Пішімдеу жолы

Сабақтың тақырыбы

Microsoft FrontPage бағдарламасы

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға интернетте орналастырылатын Web-парақтарды құруға арналған Microsoft FrontPage бағдарламасы туралы түсінік беру.

Дамытушылық

Шығармашылық қабілеттерін және логикалық ойлау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, ұқыптылыққа және төзімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі

Практикалық

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, тапсырмалар

Сабақтың өту барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Оқушыларды түгендеу.

II. Кіріспе нұсқау

а) Жұмысқа кіріспес бұрын

  • Жерге тұйықтаудың (жермен өткізілудің) дұрыс екенін тексеру.
  • Компьютерді іске қосып, ақаулардың бар-жоғын тексеру.

ә) Жұмыс жасау кезінде

  • Мұғалім берген тапсырманы орындау.
  • Компьютерде басқа бағдарламаларды ашпау.
  • Тапсырма орындалғанын мұғалімге хабарлау.

б) Жұмысты аяқтау кезінде

  • Орындалған тапсырманы көрсету.
  • Компьютердегі барлық бағдарламаларды жабу.
  • Ережеге сай компьютердің жұмысын аяқтау.

Тақырып пен мақсатты түсіндіру

Оқушыларға интерактивті тақта арқылы Microsoft FrontPage бағдарламасы және онда жұмыс істеу негіздері қысқаша түсіндіріледі.

Тапсырма 1. Бағдарламамен танысу

Практика

Microsoft FrontPage — интернетте орналастырылатын Web-парақтарды құруға арналған бағдарлама. Бағдарламамен жұмыс бастамас бұрын, файлдарды сақтайтын жеке папка дайындап аламыз.

Өз папкаңызды құру

  1. 1 Жұмыс үстеліндегі Мой компьютер белгішесін екі рет шертіңіз.
  2. 2 Ашылған терезеден Локальный диск (C:) бөлімін ашыңыз.
  3. 3 Диск ішінде жаңа папка жасаңыз.

1-тәсіл

Мәзірден Файл → Создать → Папку командасын орындаңыз.

2-тәсіл

Тінтуірдің оң жақ батырмасын басып, жанама мәзірден Создать → Папку таңдаңыз.

Құрылған папкаға ат беру үшін папканы белгілеп, жанама мәзірден Переименовать командасын таңдап, атауын енгізіңіз.

Бағдарламаны іске қосу

ПУСК → ПРОГРАММЫ → Microsoft FrontPage

Терезе элементтері

  1. 1 Тақырып жолағы және терезені басқару батырмалары (жиыру, үлкейту/қалпына келтіру, жабу).
  2. 2 Мәзір жолағы (Файл, Правка, Вид және т.б.).
  3. 3 Стандартты құралдар панелі (ашу, сақтау, басып шығару және т.б.).
  4. 4 Пішімдеу (форматтау) панелі.
  5. 5 Тапсырмалар жолы.
  6. 6 Жұмыс аймағы — Web-парақтың мәтіні мен мазмұны енгізілетін негізгі өріс.

Тапсырма 2. Web-парақ құру және мәтін теру ережелері

Негізгі дағдылар

Жылтылдаған тік сызық — мәтін енгізу курсоры. Ол енгізілетін мәтіннің орнын көрсетеді.

Мәтінді теру ережелері

  1. 1 Мәтінді енгізу үшін пернетақта қолданылады.
  2. 2 Сөздердің арасын бөлу үшін Space (Пробел) пернесін басыңыз.
  3. 3 Азат жолдан бастау үшін Tab пернесін қолданыңыз.
  4. 4 Екі абзацты біріктіру үшін курсорды бірінші абзацтың соңына қойып, Delete пернесін басыңыз.
  5. 5 Мәтінді өңдеу кезінде пішімдеу (форматтау) панелі жиі қолданылады.

Файлды сақтау тәртібі

Мәтіні бар бетті сақтау үшін СОХРАНИТЬ командасын таңдағанда СОХРАНИТЬ КАК терезесі ашылады.

Сол терезеден алдын ала құрған папкаңызды таңдап, басты бетті әрдайым index.htm атауымен сақтаңыз. Қалған беттерді өз қалауыңыз бойынша атауға болады.

Ескерту

Файл атауларында артық бос орын мен түсініксіз қысқартуларды қолданбауға тырысыңыз; атау қысқа әрі мазмұнды болғаны дұрыс.

Толық нұсқа

Толық нұсқасын жүктеу (қажет болса, сілтеме қосыңыз).