Ауған соғыс ардагерлері
Кездесу-кеш: «Ауғанның от-жалыны»
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 24 жыл толуына арналған еске алу және тағзым ету кеші.
Мақсаты
- Отанға шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету.
- Ауған соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі
- Ауған соғысы батырлары туралы альбом.
- Тақырыптық кітапханалық көрме («Ауған қасіреті»).
- Интерактивті тақтадағы слайдтар, деректі фильм, плакаттар, фотосуреттер.
Шақырылған қонақтар
Ауған соғысының ардагерлері:
- __________________________
- __________________________
- __________________________
Негізгі ой: Соғыс — зұлымдық. Тарихтың ауыр беттерін білу — өткеннің қателігін қайталамаудың алғышарты.
Шараның барысы
Кіріспе видео
«Пришел приказ» және «Вспомни Афган» әуендерімен бейнематериал көрсетіледі. Одан кейін жүргізушілер фанфарамен сахнаға шығады.
Жүргізушілердің құттықтауы
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!
Добрый день, дорогие гости, уважаемые учителя, учащиеся!
Тарихи анықтама
1979 жылғы желтоқсанда Кеңес үкіметінің шешімімен Ауғанстанға әскер енгізілді. Бұл соғыс 9 жыл 10 айға созылып, мыңдаған адамның тағдырына жара салды.
Около 24-х лет назад закончилась десятилетняя война в Афганистане. Эти события еще не получили должного отражения в учебниках, однако они существенно повлияли на историю стран бывшего СССР. Знание прошлого необходимо, чтобы не повторять ошибок.
Кештің ашылуы
Құрметті қонақтар, Отан алдындағы парызын адал атқарып, ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсеткен Ауған соғысы ардагерлеріне арналған кездесу кешіміз ашық деп жарияланады!
Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық: __________________________, __________________________, __________________________.
Еске алу сәті
Тағзым
Гүл шоқтары «Мәңгілік от» композициясына қойылады (Ерболат, Тоқтар, Әлімжан).
Өлең жолдары:
Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,
Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын.
Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да біз үшін,
Мәңгі бақи тірісіңдер — тірісіңдер, тірісіңдер!
Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып, 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
Ой-толғау
Азаттық пен бейбіт өмір — әр халық үшін қымбат құндылық. Әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынын әкеліп, талай мемлекетті күйретіп, тарихта өшпес таңба болып қалады.
Тарихи контекст (орысша мәтін)
Революционные события в Афганистане встретили ожесточенное сопротивление. Со стороны Пакистана, Ирака и Китая велась подрывная деятельность. Новое государство обратилось к правительству бывшего СССР с просьбой о политической и материальной помощи, включая военную поддержку. 24 декабря 1979 года было принято решение о вводе войск в Афганистан.
Кітапхана көрмесі және сөз сөйлеу
«Ауған қасіреті» көрмесі
Мектеп кітапханасында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына арналған «Ауған қасіреті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ауған соғысына әскер кіріктіру бүгінгі күні тарихи тұрғыдан қателік ретінде бағаланатыны жиі айтылады. Сол кезеңде Қазақстаннан да талай жас жігіт мағынасыз соғысқа аттанды, қаншама адам қаза тапты. Бұл — ХХ ғасырдың ең ауыр қасіреттерінің бірі.
Кітапханашының сөзі
Ендігі сөз кезегін кітапханашы _________ Лариса Владимировнаға береміз.
Оқушылардың жыр-шумақтары
Армысыздар, ауғандық жауынгерлер,
Жырым бар жараланған жандарыңды емдер.
Өлгендердің жаны жәннатта болсын,
Тірілерің мың жасасын, дәуірлеңдер!
Ерлік қылған ағаларым — аспан асты, жер үсті,
Біз сәндікке кимедік деп шалбар менен бөрікті.
Отан-ана алдындағы өтеймін деп борышты,
Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.
Кабул далёкий и безжизненная степь
Пропахли дымом от разрывов горьких.
Ты долго не увидишь сыновей,
Спасающих другой народ от горя.
Мы, Родина, покинули тебя —
Нам совесть путь-дорогу указала.
Иди и выполняй святой приказ,
Чтоб Родина спокойно засыпала.
Жастығымызбен жауға атылдық оқ болып.
Әндететін кез еді төс керіп,
Жаудың оғы сан мүшені төрт бөліп,
Кейбірің кеттің мүлде жоқ болып.
Время выбрало нас,
Закрутило в афганской метели.
Нас позвали друзья в грозный час —
Мы особую форму надели.
И в огни горных трудных дорог
Своей кровью кропили походы.
Не заметили в вихре тревог,
Как минуты спрессовались в годы.
Музыкалық номер
Сахнада ____________ Арайлым — «Моя земля» әні.
Жастарға үндеу және салтанатты тапсыру
Патриоттық үндеу
Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер!
Приписное куәліктерін тапсыру
Өсіп келе жатқан тәуелсіз еліміздің болашақ жауынгерлеріне шақырушының тіркеу туралы куәліктерін тапсыру рәсімі өткізіледі.
Вручение үшін сахнаға мектеп директоры ____________ шақырылады. Оқушылардың тегі кезекпен оқылады: _____________________, _____________________.
«Жас Ұлан» қатарына қабылдау
Ұйымның мақсаты
«Жас Ұлан» ұйымының мақсаты — ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға сай рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу.
2011 жылғы 1 қыркүйекте Астана қаласы №66 мектепте ұйымның алғашқы мүшелері салтанатты түрде қабылданды.
Асқар
Жас Ұландық атану — зор мәртебе!
Мадина
Жас ұландар — жасампаз болашақ иесі!
Диана
Тудым, өстім Отан үшін — Отан үшін қуат күшім!
Салтанатты қабылдау рәсімі
«Жас Ұлан» қатарына 5 «А» сыныбынан ең үздік 10 оқушы іріктеліп алынды. Қабылдау рәсімін 8 «А» сынып түлектері өткізеді.
Қабылданатын оқушылар:
- Тохметова Сабина
- Мархаиатов Орынбасар
- Бейсембеков Айбек
- Көбентаев Ануар
- Абдыхаликова Ақжайық
- Ибрагим Темирлан
- Кеңес Еламан
- Манембекова Камила
- Сагатова Аружан
- Турлыбай Айжан
Ант мәтіні
Мен, __________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
- Өз Отаным — Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
- Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге және дәріптеуге;
- Туған елімді, жерімді, Отанымды мақтаныш етуге;
- Ата-анамды қадірлеуге;
- Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
- Білімге табандылықпен ұмтылуға;
- Салауатты өмір салтын ұстануға;
- Табиғатты аялауға;
- «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтауға және оны достарымнан талап етуге
Ант етемін!
Барлығы бірге: «Біз — Жас Ұлан!»
«Қазақстан — Нұрсұлтан — Жас Ұлан» (3 рет).
«Жас Ұлан» мүшелеріне галстук пен төсбелгі тағу үшін директор және бүгінгі кештің қонақтары шақырылады. (Ауған соғысы ардагерлері галстуктарын байлайды.)
Қымбатты жас ұландар, сіздерді ұйым қатарына қабылдануларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Өнер және ашық әңгіме
Ән
Сахнаға ___________________ Аружан «Сарыжайлау» әнімен шақырылады.
Ардагерлермен сұхбат
Ауған соғысы ардагерлерінің әңгімесін тыңдау, сұрақ қою және пікір алмасу бөлімі.
Қорытынды сөз
Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 24 жыл өтсе де, сол кезеңді бастан өткерген жауынгерлердің жүрегінде соғыс салған жараның ізі сақталады. Бүгінгі бейбіт өмір үшін еңбек етіп жүрген ардагерлерді қадірлеу — біздің азаматтық борышымыз.
Құрметті қонақтар, келгендеріңізге алғыс айтамыз! Бейбіт күннің баға жетпес бақытында амандықпен қауыша берейік!