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалды сұр қоян.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Қос аяқтап секірді.

Қимыл-қозғалыспен орындау.

Дәптермен жұмыс

  • Алдымен Ұ дыбысын ауада жаздыру.
  • Сауат ашу дәптеріндегі Ұ дыбысына арналған тапсырмаларды орындау.

IV. Қорытынды

Сұрақ-жауап

  • Бүгін қай дыбыспен таныстық?
  • Ол дыбыс қалай айтылады?
  • Ол дыбыс дауысты ма, дауыссыз ба?

Ойын: «Тапқырлар тобы»

Суреттерге байланысты сөздердегі түсіп қалған әріптерді тауып, толықтырып жазу. Оқушылар Ұұ әрпін дұрыс тауып, жазу арқылы білімдерін бекітеді.

V. Үй тапсырмасы

Мұғалім оқу материалына сәйкес Ұұ дыбысы мен әрпін бекітуге арналған тапсырманы береді.

VI. Бағалау

Стикер арқылы бағалау

Әр тапсырма орындалған сайын топтарға стикер беріледі: әр дұрыс жауапқа — 1 стикер.

Қорытынды ұпай

Әр топтың жетекшісі жинаған ұпайды санап шығады. Жеңіске жеткен топ мадақталып, нәтижесі жарияланады.