Шыдай - шыдай ақыры жалығармыз, Бірімізден біріміз арылармыз
Мұқағали Мақатаев
Фариза!
Фаризажан, Фариза - қыз,
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Шыдай - шыдай ақыры жалығармыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.
Сен мені білесің бе, білесің бе?
Жаралмаған жан екем күресуге.
Жылай жүріп, өтірік күлесің де,
Жүресің де қоясың, жүресің де.
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,
Тастағысы келеді күресінге.
Фаризажан, сен соны білесің бе?...
Жанарымды тұманмен тұмшаладым,
... Серіппесі үзіліп тұр садағым.
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын.
Ауырлар деп ойлап па ем мұнша халім...
Ақын болып несіне жаратылдым,
Арасында қап қоймай қара түннің.
Қасиетін сезем деп Ана тілдің,
Қауырсыны қалмады қанатымның.
Қу тірлікке құл болып, аяң басып,
Құлашымды жая алмай баратырмын.
Момын едім, жақсы едім, ұяң едім,
Аттап өттім олардың қия белін.
Енді, міне, қауқарсыз құр ашуды,
Жия бергім келеді, жия бергім.
Маңдайымнан сипаған бір жан болса,
Енді қалған өмірімді қияр едім.
Білмеймін, бұзықпын ба, жындымын ба?!
Кеп тұрады тілегім мұңды - мұңға.
Енді қалған өмірдің құрдымында,
Өлтірсе де көмбеймін жырды құмға!
Нөл болады деп айтам, жалтармаймын,
Көбейтсең де қаншама мынды - мыңға...
Айналаға қарайық анық барлап,
(Түн кеткесін, күн шығып, жарық болмақ),
He туралы жырласақ, Фариза - қыз,
Бағыштайық бәрін де халыққа арнап.
Фариза, Фаризажан, Фариза - қыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Том - том болып дүкенде тұрмасақ та,
Подвалдағы архивтен табылармыз...
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Халқымыздың дарынды ақындары
Фариза Оңғарсынованың поэзиясы мен поэтикасы
Айбек Қалмағамбетов. Жоғалған қыз туралы аңыз
САТЫБАЛДИЕВ ӘБЕН
Алпамыс батыр
Абайдың қара сөздері (1-10)
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ ТІЛІ (Тынымбай Нұрмағанбетовтің шығармалары бойынша)
Қазанда хан
Дулат Бабатайұлының Еспембет дастаны
Абайдың «қара сөздерінің» тәрбиелік мәні
Тақырып Эстафеталық жүгіруді түрлендіру
Ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір байда жүрген қойшы байдан көп жылдар бойы ақы ала алмаған соң және байдың қорлығына шыдай алмай бір түнде еліне қашып кетеді
Тақырыптар Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны
Радиоактивті түтін аймақтан асып, 10 - нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті
Крест жорықтары ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бастауыштары есімдіктердің әр түрінен болатын Менің курстас жолдастарым тақырыбында шағын әңгіме құрастырыңыз
Федосья ақырын ғана күбірлеп
Тақырып Ынтымақтастық дағдыларын дамыту
Сабақтың тақырыбы
Тақырып Шығыс халықтарының музыкалық дәстүрі