География ғылымы
Астана қаласы, №76 мектеп-лицей
Тарих және география пәні мұғалімі: Жаппарова Гулниса Сериковна
Пәні: Физикалық география • Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы
§1. Физикалық география — Жер табиғаты жайындағы ғылым
Білімділік мақсаты
- «Жаратылыстану» курсындағы тірі және өлі табиғат туралы білімге сүйене отырып, табиғат денелері мен заңдылықтарын меңгерту.
- Табиғат компоненттерінің өзара байланысын түсіндіру.
- Жер туралы мәліметтердің жиналу тарихына шолу жасап, география ғылымының даму кезеңдерін таныстыру.
- Ежелгі және қазіргі географиялық зерттеулердің ерекшеліктерін ажырату.
Дамытушылық мақсаты
- Қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
- Ойды жүйелі жеткізуге және еркін сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты
- Туған жерді сүюге және құрметтеуге баулу.
- Табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Түрі мен типі
- Сабақтың типі
- Жаңа білім беру сабағы
- Сабақтың түрі
- Аралас
Әдістер
- Ой қозғау
- Венн диаграммасы
- Бес жолды өлең
- «Бақытты сәт»
- Сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар
- Жарты шарлар картасы
- Қазақстанның физикалық және саяси картасы
- Суреттер, кестелер
Пәнаралық байланыс және бағдар
- Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, жаратылыстану
- Кәсіптік бағдар: жаратылыстану салалары
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен амандасу, түгендеу, құрал-жабдықтарын тексеру.
Ә) Психологиялық дайындық.
Ой қозғау: «Табиғат деген не?»
Оқушылар табиғат туралы өз ойларын ортаға салады. Суреттер көрсетіліп, табиғат құбылыстарымен байланыстырылады.
Табиғат — бізді қоршаған орта.
Табиғат! Тіршіліксің тұнып тұрған...
Сен — Күнсің! Көтерілген күліп қырдан.
Сен — көлсің, сен — ормансың,
Сен — бұлақсың, адамды сұлулыққа құнықтырған.
Табиғатты тану әр адамға қызық. Табиғатты зерттейтін ғылым салаларының бірі — география. Осыған байланысты бүгінгі жаңа тақырып: «Физикалық география — Жер табиғаты жайындағы ғылым».
Негізгі ұғым: «География» сөзі нені білдіреді?
Оқушыларға ойлануға сұрақ: «География» сөзінің мағынасы қандай?
XIX ғасырдан бастап географияның негізгі салалары
-
Физикалық география
Табиғат денелері мен құбылыстарының Жер бетінде таралу заңдылықтарын және олардың себептерін зерттейді.
-
Экономикалық география
Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және халықтың орналасу заңдылықтарын зерттейді.
Физикалық географияның бағыттары
-
Жалпы физикалық география
Жер шарына ортақ табиғи ерекшеліктерді зерттейді.
-
Аймақтық физикалық география
Материктерді, елдерді және жеке аумақтарды бөліп қарастырады.
География ғылымдарының жүйесі
Жаратылыстану-географиялық ғылымдар
- Физикалық география (географиялық қабықтарды тану)
- Топырақтану
- Климатология
- Гляциология
- Гидрология
- Океанология
- Палеогеография (географиялық қабықтың ежелгі қалпын тану)
Қоғамдық географиялық ғылымдар
- Әлеуметтік-экономикалық география
- Тарихи география
Біріктірілген және қолданбалы салалар
- Әскери география
- Елтану
- Өлкетану
- Картография
- Топонимика
География ғылымының даму кезеңдері
Ежелгі заман
Б.з.б. III ғасырда грек ғалымы Эратосфен «География» еңбегін жазып, географияны Жерді сипаттайтын ғылым ретінде қарастырды.
Орта ғасыр
География жаңа жерлерді ашу, зерттеу және сипаттаумен айналысты. Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Австралия сияқты аймақтар туралы білім кеңейді.
Жаңа заман
XIX ғасырдың басында ашылмаған аумақтар азайғандықтан, географияның міндеті өзгерді: құбылыстардың таралуын сипаттап қана қоймай, себептерін түсіндіретін ғылымға айналды.
Қазіргі заман
Адамның қоршаған ортаға әсері күшейген сайын, географияның маңызды міндеті — табиғатты қорғау және ресурстарды тиімді пайдалану.
Физикалық география курсының мазмұны
Оқулық Жер табиғатына тән жалпы заңдылықтарды қарастырады және негізгі ұғымдарды жүйелейді:
-
Жердің Күн жүйесіндегі орны
Планеталардың қозғалысы мен өзара байланысы контекстінде.
-
Планетаның пішіні мен өлшемдері
Жердің геометриялық ерекшеліктерін түсіндіру.
-
Жер бетін план мен картада бейнелеу
Карта, жоспар, шартты белгілер және масштаб ұғымдары.
-
Жер қабықтары және олардың өзара әрекеттесуі
Литосфера, атмосфера, гидросфера, биосфера байланысы.
Қазіргі география — Жер бетінің алуан түрлілігін, ауа райы мен климаттың қалыптасуын, сондай-ақ адам–қоғам–табиғат байланысын қарастыратын жүйелі ғылым. Сондықтан физикалық географияның бастапқы курсын толық меңгеру — география ғылымының мәнін терең ұғынуға жол ашады.
Бекіту: сұрақ-жауап және ойын
Сұрақ-жауап
- География нені зерттейді?
- Ауыл табиғатын сипаттаңдар.
- Физикалық географияны қалай түсінесіңдер?
География — Жер беті табиғатын, халқын және оның шаруашылығын сипаттайтын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың жолдарын қарастыратын ғылым.
«Бақытты сәт» ойыны
- «Гео» сөзі қандай мағына береді?
- «Графо» сөзі қандай мағына береді?
- «Географияның атасы» деп кімді атаймыз?
- Эратосфен қай ғасырда өмір сүрген?
- Эратосфеннің еңбегін ата.
- Физикалық география нені зерттейді?
- Адамның табиғатқа зиянды әсеріне мысал келтір.
- «География» атауын ең алғаш қолданған ел.
Шығармашылық жұмыс: «Бес жолды өлең»
Тақырып таңдаңыз:
Құрылымы
- 1-жол: тақырып (зат есім)
- 2-жол: сипаттау (2 сын есім)
- 3-жол: қимыл (3 етістік)
- 4-жол: сезіну (сөз тіркесі немесе сөйлем)
- 5-жол: қорытынды/синоним
Қосымша бағыт
Жергілікті жерді бағдарлау құралдарымен жұмыс жасауға қысқаша бағыт-бағдар беріңіз: картадан орнын табу, шартты белгілерді оқу, бағытты анықтау.
Қорытынды
Сабақ соңында оқушылар:
- географияның нені зерттейтінін түсінді;
- физикалық және экономикалық географияның айырмашылығын ажыратты;
- география ғылымының даму кезеңдерін жүйеледі;
- табиғатты қорғаудың маңызын талқылады.
«Біз не үйрендік?» талқылауында оқушылар сабақта не істегенін және қандай жаңа білім алғанын өз сөздерімен қорытындылайды.
Үй тапсырмасы
- §1 тақырыбын оқып келу.
- Ауыл табиғатының суретін салу.
- Сурет бойынша қысқаша сипаттама жазу.