Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдерімен таныстыру, сәйкес қалдықты табуды пысықтау

Саяхат-сабақ • Жаңа білім меңгеру

Сабақ тақырыбы

Көбейту және бөлу: 379 × 60, 22740 : 60.

Сабақ түрі

Саяхат-сабақ.

Сабақ типі

Жаңа білім меңгеру.

Сабақ мақсаты

I. Білімділік

Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастырып, көптаңбалы сандарды ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін меңгерту. Есептердің әр түрін шығару дағдыларын жетілдіру. Нөлмен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдерімен таныстыру және сәйкес қалдықты табуды пысықтау.

II. Дамытушылық

Оқушылардың ынта-жігерін, алғырлығы мен шапшаңдығын, танымдық дағдыларын арттыру арқылы шығармашылыққа жетелеу.

III. Тәрбиелік

Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, адамгершілікке, ұжымшылдыққа және тазалыққа тәрбиелей отырып, білімпаздыққа бағыттау.

Әдіс-тәсілдер және ұйымдастыру формалары

Әдіс-тәсілдер

  • Проблемалық әдіс
  • Көрнекілік
  • Сұрақ-жауап
  • Ойын
  • Түсіндіру
  • Талдау-жинақтау

Формасы

  • Ұжымдық жұмыс
  • Топтық жұмыс
  • Жеке жұмыс

Көрнекіліктер

Керуен суреті Сандық Қазан Қоқыс шелегі Кілт Сандар мен цифрлар Слайдтар Үлестірме қағаздар

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық тренинг

Сыйлап сәлем береміз, үлкендерді көргенде.

Әдепсіз деп сөкпесін, үлкендер айтып өкпесін.

Ізетті деп білеміз, сондықтан да сіздерге,

Үйге қонақ келгенде иіліп сәлем береміз.

Сұрақтар мен ұран

  • Қазір бізде қандай сабақ болады? Математика.
  • Математика сабағының ұраны қандай?

Ұранымыз:

Мақсатымыз — білім алу.

Міндетіміз — еңбектену.

Бүгін сабағымызға қонақтар келді. Демек, бұл — жай сабақ емес, ерекше сабақ. «Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады» дегендей, біз ұятқа қалмауға тырысайық.

Саяхатқа кіріспе: көлік таңдау

Талқылау

  • Автотұрақтан қалаға қандай көлікпен барамыз? Автобуспен, машинамен.
  • Ал ертеде адамдар немен жүрген? Атпен, түйемен.

Сабақ идеясы

Ертеде ата-бабаларымыз керуенмен, ауылдан ауылға түйемен жол жүріп, қонақ кәде сұраған. Бүгін біз де сабақ барысында ауылдарға «саяхат» жасаймыз.

Топқа бөлу және рөлдер

Топқа бөлу

Сары түсті дөңгелектер — бір топ, көк түсті шаршылар — бір топ.

Топ атаулары

  • «Керуен»
  • «Автобус»

Жүргізуші

Әр көліктің жүргізушісі — сол топтың басшысы.

«Жедел ойлау» стратегиясы

Өткен сабақта не өтілді? Нөлмен аяқталатын сандарға көбейту және бөлу.

Сұрақ:

Нөлмен аяқталатын сандарды қалай көбейтеміз және қалай бөлеміз?