Әңгіме мазмұнына байланысты сұрақтар мен тапсырмалар

Мақсат пен міндет

Бұл сабақтың негізгі мақсаты — оқушылардың мәтін туралы түсінігін кеңейту, сөздік қорын молайту, ой-өрісін дамыту және әдептілікке тәрбиелеу.

1) Білімді толық меңгерту

Берілген тақырыпты жан-жақты түсініп, мәтін мазмұнын дұрыс қабылдауға бағыттау.

2) Тәрбиелік бағыт

Оқушыларды әдептілікке, инабаттылыққа және имандылыққа баулу.

3) Қорытындылау және қолдану

Алған білім негізінде ой түйіндеуге, жаттаған мақал-мәтелдерді өмірде қолдануға және өз ойын жүйелі жеткізуге үйрету.

Сабақтың түрі мен әдістері

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдістері

  • Тірек сызба
  • Әңгімелесу
  • Сұрақ-жауап
  • Баяндау
  • Топтастыру

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Психологиялық дайындық.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • Үйге берілген өлеңнің мазмұнын сұрау.
  • Қорытындылау барысында сөзжұмбақ шешу.

Сөзжұмбақ сұрақтары

  1. Әкеңнің анасы кім?
  2. Жазуды қайда жазамыз?
  3. Ыдыстың түрі?
  4. Қолыңа алғаш ұстаған оқулық?
  5. Қазір қай мезгіл?
  6. Тышқанның үйін ата?

Тірек сызба (мінез-құлық белгілері)

Үлгілі • Қамқоршы • Кішіпейіл

Әдепті • Тату • Сыпайы • Ұқыпты

III. Жаңа сабақ

Кіріспе әңгіме барысында жаңа сабақтың тақырыбына сәйкес Әдібай Табылдының өмір жолы таныстырылады.

Оқулықтағы әңгімені мұғалім түсінікті әрі мәнерлеп оқып береді, мазмұнын түсіндіреді. Оқушылар мәтінді кезекпен оқиды.

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Әңгіме не туралы?
  2. Мәтіндегі балалардың іс-әрекеті туралы әңгімелеп бер.
  3. Ата балаларға ризашылығын қалай білдірді?

Сөздікпен жұмыс

Жалғыз бала
Бір бала.
Қамқоршы
Көмекші.
Топ басшы
Топты ұйымдастырушы.
Ағынан жарылып
Бар ниетімен, шын ықыласымен.

Оқушылар әдептілік туралы жаттаған мақал-мәтелдерін айтады.

IV. Бекіту

Қайталау сұрақтары

  • Бүгін қандай тақырыпты өттік?
  • Әдепті деп қандай баланы айтады?
  • Әңгімеде не туралы айтылды?

V. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, мәтінді түсінуі, жауаптарының мазмұндылығы және белсенділігі бойынша бағаланады.

VI. Үй тапсырмасы

Үйге: «Әдепті балалар» мәтінін оқып келу.