Тілдің пайдасы мен зияны туралы

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Сынып

7-сынып

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Тақырып

Ғылым мен білімнің дамуы

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • «Уақыт шеңбері»
  • Шығармашылық жұмыс
  • «Гармошка» әдісі
  • «Санадағы кинофильм»
  • Интернет ресурстарымен жұмыс

Көрнекілік

  • Ортағасырлық Қазақстан картасы
  • Интерактивті тақта
  • Иллюстрациялар мен суреттер

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Орта ғасырдағы ғылымның дамуын және оған үлес қосқан ғалымдардың еңбектерін жан-жақты таныстыру. Шығармалардың тарихи маңызын түсіндіру.

Дамытушылық

Тарихи-ғылыми еңбектерді талдау, салыстыру және қорытынды жасау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Тарихи құндылықтарды құрметтеуге, ұлттық мұрадан тәлім-тағылым алуға, Отан тарихына қатысты деректерді ізденуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Оқушылармен амандасу, түгендеу.
  2. 2 Оқушыларды топқа бөлу: алма, мандарин, банан.
  3. 3 Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру ( «Уақыт шеңбері» )

Оқушылар ортаға шығып, дөңгеленіп тұрады. Сұрақтарға жылдам жауап береді.

Сұрақтар (1–5)

  • 1) Мұсылманша жерлеу салты қандай?

    Марқұмның басы құбылаға қаратылып, қасына ешбір зат қоса көмілмейді.

  • 2) Христиандық крест таңбасы бар кірпіштер қай жерден табылды?

    Ақтөбе.

  • 3) 714 жылы Шашты басып алған араб қолбасшысы кім?

    Кутейба ибн Муслим.

  • 4) Зороастризм ілімі қай ғасырларда қалыптасты?

    Б.з.д. VII–IV ғасырлар.

  • 5) «Дін үшін соғыс» ұранымен оңтүстікке басып кірген Насыр ибн Сейяр қай жылдары әрекет етті?

    737–748 жж.

Сұрақтар (6–10)

  • 6) X ғасырда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда мешіттер көп салына бастағанын жазған ғалым кім?

    Әл-Мақдиси.

  • 7) Арабтардың Қазақстанның оңтүстігіне басып кірген уақыты?

    VIII ғасырдың ортасы.

  • 8) Адамдардың шығу тегін белгілі бір аңмен байланыстыратын наным-сенім қалай аталады?

    Тотемизм.

  • 9) Ұлы Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай қандай дін таралды?

    Христиандық.

  • 10) Ислам дінінің нығаюы қазақ жерінде қандай салалардың дамуына ықпал етті?

    Ғылым мен білім.

Жаңа сабаққа кіріспе

Тақырыпты табу үшін мақал-мәтелдердің жалғасын толықтырамыз.

Мақал-мәтелдер

  • Ғылым — теңіз, білім — қайық.

  • Ақыл азбайды, білім тозбайды.

  • Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.

  • Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол.

Түйін

Орта ғасырларда ғылым мен білім қоғам дамуының негізгі қозғаушы күштерінің бірі болды. Бүгінгі сабақта осы үрдісті және оған үлес қосқан ойшылдар мұрасын қарастырамыз.

Жаңа сабақтың тақырыбы

Ғылым мен білімнің дамуы

Жоспар

Ғылым

  • Әбу Насыр әл-Фараби (870–950)
  • Әбу Райхан әл-Бируни (973–1050)

Тіл білімі

  • Махмуд Қашғари (1030–1090)
  • Жүсіп Баласағұни (1021–1075)

Әдебиет және руханият

  • Ахмет Иүгнеки
  • Қожа Ахмет Йасауи (1103–1167)

Негізгі тұлғалар және мұра

Әбу Насыр әл-Фараби

870–950

Аристотельден кейін «Екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр әл-Фараби X ғасырдың алғашқы жартысында Шығыс пен Батысқа кеңінен танылды. Ол 870 жылы Отырар (Фараб) қаласында дүниеге келген. Әкесі әскери басшы болған.

Негізгі еңбегі

Музыка заңдылықтарын зерттеп, екі бөлімнен тұратын күрделі еңбек — «Музыканың үлкен кітабын» жазды. Тоғыз ішекті музыкалық аспапты сипаттап қалдырған.

«Табиғат көркі — аспан шырақтары, жердегі көрік — музыка, дыбыс».

Әдеби дерек

Тұранның кім кеміткен музыкасын, Фараби тоғыз ішекті домбырасын. Күңірентіп тоқсан тоғыз күй таратқанда, Тебіреніп кім көкпеген көзден жасын.

— Мағжан Жұмабаев

Әл-Фараби 950 жылы Дамаск қаласында қайтыс болды. Дамаскте оның кесенесі және тарихи-мәдени орталығы орналасқан.

Әбу Райхан әл-Бируни

973–1050

Әбу Райхан әл-Бируни 973 жылдың 4 қазанында Қият қаласының маңында дүниеге келген. Парсы, араб, грек және үнді (санскрит) тілдерін меңгерген энциклопедист ғалым.

Ғылыми мұрасы

Жалпы саны шамамен 150 еңбек жазған. Соның 45-і астрономия мен математикаға арналған.

Белгілі еңбегі

1000 жылы «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші» атты еңбегін жазды (орта ғасыр ғылымының энциклопедиясы ретінде бағаланады).

Маңызды идея

Астрономиялық жазбаларында дүниенің гелиоцентрлік жүйесін Коперниктен әлдеқайда бұрын болжағаны айтылады.

Жүсіп Баласағұни

1021–1075

Жүсіп Хас Хажип Баласағұни түрік отбасынан шыққан. Жастайынан білім алып, әдебиетпен айналысқан, парсы-тәжік әдебиетін көп оқыған.

Негізгі шығармасы

«Құтадғу білік» («Құт негізі — білім») — 85 тараудан, 6500-ден астам бәйіттен тұратын поэма. Негізгі тақырыбы — адамның кемелдену жолы.

1) Білім мен ақыл

175. Біліксіздер — нағыз соқырдың, Білім үйрен, надан, көзің ашылсын! 195. Білімді — аз, білімсіздер қаптаған, Ақылсыз — көп, ақылдыны таптаған. 150. Білік берді — адам бүгін жетілді, Ақыл берді — талай түйін шешілді.

2) Тіл мәдениеті

170. Көп сөйлеме, аз айт — бірер түйірін, Біз сөзбен шеш түмен сөздің түйінін. Сөз кісіні ұлы қылар, бек қылар, Көп сөз басты иіп жерге жыққызар.

Махмуд Қашғари

1030–1090

Махмуд Қашғари — орта ғасырдағы түркі тайпаларынан шыққан ірі ғалым, ауыз әдебиеті мұраларын жинаушы, тілтанушы және этнограф.

Негізгі еңбегі

«Диуани лұғат ат-түрік» — ортағасырлық түркі тілдес тайпалардың өмірін, тілін, фольклорын, этнографиясын қамтыған бірегей еңбек.

«Мен түріктер, түркімендер, оғыздар, яғмалар, қырғыздардың қалаларын, қыстаулары мен жайлауларын көп жылдар бойы аралап шықтым, сөз жинадым, әр алуан тіл ерекшеліктерін анықтап отырдым... Бұл істі тіл білмегендіктен емес, әрбір айырма белгіні бақылау үшін жасадым».

Қожа Ахмет Йасауи

1103–1167

Қожа Ахмет Йасауи 1103 жылы Испиджабта (Сайрам) дүниеге келген. Алғашқы білімді әкесі — шейх Ибраһимнен алған. Оңтүстік Қазақстан аймағында ислам дінінің таралуына үлкен ықпал еткен сопы ақын. Алғашқы ұстазы ретінде Арыстан Баб аталады.

Негізгі еңбегі

Өлеңмен жазылған «Диуани хикмет» («Даналық кітабы») — ақиқат, шындық, адалдық пен тазалықты уағыздайтын шығарма.

Йасауи ұсынған қағидалар

  1. 1) Алланың ақ жолын мойындамаудан аулақ бол

    Өз көркіңе мастанба, тәубеге келіп, алдыңды ойла.

  2. 2) Менмендік пен тәкаппарлықтан сақтан

    Тәкаппарлықтың соңы — ауыр сынақ екенін ескертеді.

  3. 3) Дүние-мүлік үшін арды сатпа

    Мүлікке құмарту адамды адастыруы мүмкін.

  4. 4) Арамдықтан аулақ бол

    Парақорлық пен арам табыстың өкінішке әкелетінін айтады.

  5. 5) Ерінбей оқы, білім ал

    Білімді кеңінен үйреніп, бардың жолын табуға үндейді.

Ой-түйін (үзінді)

«Төрт нәрсе бар, аз деп ұғып кейіме, Дана айтқан сөзді түйгін зейінге. Бұл төртеудің біреуі — жау, бірі — өрт, Үшіншісі — тіршіліктің торы дерт, Бұлардан басқа біреуі бар, ол — білім, Осал көрме, төртеуінің ешбірін».

«Жамандық — от, от күйдіріп өтеді, Жолын бөгер күш жоқ, күл қылдырып кетеді».

Интернетпен жұмыс және тапсырмалар

1) Сәйкестендіру

Тарихи тұлға мен еңбектің сәйкестігін анықтаңыз.

Еңбек Автор
«Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші» Әбу Райхан әл-Бируни
«Құтадғу білік» Жүсіп Баласағұни
«Диуани лұғат ат-түрік» Махмуд Қашғари
«Диуани хикмет» Қожа Ахмет Йасауи
«Музыканың үлкен кітабы» Әбу Насыр әл-Фараби

2) Мәтінмен жұмыс

Төмендегі сипаттамалар бойынша тарихи тұлғаларды таныңыз.

Сипаттама 1

Түрік тайпаларының қоныстарын аралап, сөз жинаған; өлең, жұмбақ, ертегі, әдет-ғұрып үлгілерін жазып алған; «Түркі сөздерінің жинағын» мұраға қалдырған тілтанушы, этнограф.

Жауап: Махмуд Қашғари

Сипаттама 2

Испиджабта туған; алғашқы білімді әкесінен алған; Арыстан Бабтан тәлім алған; өлеңдері халық арасында кең тараған; «Даналық кітабын» жазған сопы ақын.

Жауап: Қожа Ахмет Йасауи

Сипаттама 3

Тарих, математика, астрономия, география, физика, медицина сияқты көптеген саланы қамтыған; 1000 жылы «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші» еңбегін жазған; 150 еңбек қалдырған көптілді ғалым.

Жауап: Әбу Райхан әл-Бируни

3) Өлең шумағын анықтау

«Адамның қадір-қасиеті білім мен ақылда» идеясын көтерген автор мен шығарманы атаңыз.

Біліксіздер өзі — нағыз соқырдың, Білім үйрен, надан, көзің ашылсын! Білімді — аз, білімсіздер қаптаған, Ақылсыз — көп, ақылдыны таптаған. Білік берді — адам бүгін жетілді, Ақыл берді — талай түйін шешілді.

Жауап: Жүсіп Баласағұни — «Құтадғу білік»

4) Сөзжұмбақ

Тақырып: «Орта ғасырлардағы рухани мәдениет».

Сөзжұмбақ тапсырмасы сыныпта орындауға беріледі (мұғалім дайындаған нұсқа).

5) Тест

1) «Әлемнің екінші ұстазы» әл-Фарабидің атақты трактаты:

  • A) Ғылымдардың пайда болуы
  • B) Даналық кітабы туралы
  • C) Ежелгі халықтар хронологиясы
  • D) Түрік сөздерінің сөздігі
  • E) Бақытты болу жайлы ілім

2) Әл-Фараби кесенесі мен тарихи-мәдени орталығы қай қалада орналасқан?

  • A) Бағдад
  • B) Самарқанд
  • C) Дамаск
  • D) Бұқара
  • E) Каир

3) Ежелгі түріктердің әйел тәңірі:

  • A) Қыз-Емшек
  • B) Тәңірі
  • C) Ыдуқ баш
  • D) Йер-Су
  • E) Ұмай

Жұмыс алгоритмі және белсенді әдістер

Алгоритм

Оқушыларға әуе шарының суреті беріледі. Шардың бөліктеріне негізгі тұлғаларды және олардың үлесін қысқаша жазады.

  • Ғылым: Әбу Насыр әл-Фараби
  • Тіл білімі: Жүсіп Баласағұни
  • Әдебиет/руханият: Қожа Ахмет Йасауи

«Гармошка» әдісі

Оқушылар сұрақ дайындайды, таңдаған бір оқушыға береді. Қабылдаған оқушы сұраққа жауап береді.

Нәтиже

Сұрақ қою мәдениеті мен дәлелді жауап дағдылары қалыптасады.

«Елші» тапсырмасы

Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Йасауи, Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінен үзінділер таратылып, оқушыларға оқып келу/оқу тапсырылады. Мазмұны бойынша талқылау жүргізіледі.

Сабақты бекіту

«Мәтін құрастыр»

Берілген тірек сөздер арқылы қысқа мәтін құрастырыңыз.

I топ

Отырар — Әбу Насыр әл-Фараби — Қорқыт

II топ

Шу өзені — Жүсіп Баласағұни — «Құтадғу білік»

III топ

Қожа Ахмет Йасауи — «Диуани хикмет» — Сүлеймен Бақырғани

Қорытынды және рефлексия

Бұл сабақта орта ғасырлардағы ғылым мен білімнің дамуына ықпал еткен тұлғалардың еңбектері қарастырылды. Оқушылар негізгі идеяларды жүйелеп, шығармалардың тарихи маңызын бағалайды.

Бағалау

Қалыптастырушы бағалау: белсенділік, жауаптың нақтылығы, дәлел келтіру, топтық жұмысқа қатысу.

Үй тапсырмасы

  • Махмуд Қашғари, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни туралы қосымша мәлімет жинау.
  • Негізгі еңбектердің атауын және идеясын қысқаша конспект жасау.

Автор туралы мәлімет

Мектеп

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Көптоғай ауылы, С. Мұқанов атындағы жалпы орта мектеп

Пән мұғалімі

Гүлдерім Мусина

Тарих пәні мұғалімі