Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Жылыбұлақ негізгі мектебінің психологыНиязова Дамира ҚауашқызыБалалардың дарындылығын айқындауға арналған психологиялық тестҰсынылған сұрақтарға иә немесе жоқ деп жауап беру қажет

Павлодар облысы, Шарбақты ауданы,
Жылыбұлақ негізгі мектебінің психологы
Ниязова Дамира Қауашқызы

Балалардың дарындылығын айқындауға арналған психологиялық тест

Ұсынылған сұрақтарға иә немесе жоқ деп жауап беру қажет. Тестті 4, 5 - 7 жастағы балаларға және басқа жастағы категорияларға қолдануға болады. Мұғалімдер, ата - аналар және балалармен жұмыс істегенде қолдануға болады.
1. Баланың кейбір заттың ерекше қолдануын тапқан жағдайлары болды ма?
2. Өзінің икемділігін өзгерте ме?
3. Елестеткен заттарды суретке бейнелеп салуды жақсы көре ме?
4. Абстрактты суреттер салу жақсы көре ме?
5. Фантастикалық оқиғаларды жақсы көре ме?
6. Өлең немесе әңгіме шығара ма?
7. Қағаздан қызықты фигураларды қиюды жақсы көре ме?
8. Өмірде жоқ немесе білмейтін бір нәрсені істейді ме?
9. Өзінің талғамына қарай бір нәрсені басқаша қылып істеген кездері болды ма?
10. Қараңғыда қорқа ма?
11. Өзі ойлап бір сөз құрастырғаны болды ма?
12. Бұл сөз талқылаусыз түсінікті деп санаған жағдайлар болды ма?
13. Өзінің ойынша жиһазды орынынан ауыстырып көрген жағдайлар болды ма?
14. Бұл ойы сәтті болды ма?
15. Бір нәрсені орынсыз қолданған кездері болды ма?
16. Кішкентай болған кезде сіздің балаңыздың әртүрлі заттарды орынсыз қолданған жағдайлар болды ма?
17. Киімді таңдағанда сіздің талғамыңыздан гөрі өзінікін қалай ма?
18. Айналадағыларға көрінбейтін өзінің жеке әлемі бар ма?
19. Әлі де түсінбейтініне түсініктеме іздей ме?
20. Айналада қоршаған құбылыстарды түсіндіруді сұрай ма?
21. Суреттері жоқ кітап оқуды жақсы көре ме?
22. Өзінің ойындары мен сауықтыруларын бейнелей ме?
23. Өзі көрген түстері мен басынан кешкен оқиғаларды есіне сақтап, әңгімелей ме?

Иә деген жауаптарға 1 балл, Жоқ - 0 балл қойыңыздар.

Нәтижелері:
20-дан - 23 баллға дейін – бала өте тапқыр, айналада қоршаған ортаға айтар өзінің пікірі бар, оған осы жөнінде көмектесу қажет.
15 - 19 балл - өзінің қабілетін кейде байқамай қалады, ол тапқыр, ойлағыш егер оны қызықтырса.
9 - 14 балл білімнің көп саласында жеткілікті ойлайды, егер өзінің пікірі қажет болмаған жағдайда. Бірақ та, шығармашылық іс - әрекетпен айналысу үшін көп нәрсе жетпейді.
4 - 8 балл – балаңыз тәжірибелік іс - әрекетке бейім, ойлау шығармашылығын өзіне маңызды жетістікте қана көрсетеді.
4 - төмен – балаға шығармашылық жетіспейді, бірақ, күрделі мамандық болса да, ол табысқа жақсы орындаушы ретінде жетеді.



Ұқсас жұмыстар

Павлодар облысының туризм индустриясының даму үрдісі
Дарынды баланы дамытудағы мектеп пен отбасының ынтымақтастығы
Мұғалім – мектептің айнасы, бәйтерегі
Топтық жұмысты диалогты дамыту үшін қолдану
Дарынды балаларды тәрбиелеу жолдары
Гуманитарлық бейіндегі сыныптарда физиканы оқытуда оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру
Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын зерттеу
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын арттыру
Кеден жүйесіндегі басқарудың мәні мен мазмұны
Табиғатқа көрік берген көбелектер
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Қаржы-несие мекемелері рыноктық экономиканың негізгі элементі ретінде
Негізгі қорларды қйта жандандыру тәсілі – күрделі қаржыны жұмсау
Оңтүстік Қазақстан облысындағы несие нарығының қазіргі жағдайын талдау
Тауарлық – материалдық қорлар есебі мен аудиті және олардың жетілдіру жолдары
Мәтін және онымен жұмыстың бағдарламалық талаптарын орындаудың негізгі жолы – тілдік талдау
Оңтүстік Қазақстан облысы топонимиясының физикалық-географиялық астарлары
Несиенің ақшаларының қажеттілігі мен маңызы