Қалған пайызы ғана тұл жетімдер
Мақсаты
-
1
«Жетім» сөзінің мән-мағынасын ашу арқылы оқушылардың түсінігін кеңейту, өмірге деген құштарлық пен қызығушылықты ояту.
-
2
Жетімнің ақысын жемеуге, өмірден өз орнын табуға, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету және көмек қолын созуға дағдыландыру.
-
3
Жетімге құрметпен қарауға, жәрдем көрсетуге, мейірімділік пен ізгілікке тәрбиелеу; өмірге жақсы көзқараспен қарап, өмірді қадірлей білуге баулу.
Өткізілу барысы
I. Ұйымдастыру
Сәлемдесу.
II. Кіріспе сөз
Сынып сағатының тақырыбы мен мақсаты түсіндіріледі. «Жетім көрсең, жебей жүр» деп дана бабаларымыз жетім-жесірді жылатпаған. Адам баласының бәрінің баратын жері — бір. Бірақ біреуге ерте, біреуге кеш.
Қоғамдық ой
Жастай үзілген жандардың артында еңіреп, аяқтанбаған ұрпақ қалады. Тағдырдың тұл жетім қалдырғанына дауа табу қиын. Ал қазіргі заманда тұл жетімнен гөрі тастанды, яғни әлеуметтік жетім балалардың көбеюі алаңдатады.
Мемлекет жетімін жылатпауға барынша жағдай жасап келеді: қолдайтын заң да бар, қаржы да бөлінеді. Жетімдер үйіне барып көргенде, мұны өз көзімізбен байқадық. Дегенмен, қамкөңіл жандардың барлық мәселесі толық шешілді деу әлі ерте.
Осы тәрбие сағатында біз аталған мәселелерге кеңірек тоқталып, өмірдің көлеңкелі тұстарын ой елегінен өткіземіз.
Жүргізушілер сөзі
1-жүргізуші: Өмір, өмір! Өмірдің мәні қандай? Қайратыңды жігерге жанығандай. Жүріңдер бұл өмірде қол ұстасып, достықтарың жарасып дәл осылай.
2-жүргізуші: Шыдамдыны мына өмір ұнатады: бірде қуантып, бірде жылатады; сүріндіріп кейде сені құлатады, жылатып тұрып жұбатады. Дұшпандарға кейде сені сынатады. Қатал тағдыр шыдатады. Өмір жолы — сан тарау: қия шатқал, қия шың.
1-жүргізуші: Сол жолдан адаспаудың ең бірінші шарты — өзіңді тану, өзіңді сыйлау, өзіңді қадірлеу. Өмір — Алланың берген сыйы. Өмірдің ащысы да, тәттісі де бар; сол кезеңдерді еңсере білу қажет. Адам өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс, саналы да жарқын өмір сүруге ұмтылуы керек.
«Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?» деген сұраққа жауап іздегенде, жетім балалар үйін көре отырып, әлі де ойланбайтын адамдар аз емес екенін аңғардық. Сондықтан бүгін сіздерге «Жетім көрсең, жебей жүр» атты ашық альбом-сағатымызды ұсынамыз.
«Жетім» ұғымына үңілу
Енді «жетім» сөзінің астарына тоқталайық. Ауызша журналдың алғашқы беті — жетімдер үйі және жетімдіктің түрлері туралы ой.
Тарихи түсінік
«Жетім» атауы көбіне соғыс жылдарында ата-анасынан айырылып, қараусыз қалған балалармен байланысты айтылады. Осындай ауыр кезеңдерде жетім балалар мәселесі айқын көрінді. Тарихта Тәуке ханның «Жеті жарғысы», Есім ханның «Ескі жолы» секілді заңдарында жетімдерді жағдайы бар адамдардың қамқорлығына беру тәжірибесі кездескен.
Х–ХХ ғасырлар аралығында жетім ұғымы көбіне толыққанды отбасылық тәрбие көрмеген баланың ахуалымен байланыстырылды. Мұндай жағдайдың салдары ретінде мазасыздық, агрессия, мінездегі жағымсыз ауытқулар сипатталады.
Кейінгі жылдары әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты әлеуметтік жетім балалардың саны артып келеді.
Анықтама
Жетім — ата-анасының екеуі де, немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала. Сондай-ақ ата-ана құқықтары шектелген немесе айырылған; ата-анасы хабар-ошарсыз кеткен деп танылған; өлді деп жарияланған; әрекетке қабілетсіз (немесе қабілеті шектеулі) деп танылған; бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан; баланы тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтарған; баласын тәрбиелеу не емдеу мекемесінен алудан бас тартқан және басқа да жағдайларда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала да жетім санатына жатады.
Жетімдіктің түрлері
Әлеуметтік жетім
Ата-анасы тірі болғанымен, әртүрлі себеппен баладан бас тартуы немесе ата-ана құқықтарының шектелуі салдарынан бала ата-ана қамқорлығынан айырылған жағдай.
Тұл жетім
Ата-анасының екеуі де, немесе жалғыз басты ата-анасының бірі қайтыс болған жағдай.
Қазіргі таңда әлеуметтік жетімдік тұл жетімдікке қарағанда жиі кездеседі: шамамен 80% әлеуметтік жетім, ал қалған бөлігі — тұл жетімдер.