Көбіне оқушылардың білім деңгейіне, дайындығына сәйкес, уақыттың болуына қарай өткен тақырыпты қаншалықты меңгергендігін тексеру үшін қосымша тапсырмалар ұсынып отырамыз
4-сыныпқа арналған математика пәнінің үлестірмелі дидактикалық материалдары
Математика — қызықты әрі күрделі пәндердің бірі. Оқушылардың білім деңгейіне, дайындықтарына және уақыт мүмкіндігіне қарай өткен тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру үшін қосымша тапсырмалар ұсынып отырамыз. Мұндай жұмыс түрі баланың бағдарламаны қаншалықты түсінгенін көрсетеді, өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамытады және математикалық білімді жүйелеуге көмектеседі.
Ұсынылып отырған жинаққа енгізілген тапсырмалар мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді деп ойлаймын. Себебі тапсырмалар оқулықтың тақырыптары мен тарауларына сәйкестендірілген.
Тараулар
- 1 Көп таңбалы сандар
- 2 Шамалармен жүргізілетін есептеулер
- 3 Теңдеулер және оларды шешу
- 4 Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері
- 5 Есептер және оларды шығару
«Математика ақыл-ойды тәртіпке келтіреді» деген сөздің жаны бар. Соған орай тапсырмалар мазмұнына сәйкес шартты белгілермен берілді.
Оқы және есептеп жаз
Қызықты тапсырмалар
Сызу жұмыстары
Бұл құрал оқушылардың математика сабағына қызығушылығын арттырып, материалды еркін меңгеруіне тиімді әрі пайдалы болсын деген ниетпен ұсынылады.
Көп таңбалы сандар
1-тапсырма
Сандарды өсу ретімен жаз:
259, 206, 251, 219, 291, 20
Қызықты тапсырма:
Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағат ойнады?
2-тапсырма
Разрядтық қосылғыштарға жікте:
318, 504, 415, 7506
Қызықты тапсырма:
Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды. Сонда дорбада 1 асық қалып қойды. Бұл қалай мүмкін?
3-тапсырма
Амалдарды орында:
Тапсырманың нақты өрнектері мәтінде көрсетілмеген.
Қараоба орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Мукашева Ризагүл Каиргельдинқызы