ҰБТ мақсаты

ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындау

«Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында». (Н. Ә. Назарбаев)

«Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпыадамзаттық қазыналар, ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасау». ҚР «Білім туралы» Заңы

ҰБТ дегеніміз не?

ҰБТ (Ұлттық бірыңғай тестілеу) — жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын тәуелсіз түрде өткізетін, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі.

ҰБТ мақсаты

Білімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін оқу жетістіктерін сыртқы тәуелсіз бағалау жүйесін құру.

ҰБТ міндеттері

  1. 1 Бірыңғай өлшеу материалдарының көмегімен білім сапасын мемлекеттік бақылау мен басқаруды қамтамасыз ету.
  2. 2 Білім сапасын бағалаудың шынайылығын және дұрыстығын арттыру.
  3. 3 Жоғары және орта кәсіптік білімге қол жеткізуде әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету.