Терме диктант
Қазақ тілінен диктанттар жинағы
Төмендегі материалдар бастауыш сынып оқушыларына арналған: сөздік диктанттар, ескерту диктанты, терме диктант, көру диктанты, шығармашылық және бақылау диктанттары. Тапсырмалар сөйлем, сөз, дыбыс, әріпті қайталауға, сондай-ақ буын мен тасымал дағдыларын бекітуге бағытталған.
1) Сөздік диктант (сөздерді жазу және қайталау)
1-тізім
- Парта
- Оқушы
- Оқулық
- Мұғалім
- Мектеп
- Директор
- Бағдаршам
- Аурухана
- Коньки
- Акварель
- Гуашь
- Трамвай
2-тізім
- Ермексаз
- Вокзал
- Шарф
- Килограмм
- Көпбұрыш
- Отбасы
- Фамилия
- Нағашы
- Шаңғы
- Жолбарыс
Назар аудару
Бұл бөлімде сөйлем, сөз, дыбыс, әріп ұғымдарын қайталау ұсынылады.
2) Ескерту диктанты
«Күз келді»
Күз келді.
Күн қысқарды.
Түн салқындай бастады.
Құстар жылы жаққа ұшып кетті.
Егін жиналды.
Тапсырмалар
- Әр сөйлемнің неше сөзден тұратынын жақша ішінде көрсет.
- Әр сөйлемнің басында тұрған сөздің астын сыз.
3) Терме диктант
«Ағайынды балалар»
Асқар мен Болат ағайынды.
Олар мектепке барады.
Оларда жаңа портфель бар.
Портфельге оқу құралдары салынған.
Тақтаға жазылатын сөз
портфель
Тапсырмалар
- Бас әріппен жазылатын сөздерді теріп жаз.
- Тасымалдауға болмайтын сөздерді жаз.
- Үш буынды сөздерді теріп жаз.
Өлең бойынша терме диктант
Шатастырып кебісті,
Екі қария керісті.
Бір-біріне кейісті,
Ақырында келісті.
Е. Елубаев
Тапсырмалар
- Бір дыбысы өзгерген сөздерді теріп жаз.
- Өзгерген дыбыстың астын сыз және сөздің мағынасын түсіндір.
4) Шығармашылық диктант
Берілген сөздерден сөйлем құра
- Жемістер, мол, болады, күзде.
- Сарғая, жапырақтар, бастады.
- Егінді, орады, комбайнмен.
Тапсырмалар
- Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрап жаз.
- Сарғая және комбайн сөздеріне дыбыстық талдау жаса.
Ашық тапсырма үлгісі
Кісінің аты-жөні
…
Қала аттары
…
Мамандықты білдіретін сөздер
…
Тау аттары
…
5) Көру диктанты
«Құрт»
Томпайтын ұртты,
Сорамыз құртты.
Жасайтын оны
Тек қазақ ұлты.
Е. Елубаев
Тапсырмалар
- Өлеңді жатқа жаз.
- Томпайтын сөзін тасымалдап жаз.
«Батырлар аттас балалар»
Бауыржан, Мәлік, Талғаттар,
Сүйікті болып қалды аттар.
Олар аттас қаншама
Сәби бар, шәкірт, солдат бар.
О. Асқар
Тапсырма
Өлеңнен кім? сұрағына жауап беретін сөздерді тап.
6) Бақылау диктанты
Мәтін
Мен жазда Астана алаңына бардым.
Қала маған қатты ұнады.
Әдемі үйлер көп салыныпты.
Астананы тамашалауға келген қонақтар көшеде жиі кездеседі.
Есіл өзенінде қайықпен серуендедім.
(24 сөз)
7) Буын және тасымалды қайталау
Сөздерді буынға бөліп жаз
- Долана
- Сарымсақ
- Зейінді
- Бауырмал
- Оркестр
- Әуежай
- Жауынгер
- Кітапхана
- Қырғауыл
- Икемді
Тасымалданбайтын сөздерді белгіле
Төмендегі сөздердің ішінен тасымалданбайтындарын таңдап, астын сыз.
- Аға
- Сіңлі
- Босаға
- Жең
- Қамшы
- Ауыл
- Ертіс
- Іле
- Балапан
- Жақ
- Сауат
- Жеңіл
- Кілт
8) Зат есімді (заттың атын білдіретін сөздерді) қайталау
Сөздік диктант
- Жолаушы
- Арыстан
- Бүлдірген
- Шағала
- Ұста
- Диқан
- Қарағай
- Тоңызқыш
- Қаңылтыр
Тапсырма
Сөздерге сұрақ қой: кім? немесе не?
Терме диктант (ғарыш тақырыбы)
Юрий ашып ғарышты,
Аймен адам танысты.
Мен ұшамын бетке алып,
Юпитер мен Марсты.
Шолпан, Уран, Сатурн —
Іздеп келе жатырмын.
Меркурий, Нептун, Плутон —
Қарсы алатын батырмын.
О. Асқар
Тапсырмалар
- Өлеңнен заттың атын білдіретін сөздерді теріп жаз.
- Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді бір сызықпен, ал не? сұрағына жауап беретін сөздерді екі сызықпен сыз.
9) Өздік диктанты
Сөздер
- Жұмысшы
- Ғалым
- Ғылым
- Жұлдыздар
- Сандар
- Ана
- Көл
Тапсырмалар
- Берілген сөздермен сөйлем құрастыр.
- Кім? және кімдер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді тап.
Материалды жүктеу
«Қазақ тілінен диктанттар жинағын» жүктеу бөлімі осы бетке қосымша ретінде беріледі.