Мақалдарды көшіріп жазу

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ тақырыбы: Жай сөйлем және құрмалас сөйлем

Пән: Қазақ тілі

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

  • Барлық оқушылар: берілген жаттығуларды ережеге сай орындайды.
  • Оқушылардың басым бөлігі: берілген жаттығулар мен тапсырмаларды орындайды.
  • Кейбір оқушылар: жаттығуды көшіріп жазады.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар сөйлем түрлерін ажыратып, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің айырмашылығын түсінеді және тапсырмалар арқылы бекітеді.

Тілдік мақсат

  • Айтылым: ережені жаттайды, мысалдар арқылы түсіндіреді.
  • Жазылым: жаттығулар мен тапсырмаларды сауатты, қатесіз орындайды.

Негізгі бағдар

Түйінді сөздер

Ережені меңгерту, сөйлем құрылымы, бастауыш пен баяндауыш.

Алдыңғы тақырып

Жыл бойы өткенді қайталау.

Әдістер

«Дұрыс–бұрыс», «Желпуіш», Фрайер модулі, «Сыңарын тап», «Есте сақта» ойыны.

Кіріктірілген 7 модуль

  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
  • АКТ-ны қолдану.
  • Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
  • Талантты және дарынды балаларды оқыту.
  • Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.

Сабақ барысы

Басы: ұйымдастыру және ынталандыру

Топқа бөлу

Мезгіл реті бойынша оқушыларды топқа біріктіру.

Тіл туралы шумақ

Ана тілің — арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

Зейінділік ойыны және өткенді пысықтау

  • Үй жұмысын тексеру.
  • Жылдамдық жаттығуы.
  • «Дұрыс–бұрыс» ойыны арқылы сөйлем түрлерін қайталау.

Қайталау сұрақтары

  • Сөйлем түрлерін ата.
  • Сұраулы сөйлем деген не?
  • Сұраулы сөйлем қандай мақсатта айтылады?
  • Лепті сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
  • Сөйлем дегеніміз не?

Ортасы: жаңа білім және тәжірибе

Ереже

Жай сөйлем — бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлем.

Құрмалас сөйлем — екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлем.

Жеке жұмыс

Оқушылар берілген сөйлемдерді талдап, бастауыш пен баяндауышты табады және белгілеу арқылы дәлелдейді.

Оқулықпен жұмыс: 1-жаттығу

Екі бағандағы сөйлемдерді оқып, салыстыр. Айырмашылығын анықта. Сөйлемдерді көшіріп жазып, бастауышы мен баяндауышын тап.

I баған

  • Аққу — киелі құс.
  • Түрлі ойын-сауық түрлері өткізіледі.
  • Сабантой — егіншілер еңбегінің қорытындысы.

II баған

  • Саяхатшылық — ел өміріндегі қастерлі салт, жастар ол туралы білуі керек.
  • Сабантойда кең дастарқан жайылады, ақсақалдар бата береді.

2-жаттығу: «Сыңарын тап» ойыны

Берілген жұмбақтардың екінші жай сөйлемін тауып жаз. Жұмбақтың шешуін тап.

  1. Дыбыс естісе қашады. Жердің бетін сүйреді.
  2. Гүрілдеп жүреді. Жылыда су болып жатады.
  3. Көрінбейді өзі. Қырқаны бір-ақ асады.
  4. Қыста шыны болып қатады. Естіледі сөзі.

3-жаттығу: мақал-мәтелмен жұмыс

Мақалдарды көшіріп жаз. Әр мақалда қанша сөйлем бар екенін анықта. Әр сөйлемнің бастауышы мен баяндауышын тап.

Ердің атын еңбек шығарар.

Достық төлеуі — достық.

Жақсы өз басынан көреді, жаман жолдасынан көреді.

4-жаттығу: мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқы. Алдымен жай сөйлемнен бір сөйлемді, содан кейін құрмалас сөйлемнен бір сөйлемді таңдап, көшіріп жаз.

5-жаттығу: жай сөйлемнен құрмалас сөйлем құрастыру

Берілген жай сөйлемдерді біріктіріп, құрмалас сөйлемдер құрастырып жаз.

  1. Қазақта баланы атқа мінгізеді. Той жасайды.
  2. Алпамыс алты жасқа толды. Оны атқа мінгізді.
  3. Ата-анасы ағайын-туыстарды шақырды. Той жасады.
  4. Көрші ауылдан ағайындар келді. Алпамысты құттықтады.

6-жаттығу: құрмалас сөйлемді табу

Сөйлемдерді оқып, құрмалас сөйлемдерді теріп жаз.

Мұғалім туралы мәлімет

Мұғалімнің аты-жөні
Мұратбекова Гүлнар Үсейқызы
Тақырып
Жай сөйлем және құрмалас сөйлем