Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру

Танымдық сайыс: «Сен білесің бе?»

3-сыныптар арасында өткізілетін «Сен білесің бе?» танымдық сайысы оқушылардың білімін ұштап, топпен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Мақсаты

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Міндеттері

  • Топтық жұмыстар арқылы ынтымақтаса жұмыс жасауға үйрету.
  • Патриоттық тәрбие бере отырып, өз Отанын сүюге және елінің азаматы болуға баулу.

Форматы мен құралдары

  • Жұмыс түрі: топтық сайыс
  • Құралдар: интерактивті тақта, қажетті слайдтар, ойын шарттары

Ұйымдастыру

Әр сыныптан 2 қыз және 2 ұл қатысады. Төрт сыныптан барлығы 16 оқушы жиналып, жетекшілерімен бірге қайта араласып, 4 топқа бөлінеді.

1-топ — Қызыл түсті балақайлар

4 оқушы

Жетекшісі: Қойшыбаева Х. О.

2-топ — Жасыл түсті балақайлар

4 оқушы

Жетекшісі: Закариева Ж. Б.

3-топ — Сары түсті балақайлар

4 оқушы

Жетекшісі: Келдібаева В.

4-топ — Көк түсті балақайлар

4 оқушы

Жетекшісі: Жексемалиева А. Ғ.

Сайыс барысы: 6 аялдама

Әр аялдама оқушылардың тапқырлығын, білімін және бірлескен әрекетін бағалауға көмектеседі. Тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай құрастырылған.

1-аялдама — «Ерекше сандар»

Тарих • оқиға • күн

Берілген сандардың қандай күнмен немесе қандай маңызды оқиғамен байланысты екенін толық айтып шығу.

1997 15 1 9 8 1993 1995 25 2012 1991 1992 22 16 70 1986

2-аялдама — «Бірге ойлайық»

Өлең • автор • тақырып

Әр топқа ақын-жазушылардың өлеңінен соңғы екі жол оқылады. Тапсырма: өлеңнің бастапқы екі жолын табу, сонымен бірге авторын және тақырыбын айту.

1-топ

«Тілегенің алдыңнан, іздемей-ақ табылар…»

2-топ

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!»

3-топ

«Құмарланып шаттанба, ойнап босқа күлуге.»

4-топ

«Өзінің де, өзгенің баласы — оның баласы.»

3-аялдама — «Халық даналығы»

Мақал-мәтел

Тілсіз ой болуы мүмкін емес. Халқымыз өз ойын даналық сөздер арқылы ұрпаққа мұра еткен. Қай топ жаңылмай көп мақал-мәтел айтса, сол топ жеңімпаз атанады.

4-аялдама — «Жорға сайыс»

1 минут

Бір минут ішінде әр топ әр пән бойынша қойылған сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беруі керек.

5-аялдама — «Басқатырғы»

Сөйлем құрау

Берілген дыбыстарды реттеп, мағыналы сөйлем құрау.

Берілген әріптер

ьториқазлооақспавтанждшмефыніңаывотшгешанячсымжщ

Дұрыс сөйлем

ҚАЗАҚСТАН — МЕНІҢ ОТАНЫМ

6-аялдама — «Жүректен жүрекке»

Тілек

Оқушылар шеңбер жасап, бір-біріне ізгі тілектерін жолдайды.

Сіздерге табыс тілеймін,

Жарық пен жылу, денсаулық!

Біріңе-бірің сендер де,

Тілеңдер біраз жақсылық.