Тұрлаулы мүшелердің астын сызу
Сабақ туралы мәлімет
- Өңір
- Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
- Мектеп
- Күйкен орта мектебі
- Пән
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Сынып
- 8-сынып
- Мұғалім
- Матниязова Айнұр Талғатовна
- Сабақ тақырыбы
- Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Жалпы мақсат
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша туралы білімді толықтыру.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықшаның қойылу жағдайларын меңгереді және тапсырмаларда қолданады.
Оқыту формасы
- Жеке оқушымен жұмыс
- Топтық жұмыс
- Сынып ұжымымен жұмыс
Әдістер мен тәсілдер
Құрал-жабдықтар
- Оқулық
- Бағалау парақшасы
- Кеспе қағаздар
Сабақ барысы
1-кезең: Ұйымдастыру және үй тапсырмасы
Уақыты: 2 мин + 5 мин
Мұғалім әрекеті
- Амандасу, сабаққа дайындық пен оқу құралдарын тексеру.
- Үй тапсырмасын дәптер арқылы тексеру.
- Өткен тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау үшін сұрақтар қою.
Оқушы әрекеті
- Топ мүшелері үй тапсырмасы бойынша жауап береді.
- Көрнекі құралдардағы және жеке сұрақтарға жауап береді.
2-кезең: Жаңа сабақ (Мағынаны тану)
Уақыты: 30 мин
Бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан жасалуына және интонация арқылы байланысуына қарай, төмендегі жағдайларда бастауыштан кейін сызықша қойылады.
-
1) Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есім болса, араларына сызықша қойылады.
Астық – біздің байлығымыз.
Күдіренов Айтым – аға шопан.
Ерлік – бүгінгі өмір талабы.
-
2) Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің III жағынан болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады.
Бұл – үлкен қуаныш.
Ол – қазір звено бастығы.
-
3) Бастауыш заттанған сын есімнен, сан есімнен немесе есімшеден болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады.
Қыздардың үлкені – Майра, кішісі – Сайра.
Үш – тақ сан.
Ұзын белдің бойында биік таудай мұнартқан – Қарағанды.
-
4) Бастауыш тұйық етістіктен (дара немесе күрделі) болып, баяндауыш зат есімнен болса немесе керісінше, бастауыш зат есім, баяндауыш тұйық етістіктен болса, араларына сызықша қойылады.
Менің ұмтылған тілегім – қалайда пайдалы адам болып шығу.
Қой бағу – қиын кәсіп.
-
5) Бастауыш та, баяндауыш та сан есім болса, араларына сызықша қойылады.
Бес жерде бес – жиырма бес.
-
6) Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің III жағынан болған бастауышты, сондай-ақ зат есім, сын есім, есімшеден болған бастауыштарды көршілес тұрған зат есімнен болған сөйлем мүшесінің анықтауышы деп шатастырмас үшін, бастауыштан кейін сызықша қойылады.
Бұл – жазушының байқағыштығын көрсетеді.
Жақсы – ісімен жақсы.
Көрмес – түйені де көрмес.
-
7) Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін, сан есімнен кейін сызықша қойылады.
Жүз – жиырма беске бөлінеді.
Жүз жиырма – беске бөлінеді.
Сергіту сәті
Қысқа сергіту жаттығулары арқылы назарды шоғырландыру және жұмыс қарқынын қайта қалпына келтіру.
Кітаппен жұмыс: 40-жаттығу
Тапсырма: сөйлемдердегі тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар.
Қарасай баба – баһадүр батыр.
Киесі, пірі – жолбарыс.
Түнгі серігі – тәтті қиялы.
Салған ой – істің бастауы.
Жұрттың сұрайтыны – Сүйінбай.
Серті – сол.
Ол – молда.
Тест тапсырмалары
Оқушылар жұптасып талқылайды, бір-біріне сұрақ қояды және жауаптарын дәлелдейді.
-
1) Бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем қалай аталады?
- A) Құрмалас сөйлем
- B) Жай сөйлем
- C) Сабақтас құрмалас сөйлем
- D) Салалас құрмалас сөйлем
- E) Аралас құрмалас сөйлем
-
2) Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай нешеге бөлінеді?
- A) 5
- B) 3
- C) 2
- D) 4
- E) 6
-
3) Сөйлем мүшелеріне жатпайтынын көрсетіңіз.
- A) Бастауыш
- B) Анықтауыш
- C) Баяндауыш
- D) Толықтауыш
- E) Сөз тіркесі
-
4) Бастауышы дара болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.
- A) Үй іші ұзақ жым-жырт болды.
- B) Еңбек еткен ер атанар.
- C) Ертең құрылыс жұмысы басталады.
- D) Оқушылар мектептен қайтты.
- E) Астана қаласы қазақстандықтардың мақтанышына айналып отыр.
-
5) Бастауышы күрделі болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.
- A) Жаңбыр құйып кетті.
- B) Өтеген он төрт жаста.
- C) Бәйтерек кешені – тәуелсіздіктің символы.
- D) Әсел үйіне қайтты.
- E) Әкесі келгенін байқамай қалды.
Орындау форматы: оқушылар жұптасып талқылайды; берілген тапсырмаларды дәптерге жазып орындайды.
3-кезең: Кері байланыс, бағалау және үй тапсырмасы
Уақыты: 5 мин + 2 мин
Қорытынды сұрақтар
- Тұрлаулы мүшелерді атаңдар.
- Тұрлаусыз мүше дегеніміз не?
Бағалау
Критерийлер арқылы формативті және жиынтық бағалау жүргізіледі.
Кейінгі тапсырма: 41-жаттығу
Мәтінді көшіріп жазыңдар да, бастауыштан кейін тиісті жеріне сызықша қойыңдар.
Село – үлкен.
Бұл – Марқакөл ауданының орталығы.
Алтай жайылымдары – биыл ерекше.
Мына жалпақ етек – толған қойлы ауыл.
Көл – балыққа кедей емес көрінеді.
Ең бағалысы – қызылбалық.