Көктем неше ағайынды
Сабақ туралы
Сабақ тақырыбы
Көктемгі гүлдер
Педагогикалық технология
Ойын технологиясы
Сөздік жұмыс
Көктемгі гүлдер
Әдіс-тәсілдер
- Әңгімелеу
- Сұрақ-жауап
- Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс
Көрнекіліктер
Мақсаттар
-
1
Көктем мезгілін сипаттау, балаларды табиғаттың әсемдігімен таныстыру, жыл мезгілдері туралы білімдерін бекіту.
-
2
Табиғаттағы ерекшеліктер мен өзгерістерді бақылау арқылы тілдерін дамыту; табиғатты аялауға тәрбиелеу; субояқты дұрыс пайдалануға және алақанмен жұмыс жасауға үйрету.
-
3
Табиғаттағы гүлдерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Күтілетін нәтиже
Білуі керек
Көктем мезгілінің негізгі ерекшеліктерін.
Түсінуі керек
Көктемгі гүлдер туралы қарапайым түсініктерді.
Қолынан келуі
Саусақпен және алақанмен ұқыпты бояу.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Жылы лебіз
Қайырлы таң, достым,
Қайырлы күн болсын.
Сабағымыздың әр сәті,
Сәттілікке толсын!
Балалар, бүгін ерекше күн: бізге қонақтар келіп отыр. Қонақтармен сыпайы амандасайық:
Үлкенге — сіз, кішіге — сіз,
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Енді шаттық шеңберін жасап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық:
- Мейірімді болайық!
- Әрқашан әдемі болайық!
- Аналарымыз аман болсын!
- Күніміз жарық болсын!
Іздену кезеңі (кіріспе әңгіме)
Жақсы, енді орнымызға жайғасайық. Қазір жылдың қай мезгілі? Көктем неше айдан тұрады?
Өте жақсы! Сендер көктемнің ерекшеліктерін жақсы біледі екенсіңдер.
Көктемде далада да, қырда да әдемі көктемгі гүлдер шыға бастайды. Көктемнің алғашқы гүлі — бәйшешек. Одан кейін қызғалдақ, сарғалдақ және ақ гүлдер гүлдейді.
Өлең
Көктемде, көктемде
Күн нұрын төккенде,
Көк шыбық былтырғы
Көктеді, гүлдеді.
Көрсету материалы
Бейнематериалда бәйшешек, сарғалдақ, қызғалдақ және ақ гүлдердің өсіп шығуын бақылау.
Мен көктемде өсіп шығатын гүлдердің суретін салып едім, бірақ бояуым таусылып қалыпты. Сендерде бояу бар ма?
Балалардың жауабы
Иә, бар.
Тәрбиешінің сұрағы
Маған көктемгі гүлдерді салуға көмектесесіңдер ме?
Балалардың жауабы
Иә, көмектесеміз.
Шығармашылық жұмыс: алақанмен бояу
Бүгін сурет салуда қылқаламды емес, алақанды қолданамыз. Ақ қағазға құмыраның суретін салып, оны көктемгі гүлдермен толтырамыз.
Назар аударатын тұстар
- Субояқты ұқыпты қолдану.
- Алақанды қағазға жайлап басу.
- Жұмыс соңында қолды тазалап отыру.
Қадамдар
- 1 Алақанды субояққа батырамыз.
- 2 Ақ қағазға алақанды басып, гүлдің ізін түсіреміз.
- 3 Саусақты ылғалды сүрткішпен сүртіп, жұмысты жалғастырамыз.