Өткен сабақ
Сабақтың мақсаты
1) Пысықтау
Оқушылардың арифметикалық амалдарды орындау және есептеу тәсілдерін жүйелі түрде қайталау.
2) Дамыту
Ойлау қабілетін, зейін мен есте сақтауды дамыту.
3) Тәрбиелік бағыт
Өз бетінше жұмыс жасауға, ізденімпаздық пен тапқырлыққа баулу; өзінің де, өзгенің де еңбегін бағалауға үйрету; достық пен адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.
Ұйымдастыру кезеңі
Ел тірегі — балдырғанбыз, баламыз.
Болашақтың мақтанышы боламыз.
Қасиетті Маңғыстауым, өркендей бер, өсе бер.
Пір Бекетім желеп-жебеп жата бер.
«Еліңді сүй, жеріңді сүй» — деген ата-бабамыз.
Сабақтың ерекшелігі
Бүгінгі сабағымыз ерекше: сыныбымызға қонақтар келіп отыр. Қазақ халқы — қонақжай ел. «Келгенше қонақ ұялады, келген соң қонақ иесі ұялады» дегендей, біліміміз бен инабаттылығымызды көрсете білейік.
Өткен сабақты қайталау
№7 тапсырма
Теңдеулерді шешу.
Сұрақ
Теңдеу дегеніміз не?
Жаңа сабақ: Маңғыстау тарихына саяхат
Бүгін біз туған өлкеміз — Маңғыстау тарихына саяхат жасаймыз. Әр аялдамада тапсырмалар мен «бөгеттер» кездеседі. Сол бөгеттерден сүрінбей өтсек, мақсатымызға жетеміз және туған жеріміздің тарихын тереңірек меңгереміз.
Көркем жазу: сабақ басында жазу дағдысын қалыптастыруға арналған қысқа жұмыс орындалады.
1-аялдама
1929–1973 жылдары — Маңғыстау ауданы
1939–1963 жылдар аралығында өңірде екі аудан болды: Шевченко ауданы (орталығы — Форт-Шевченко) және Маңғыстау ауданы (орталығы — Таушық кенті).
№1 есеп
- Әр топтың жетекшісі есеп жазылған бір шардан алады.
- Қалдықпен бөлу: есептерді топ жетекшілері шығарады.
2-аялдама
1990 жылдан — Маңғыстау дербес облыс
№2 есеп (топтық жұмыс)
1-топ
(987 – 214) • (6542 – 6245) = 229581
2-топ
(10000 – 9845) • (200 + 150) = 54250
3-топ
(1258 – 698) • 524 = 293440
4-топ
(1681 + 694) : (225 : 45) = 475
5-топ
(120000 – 92000) : (987 – 967) = 1400
Сергіту сәті
Мынау менің жүрегім — бәрі содан басталған.
Алтын бесік туған жер — мұнда қызық бәрі бар.
Мынау менің сезгенім — өмір бойы сүйемін.
Жаса, жаса, туған жер!
3-аялдама
Маңғыстау — дүниежүзіне әйгілі мұнайы, газ қоры, көмірі, ақ бор тасы және төрт түлігі сай қасиетті мекен.
№4 есеп
а)
75 : 3 = 25 (1 адамға)
143 • 25 = 3575 кг
ә)
640 : 32 = 20 кг (1 ағашқа)
100 • 20 = 2000 кг
4-аялдама
Облыстың батысында Каспий теңізі орналасқан. Бұл — жер шарындағы ең ірі тұзды көл, алайда көлемі мен қалыптасу тарихына қарай теңіздер қатарына жатады.
Ұзындығы
1200 км
Орташа ені
320 км
Ең терең жері
1025 м
Бағалы балықтар
Бекіре, қызыл балық, қортпа