Болашақ тобы
Сандар әлеміне саяхат
Бұл — математикалық апталық аясында өткізілетін сайыс-сабақ. «Бүгінгі білім — ертеңгі байлығымыз» қағидасын негізге ала отырып, оқушылар математикадан алған білімдерін бекітіп, шапшаңдық пен ұйымшылдықты шыңдайды.
Сабақ мақсаты
- Білімге құштарлықты арттыру, жан-жақты ізденуге ынталандыру.
- Жарысу мәдениетін қалыптастыру, жеңіске ұмтылуға баулу.
- Ұлттық тәрбиені ұштастыра отырып, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі
Сайыс сабақ
Пәнаралық байланыс
Ана тілі, дүниетану
Көрнекілігі
- Слайдтар
- Мақал-мәтелдер
- Кеспе есептер
- «Ғарыш кемелері» түріндегі тапсырмалар
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Балалар, математикалық апталыққа арналған бүгін біз сайыс-сабақ өткіземіз. Математикадан алған білімдерімізді осы сайыста шыңдаймыз. Енді ойын шарттарымен танысайық.
Сайыстың құрылымы
Ұйымдастыру бөлімі
- Топтастыру
- Әр топтың девизін айту
- Топ басшыларының таныстырылымы
Кезеңдер
- Қызықты шаршылар (топ басшылары сайысы)
- Сандар сыры
- Кім шапшаң? (ғарыш кемелерімен тапсырмалар)
- Мақал-мәтел сайысы (кубизм әдісі)
- Қорытындылау
І кезеңге дайындық: 3 топ
1-топ
Болашақ
Девизі: «Еліміздің болашағы — біз боламыз!»
2-топ
Білім
Девизі: «Білімді мыңды жығады.»
3-топ
Достық
Девизі: «Бәріміз біргеміз — берік іргеміз!»
І кезең: «Қызықты шаршылар»
Топ басшылары интерактивті тақтамен жұмыс істейді. Мақсат — логикалық ойлау мен жылдам жауап беруді көрсету.
Сұрақтар мен жауаптар
- Сабалақ деген атпен 7 жасында Абылайды қай би өз қамқорлығына алды? Жауап: Төле би.
- 7 күндік аптаны енгізген мемлекет? Жауап: Вавилондықтар.
- Кубтың көлемін қалай табамыз? Жауап: Ұзындығын, енін, биіктігін көбейту арқылы.
- Ені мен ұзындығын көбейту арқылы нені табамыз? Жауап: Ауданды.
- Ағайынды 5 жігіт келеді. Әрқайсысында бір-бірден қарындасы бар. Барлығы неше ағайынды? Жауап: 6.
- Мен 1 адаммен келемін. Ол әкем емес. Ол маған кім? Жауап: Анам.
- «Жеті ғаламды» атаңыз. Жауап: Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығыс, Аспан, Жер, Жерасты.
- Берілген геометриялық фигуралардан не құрастыруға болады? Жауап: Құс ұясын.
ІІ кезең: «Сандар сыры»
Әр топқа бір санның мағынасын, қолданылуын және ұлттық-танымдық қырларын ашу тапсырмасы беріледі.
І топ
7 саны
7 санына қатысты ұғымдар мен мысалдарды келтіріп, «жеті» санының сырын ашу.
ІІ топ
5 саны
5 санының мәнін ашу, өмірмен байланысты мысалдар келтіру.
ІІІ топ
3 саны
3 санына қатысты тұрақты тіркестер мен танымдық деректерді жинақтау.
ІІІ кезең: «Кім шапшаң?»
Апталықтың ашылуы 12 сәуір — Ғарышкерлер күнімен тұспа-тұс келді. Осы кезеңде қай топ «алғаш болып ғарышқа ұшады»? Топтарға ғарыш кемесіне жазылған тапсырмалар беріледі. Ең жылдам әрі дұрыс орындаған топ жеңіске жетеді.
І топ тапсырмасы
1) Сөзжұмбақ
- Жеті күннің бірі.
- ___ ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
- 21 : 3 нешеге тең?
2) Ауызша сұрақтар
Қосымша ауызша сұрақтарға жауап беру.
ІІ топ тапсырмасы
1) Сөзжұмбақ
- ___ атасын білмеген — жетесіздің белгісі. (Жеті)
- Үш жұрттың бірі.
- 99 : 33 нешеге тең?
2) Ауызша сұрақтар
Қосымша ауызша сұрақтарға жауап беру.
ІІІ топ тапсырмасы
1) Сөзжұмбақ
- Бір елі ауызға ___ елі қақпақ.
- Жұма — аптаның нешінші күні?
- 25 : 5 нешеге тең?
2) Ауызша сұрақтар
Қосымша ауызша сұрақтарға жауап беру.
ІV кезең: Мақал-мәтел сайысы (кубизм әдісі)
Оқушылар берілген мақал-мәтелдердегі бос орындарға тиісті сандарды қойып, мағынасын түсіндіреді.
- ___ аяқтыда бота тату, ___ аяқтыда бөле тату.
- ___-лік болмай, тірлік болмас.
- ___-еуі түгел болса, төбедегі келеді; ___-ауы ала болса, ауыздағы кетеді.
- Білімді ______-ды жығады, білекті ____-ді жығады.
- Ағайын ___-ау, ана ___-еу.
- Жігіттің құны ______ жылқы, ары ______ жылқы.
V кезең: Қорытындылау
Топ басшыларының сөзі
Әр топ басшысы өз командасының жұмысын қорытындылап, әсерімен бөліседі.
Ұпайларды есептеу
Топтар жинаған ұпайларын есептеп, интерактивті тақтадағы слайд арқылы сабақ қорытындыланады.
Нәтиже
Бұл сайыс-сабақ оқушылардың математикалық сауаттылығын арттырып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды мақал-мәтелдер арқылы ұштастырып, бірлесіп жұмыс істеу дағдысын нығайтады.