Сабақты қорытындылап балаларды бағалау

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы

Таным

Бағдарлама тарауы

Математика

Тақырыбы

Өткен материалды қайталау

Мақсаты

  • 11–20 дейінгі сандарды санау және цифрларды тану.
  • Геометриялық пішіндерді ажырату.
  • Кеңістікте бағдарлау туралы білімдерін бекіту.

Дамытушылық және тәрбиелік міндеттері

  • Сандардың ретін анықтау, бүтін, жарты, ширек ұғымдарын саналы түрде меңгерту.
  • 10 саны көлемінде қосу және азайту амалдарын орындау дағдыларын дамыту.
  • Ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері

Топтастыру, салыстыру, талдау.

Сабақ түрі

Қайталау сабағы.

Көрнекіліктер

  • Сызба қағазы
  • Цифрлар және сандар кестесі
  • Геометриялық фигуралар
  • Сиқырлы тақтайша
  • Смайликтер

Сабақтың барысы

Мотивациялық-қозғаушы кезең

Сұрақ: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін қандай оқу іс-әрекеті болады?» (Балалардың жауаптары тыңдалады.)

Психологиялық дайындық: Бүгін сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Олар сендердің жыл бойы үйренгендеріңді көргісі келеді. Мен сендерді алғыр, ұқыпты, жақсы оқушылар деп айттым. Ендеше, сенімімді ақтайсыңдар деп ойлаймын. Сабақты бастайық.

Қонақтарға сәлемдесу

Балалар қонақтармен амандасады.

Шаттық шеңбері

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Біздің күлкіміз көңілді,

Жеткізсін жылу мен шаттықты.

Бөліскен жақсы ғой өмірде,

Қуаныш, мейірім, бақытты.

Іздену-ұйымдастырушылық кезең

Ситуациялық сәт

Балалар, тыңдаңдаршы: біреу есік қағып тұрған сияқты. Кәне, қарайық.

Математика әлемінің ханшайымы

«Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен — математика әлемінің ханшайымымын. Сендер жыл бойы қарапайым математиканы оқыдыңдар. Не үйренгендеріңді білгім келеді. Сондықтан мына сиқырлы сандықшаның ішіндегі тапсырмаларды әкелдім. Сандықшаны сендерге қалдырамын: тәрбиеші тапсырмаларды орындатып, жауаптарыңды маған жазып жібереді. Ал мен басқа топтарға тапсырма беруге барайын».

Тапсырма 1. «Сиқырлы құм» арқылы пішінді анықтау

Балалар құмның ішіндегі затты көрмей, сипап сезу арқылы анықтайды:

1-қатар

Шаршы

2-қатар

Үшбұрыш

3-қатар

Тікбұрыш

Бір сөзбен қалай атаймыз? Геометриялық пішіндер.

Төртбұрыш (Айбар)

Былғаса да тұмсықты,
Болмады бота қапалы.
Орамал төртбұрышты,
Қалтасында жатады.

Шаршы (Еркежан)

Шаршының төрт бұрышы, төрт қабырғасы бар. Ол теледидарға ұқсайды.

Үшбұрыш (Шырын, Аружан)

Үйректер тапқыр құс еді,
Үшбұрыш болып керегі,
Үшеуі секіргіштерді
Үшбұрыш жасап кереді.

Үшбұрыштың үш бұрышы, үш қабырғасы, үш төбесі бар. Ол үйдің төбесіне ұқсайды.

Тікбұрыш (Сара)

Біздің кітап тікбұрышты,
Оқыттар тышқан, қоян, құсты.
Балақан, сен де қалып қойма,
Кітапты оқы алып қолға.

Тікбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең.

Шығармашылық тапсырма

Енді осы пішіндерден өз қиялымыз бойынша әртүрлі бейнелер құрастырамыз (көлік, балмұздақ, үй және т.б.). Балалар қандай бейне құрастырғанын және қандай пішіндер қолданғанын түсіндіреді.

Тапсырма 2. «Сиқырлы тақтайша» (геоборд)

Тақтайшада 1–5 сандары белгіленген. Түрлі-түсті шегелер мен резеңкелер көмегімен, 1-тапсырмада анықталған пішінді құрастырамыз:

  • 1-қатар — шаршы
  • 2-қатар — үшбұрыш
  • 3-қатар — тікбұрыш

Тапсырма 3. Кеңістікте бағдарлау

Балалардың алдына күн, құс, ағаш және үй суреттері беріледі. Кеңістікте бағдарлау тәртібі бойынша суреттерді орналастырып, өз шешімдерін түсіндіреді.

Тапсырма 4. Санаймыз және атаймыз

1-қатар

1–10 сандарын тура және кері санайды.

2-қатар

11–20 сандарын тура және кері санайды.

3-қатар

1–10 сандарын қазақша, орысша және ағылшынша атайды.

Тапсырма 5. Логикалық сұрақтар

  1. 1) Кемпірқосақта неше түс бар? 7
  2. 2) Бағдаршамда неше көз бар? 3
  3. 3) Қолғапта неше саусақ бар? 5
  4. 4) Адамда қанша көз бар? 2
  5. 5) Жұлдыздың неше бұрышы бар? (Жауап түріне қарай нақтылап айтылады.)
  6. 6) Аспанда неше күн бар? 1
  7. 7) Бір жылда неше ай бар? 12
  8. 8) Бір аптада неше күн бар? 7
  9. 9) Адамда қанша саусақ бар? 10

Балалар жауапты сандарды көрсету арқылы дәлелдейді.

Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс жаттығулары (теледидардан көрсетіледі).

Дәптермен жұмыс

Графикалық диктант.

Есеп шығару

Тапсырмалар теледидар арқылы ұсынылады.

Рефлексивті-түзетуші кезең

Қорытынды және бағалау

Сабақ қорытындыланып, белсенді қатысқан балалар мадақталады.

Өзін-өзі бағалау (смайликтер арқылы)

  • «Бәрі жақсы болды, маған ұнады, мен белсенді қатыса алдым».
  • «Маған ұнады, бірақ мен кей жерін дұрыс айта алмадым».
  • «Маған ұнамады, мен түсінбедім».

Күтілетін нәтиже

Біледі

Өткен материалдарды қайталап айта алады.

Түсінеді

1–10 көлемінде өрнек құрастыра алады.

Орындай алады

11–20 сандарын тура және кері санай алады.

Автор туралы

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласындағы №38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейдің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі — Қуандыкова Сая Тукеновна.