Оспанхан Әубәкіров туралы айту

Сабақтың тақырыбы

«Сүт қалай ұйықтады?» (Оспанхан Әубәкіров)

Сабақтың түрі

Аралас сабақ, ойын-сабақ

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгіме, тірек-сызба, көрнекілік

Көрнекіліктер

Ребус, семантикалық карта, үнтаспа, авторлар туралы материалдар

Сабақтың мақсаттары

Мәтіндегі негізгі ой мен идеяны оқушыларға ұғындыру.

«Сүт ұйып қалды», «сүт іріп қалды», «айран ашыпты», «айран бақырыпты» сияқты сөз тіркестерін қолдану арқылы байланыстыра сөйлеу дағдысын жетілдіру, ой ұшқырлығын дамыту.

Ұлттық тағам түрлері, олардың пайдасы мен жасалу жолдары туралы түсінік бере отырып, асты қадірлеуге, дұрыс тамақтануға баулу; еңбекқорлықты, іскерлікті және шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу.

Негізгі екпін

Сабақта тілдік өрнек, ұлттық тағам мәдениеті және ойын арқылы оқыту бір арнаға тоғысады.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, психологиялық дайындық жасау.

Сәлемдесу (тәрбиелік шумақ)

Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Сәлем бердік сіздерге, Құрметпенен біз.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Шона Смақанұлының «Тәкаппар» мысалын түсініп, мәнерлеп оқу; өлең мазмұнын әңгіме түрінде жеткізу.

Оқушылар салған суреттерін таныстырып, идеясын түсіндіру.

Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің мазмұнын диаграмма арқылы түсіндіру.

III. Жаңа сабақ

1) Кіріспе әңгіме

Ребус

Ребус шешу арқылы тақырыпты ашу: «Сүт қалай ұйықтады?»

Жұмбақ

Сылдыр сұйық су емес, Ішсең сусын қанады. Ақ болса да қар емес, Шешуін кім табады?

Жауабы: сүт

Талқылау сұрақтары

Бұл мысал не туралы? (Оқушылар жауабы: сүт туралы.)

Сүтті қайдан аламыз? (Төрт түлік: қой, сиыр, ешкі — сүт; түйе сүтінен — шұбат; бие сүтінен — қымыз.)

Қай сүтті ұйытуға болады? (Қой, сиыр, ешкі сүтін.)

IV. Ойын: «Бейне табу»

Сұрақтарға жауап беру арқылы жасырын бейнені ашу.

1-сұрақ

Сатирик деген кім? Қандай сатирик ақындарды білесіңдер?

2-сұрақ

Мақалдың тиісті сөздерін тауып толықтыр:

Ананың сүті бойды өсіреді.
Ананың тілі ойды өсіреді.

3-сұрақ

«Бес досыңды» ата.

4-сұрақ

«Ағарған» туралы тыйым сөздерді айт. (Мысалы: ақты төкпе.)

5-сұрақ

Мақтаншақтық туралы мақал-мәтелдер айт:

  • Өзін-өзі мақтаған — өліммен тең.
  • Мақтаншақтық — жаман әдет.

6-сұрақ

Не арсыз? (Үш арсыз: ұйқы, күлкі, ас.)

Нәтиже

Бейне ашылады.

Мұғалім түсіндірмесі: Оспанхан Әубәкіров

Оспанхан Әубәкіров 1934 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген.

Ұзақ жылдар «Қазақстан пионері», «Ұлан» газеттерінде қызмет атқарды. 1961–1962 жылдары Қазақ теледидарында аға редактор болды, кейін «Ара» журналында жұмыс істеді.

Шығармалары

«Бөден», «Сиыр», «Сүзеген сөз» атты кітаптары бар.