Ақтөбе облысының өсімдік дүниесі
Түсінік хат
Ақтөбе облысының географиясы (таңдаулы курс) бағдарламасы
Бұл курс 8-сынып оқушыларына арналған және туған өлкені тереңірек тануға бағытталған. Оқушылар Ақтөбе облысының жер-су атаулары, елді мекендері, табиғи қазба байлықтары, табиғи жағдайлары мен ресурстары, сондай-ақ облыс экономикасында маңызды орын алатын өндіріс пен шаруашылық салалары туралы білімін жүйелейді. Сонымен бірге оқу-ағарту, мәдениет және әлеуметтік салалардың дамуы жөніндегі түсініктері кеңейтіледі.
Курстың мақсаты
Оқушылардың өз облысына қатысты географиялық, табиғи-ресурстық және әлеуметтік-экономикалық білімін тереңдету, туған өлкені ғылыми негізде танып-білуге ынталандыру.
Оқыту форматы
Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат. Теория мен практиканы ұштастыратын тапсырмалар арқылы оқушы өз білімін тексеріп, дерекпен жұмыс істеу дағдыларын дамытады.
Курстың міндеттері
-
География пәнінен алған біліммен байланыстыра отырып, туған өлкенің табиғатын ғылыми тұрғыда танып-білу және ғылыми ойлау деңгейін дамыту.
-
Өз бетімен шешім қабылдау, өз ойын дәлелді түрде жеткізу дағдысын қалыптастыру.
-
Өмір құбылыстарына құқықтық және әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан баға беруге үйрету.
-
Энциклопедиялық, статистикалық, картографиялық деректермен және ғаламтор ақпараттарымен өз бетінше жұмыс істеуді, деректерді өңдеп, қорытынды жасауды дағдыландыру.
Курсты жүзеге асыру және бақылау
Жүзеге асыру формалары
Оқушылар ұсынылған мәліметтер ішінен ең қажеттісін іріктеп, тапсырмаларды орындайды және өзіндік жұмыстары арқылы білімін бекітеді.
Нәтижені бақылау формалары
- Реферат жазу
- Баяндама және хабарлама әзірлеу
- Жоба ұсыну
- Тест жүргізу және өзге бағалау түрлері
Курс мазмұны (8-сынып)
Жалпы жүктеме
34 сағат • аптасына 1 сағат
Кіріспе
1 сағат
Ұйымдастыру жұмыстары.
I бөлім. Ақтөбе облысына физикалық-географиялық шолу
23 сағат
Ақтөбе облысының Қазақстан картасындағы орны; тарихы; географиялық орны; жер бедері.
№1 сарамандық жұмыс: кескін картаға Ақтөбе облысының жер бедерін түсіру.
Климат: радиациялық баланс, ауаның температурасы, атмосфералық жауын-шашын.
Табиғи ресурстар және пайдалы қазбалар: Кемпірсай кобальт-никель кені; Мұғалжар металлогения аймағы; Жаңажол, Кеңқияқ, Әлімбекмола мұнай-газ орындары.
№2 сарамандық жұмыс: Ақтөбе облысының пайдалы қазбалар картасымен жұмыс.
Су ресурстары және оларды пайдалану: жер бетіндегі су ресурстары; өзендері — Елек, Жем, Қобда, Ор, Ойыл, Ырғыз, Сағыз, Торғай; көлдері — Астаусор, Ащықұдық, Ақкөл, Ақтасты.
№3 сарамандық жұмыс: облыстың ірілі-ұсақты өзен-көлдерін кескін картаға түсіру.
Топырақ жамылғысы: қара топырақты, қоңыр және сұр-қоңыр топырақты аймақтар; топырақты қорғау шаралары.
Өсімдік дүниесі: мәдени және шипалы өсімдіктер; орман шаруашылығы; қорғауға алынған өсімдіктер.
Жануарлар дүниесі.
№4 сарамандық жұмыс: жергілікті жер өсімдіктерінен коллекция жасау.
Ақтөбе облысының топонимикасы және экологиялық жағдайы.
II бөлім. Ақтөбе облысының экономикасы
10 сағат
Халқы
Халық саны мен өсу динамикасы.
Әлеуметтік-экономикалық құрылым
- Экономикасының негізгі бағыттары
- Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
- Оқу-ағарту ісі
- Денсаулық сақтау
- Байланыс
Шығармашылық тапсырма
«Ақтөбе — туған өлкем» тақырыбында презентация дайындау.
Қорытынды жұмыс
Курстың соңында оқушылар жинақтаған материалдарын жүйелеп, нәтижесін қорғау жұмысы арқылы көрсетеді.