Тапсырманың берілісін оқыту
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән
Қазақ тілі, 1-сынып
Сабақтың тақырыбы
Мәтін. Мәтін деген не?
Сабақтың түрі және әдісі
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Интербелсенді тақта
Сабақтың мақсаты
-
Білімдік
Оқушыларға мәтін туралы түсінік беру, байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Салыстыру, талдау, қорытынды жасауға үйрету.
-
Дамытушылық
Сөздік қорын молайту, қызығушылығын арттыру, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
-
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды сабаққа дайындау.
- Қажетті құралдарды түгендеу.
II. Психологиялық сәт
Жағымды көңіл күй қалыптастыратын қысқа жаттығу жүргізіледі.
III. Үй тапсырмасын тексеру
5 оқушыдан сұрау, дұрыс жауапты талдау.
Ескерту
Дәптерді партаның шетіне жауып қоямыз.
Қызықты бастау: сөзжұмбақ
Жұмбақтардың жауабын тауып, жасырын сөзді шығарамыз.
1) Жұмбақ
Түссе күннің шуағы, көзді еріксіз жұмады. Жылы жерді сүйеді, беті-қолын жуады.
Жауабы: Мысық
2) Жұмбақ
Дүниеде бір молда, уағында азан оқиды. Мезгілінде айқайлап, қайтып кеп жер шұқиды.
Жауабы: Әтеш
3) Жұмбақ
Ағашта тұрағы, жаңғақ тамағы.
Жауабы: Тиін
4) Жұмбақ
Өзі жүрген бір қу, жүрген жері айқай да шу.
Жауабы: Түлкі
5) Жұмбақ
Сылдырдан қорқады, шошынып жортады.
Жауабы: Қоян
Қандай сөз шықты?
Мәтін
Жаңа тақырып: мәтін деген не?
Бүгін біз мәтін ұғымымен танысамыз және сөйлемдердің бір-бірімен қалай байланысатынын байқаймыз. Мәтін — мағынасы жағынан өзара байланысты екі немесе одан да көп сөйлемнен құралады.
Негізгі белгісі
Сөйлемдер бір тақырыпқа бірігеді және мағыналық байланыста болады.
Тақырыбы болады
Мәтінге ат қоюға болады.
Реті сақталады
Мәтіндегі сөйлемдердің орнын орынсыз ауыстыруға болмайды.
Оқулықпен жұмыс: 135-жаттығу
Тапсырманың шартын оқып, сөйлемдердің байланысын анықтаймыз.
Берілген сөйлемдер
- Ара — жәндік.
- Оқушы құстың суретін салды.
- Апам тон тікті.
3 оқушыға оқыту.
Талдау және қорытынды
Бұл сөйлемдер әртүрлі тақырыпта берілген, сондықтан мәтін болып құрала бермейді.
Мәтін үлгісі (Ара туралы)
Ара — бал беретін қанатты жәндік.
Ол гүл шырынымен қоректенеді.
Балды омартаға жинайды.
Маңызды
Үш сөйлем де бір ғана тақырыпқа — араға қатысты. Сондықтан бұл — мәтін.
Осы мәтіннің атауы: «Ара».
Дәптермен жұмыс: 136-жаттығу
Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрап, өз бөлмеңді сипаттайсың.
Мәтін үлгісі: «Менің бөлмем»
Мынау — менің бөлмем.
Оның терезелері үлкен.
Оң жақта менің төсегім тұр.
Сол жақта үстел мен орындықтар қойылған.
Бөлменің ауасы таза.
Тапсырма: сөйлемдердің дұрыс ретін сақтап көшіріп жазу.
Сергіту сәті
Жел соғады гу-гу,
Жаңбыр жауады тырс-тырс.
Жаңбыр басылады,
Күн ашылады.
2 рет қайталату.
Оқулықпен жұмыс: 137-жаттығу
Сұрақ-жауап
Бұғылардың тағы қандай пайдасы бар?
Жауабы: Мүйізінен дәрі жасайды.
Шығармашылық тапсырма (өлең)
Бұлттар төніп, жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Денең мұздап тоңады.
Айтыңдаршы, балаларым,
Бұл қай кезде болады?
Жауабы: Күз мезгілі.
«Күз» тақырыбына мәтін құрастыру
Күз келді.
Күн суытты.
Ағаштардың жапырақтары сарғайды.
Жердің бәрі сап-сары болды.
Құстар жылы жаққа ұшып кетті.
Оқулықпен жұмыс: 139-жаттығу
Талдау
Бірінші бағандағы сөйлемдердің үшеуі де бір адам туралы айтылады. Сондықтан екінші баған алынып тасталады.
Нақтылау
Аңшы — кәсіп түрі. Бұл мамандық ретінде оқытылмайды, өйткені аңшылықты үйрететін арнайы оқу орны жоқ.
Суретпен жұмыс
Аң аулайтын адамды аңшы деп атайды.
- Аңшының мылтығы болады.
- Тазы иті болады.
- Қыран бүркіті болады.
Бұлардың үшеуі де «жеті қазынаның» қатарына кіреді.
Қорытынды
Қайталау сұрақтары
- Мәтін деген не?
- Мәтін неден құралады?
- Мәтіндегі сөйлемдер қалай байланысады?
- Бүгін қандай тақырыптағы мәтіндерді қарастырдық?
Өткен тақырыптар
Түйін
Мәтін — бір тақырыпқа құрылған, мағынасы жағынан байланысқан сөйлемдер тізбегі. Мәтінге ат қойылады, ал сөйлемдердің реті сақталады.
Үй тапсырмасы және бағалау
Үйге тапсырма
138-жаттығу.
Бағалау
Оқушылардың тапсырманы орындауы, мәтін құрастыруы және сұрақтарға жауап беруі бойынша бағаланады.