Асқорытудың маңызы
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Тақырыбы
- Асқорытудың маңызы. Асқорыту жүйесі (слайдтар арқылы)
- Әдіс-тәсілдері
- Сұрақ–жауап, СТО стратегиясы
- Көрнекілігі
- Оқулық, плакат, видеопроектор
- Сабақ форматы
- Жоспар бойынша баяндама түрінде түсіндіру, тапсырмалар арқылы бекіту
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды ас қорыту мүшелерімен таныстыру, білімдерін жетілдіру. Ас қорыту жүйесінің ерекшеліктерін көрсету және құрылысы мен қызметін түсіндіру.
Дамытушылық
Тест тапсырмалары және сұрақ–жауап арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Ас қорыту мүшелерінің маңызын түсіндіру арқылы дүниетанымды кеңейту, еңбек дағдысын қалыптастыру және денсаулықтың қадірін терең ұғынуға, оны сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Суреттер арқылы топқа бөлу.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасы екі бөлімнен тұрады: сұрақ–жауап және тест жұмысы.
1-тапсырма. Сұрақ–жауап
-
1) Адам организмі үшін тағамның рөлі қандай?
Организмнің қалыпты тіршілік әрекеті үшін жасушалар мен ұлпаларға үнемі қоректік заттар қажет.
-
2) Қоректік заттар дегеніміз не?
Нәруыздар, көмірсулар, майлар, минералды тұздар, су және витаминдер.
-
3) Нәруыздың тәуліктік мөлшері қандай?
Шамамен 100 г.
-
4) Ас қорыту дегеніміз не?
Тамақ өнімдерінің қарапайым, организмге сіңірілетін заттарға дейін ұсақталуы және ыдырауы.
-
5) Ас қорытуда ферменттердің рөлі қандай?
Ферменттер — нәруыз текті заттар. Олар ас қорыту жолында заттардың ыдырауын қамтамасыз ететін химиялық реакцияларды жылдамдатады. Әр фермент белгілі бір затқа әсер етеді.
-
6) Нәруыз, көмірсу, май және витаминдердің рөлі қандай?
Нәруыз — негізгі құрылыс материалы; майлар — энергия көзі және құрылыс материалы; көмірсулар — негізгі энергия көзі; витаминдер — зат алмасу үдерістеріне белсенді қатысады.
-
7) Адам рационына кіретін өсімдік және жануар текті өнімдерді атаңыз.
Оқушылар мысал келтіреді (көкөніс, жеміс, дәнді дақылдар; ет, сүт өнімдері, балық және т.б.).
-
8) Толыққанды тағамның құрамы қандай болуы керек?
Рационда нәруыз, май, көмірсу, витаминдер, минералды тұздар және су жеткілікті мөлшерде теңгерімді болуы қажет.
2-тапсырма. Тест жұмысы
1) Қоректік заттардың құрамына қандай органикалық қосылыстар кіреді?
- a) нәруыздар, көмірсулар
- ә) витаминдер, майлар
- б) минералды тұздар мен су
2) Адам денесіндегі судың орташа мөлшері қандай?
- a) 20–25%
- ә) 0,6–5,0%
- б) 60–65%
3) Адам организміне өзгеріссіз сіңірілетін зат:
- a) көмірсулар
- ә) нәруыздар
- б) су
4) Нәруыздың қажетті тәуліктік мөлшері:
- a) 80–90 г
- ә) 100 г
- б) 400–500 г
5) Көмірсулардың қажетті тәуліктік мөлшері:
- a) 80–90 г
- ә) 100 г
- б) 400–500 г
III. Жаңа сабақ
Жаңа тақырып жоспар бойынша баяндама түрінде түсіндіріледі. Негізгі мақсат — ас қорыту жолының бөлімдерін және ас қорыту бездерінің қызметін жүйелі түрде көрсету.
Ауыз қуысы
Жұтқыншақ
Өңеш
Асқазан
Аш ішек
Тоқ ішек
Тік ішек
Ұйқы безі
Бауыр
IV. Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар
1-тапсырма. Биологиялық диктант
Ас қорыту жүйесі ас қорыту мүшелері мен ас қорыту бездерінен тұрады.
Адамдағы ас қорыту жолының ұзындығы шамамен 8–10 м. Ол ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек, тік ішек бөлімдерінен құралады.
Ұйқы безінің ұзындығы 10–12 см. Ол асқазанның төменгі жағында, екінші бел омыртқасы деңгейінде орналасады.
Бауыр — қоңырқай түсті ең ірі без, массасы шамамен 1500 г. Оның негізгі қызметі — өт бөлу.