Кембридж бағдарламасы бойынша үшінші (негізгі) деңгейОйын - математика сабағында оқыту және тәрбиелеу әдісіЭпиграфОйын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты
Кембридж бағдарламасы бойынша үшінші (негізгі) деңгей
Ойын — математика сабағында оқыту және тәрбиелеу әдісі
Эпиграф
«Ойын дегеніміз — ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты».
В. М. Сухомлинский
Ойынның мәні және оқу үдерісіндегі орны
Ойын — адамның дүниені танудағы алғашқы қадамы. Ол өмірде өте ерте жастан басталып, адам кәсіпті толық меңгергенге дейін жалғасады. Ал оқыту үдерісінде ойын жаңа педагогикалық технологиялардың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.
Адамның ойын әрекеттерінің формалары, әдістері және мазмұны қарапайым сылдырмақ пен қимыл-қозғалыстан бастап, бірте-бірте қиялға негізделген күрделі видеокомпьютерлік ойындарға дейін дамиды.
К. А. Покровскийдің пікірі
Орыс ғалымы, дәрігер және педагог К. А. Покровский: «Ойын — баланың күнделікті еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады», — деп атап көрсеткен.
Ойын бала бойында қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастырып, әрекетке және дене шынықтыруға төселдіреді. Сол арқылы өмір күресіне, еңбекке баулиды. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да мүмкін емес: ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған әлем туралы түсінігі кеңейеді.
Математикалық ойын және педагогикадағы дидактикалық ойын
Математикалық ойын — ойдан ойға жетелейтін, қиялға қанат бітіретін, ой-өрісті кеңейтетін ерекше құрал. Ол оқушыны ізденіске бағыттап, логикалық байланыстарды байқауға, дәлелдеуге және қорытынды жасауға үйретеді.
Ойынның әлеуметтік қыры
Ойын — екі немесе одан да көп адамнан құралған топтардың өз мүдделерін іске асыру үшін белгілі бір ереже аясында әрекет ету үдерісі. Әр топтың өз мақсаты мен стратегиясы болады.
Дидактикалық ойын ұғымы
Педагогикада қолданылатын ойын түрлері дидактикалық ойындар деп аталады. Олар оқушының ынтасын сабаққа бағыттап, зейін қоюына көмектеседі, қабылдауды жеңілдетеді, білімді толық игеруге жағдай жасайды және сабаққа эмоциялық реңк береді.
Мақсаты мен міндеттері
Ойынның мақсаты
- Баланы пәнге қызықтыру және логикалық ойлауын дамыту.
- Таным әрекетін қалыптастыру, білімді бекіту, пысықтау және алынған білімді тексеру.
- Қызығушылықты ояту және белсенділікті арттыру.
Ойынның міндеттері
Танымдық
Баланың тану және іздену әрекетін дамыту, ойлау белсенділігін күшейту.
Тәрбиелік
Айналасымен қарым-қатынас жасауға үйрету, қажетті дағдыларды және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Дидактикалық ойын құрудың негізгі қағидалары
- 1 Балалардың іс-әрекетінде оқуды ойын түрлерімен ұштастыру: қызықты, жеңіл ойындардан бастап, біртіндеп ойын-тапсырмалар арқылы оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көшу.
- 2 Ойын шарты мен міндеттерін кезең-кезеңімен күрделендіру.
- 3 Тапсырмаларды шешу барысында баланың ақыл-ой белсенділігін арттыру.
- 4 Оқу және тәрбие мақсаттарының бірлігін сақтау.
Сапалылық шарттары және мүмкіндіктері
Дидактикалық ойындардың сапасы бірнеше факторға тәуелді: сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін дәл анықтау; оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруі; шеберлік таныту; қажетті материалдарды алдын ала дайындау; оқушыларды ойын үдерісіне белсенді қатыстыру.
Ұлттық ойындарды қолдану
Сонымен қатар ұлттық ойындарды математикадағы ұғымдар мен теоремаларды ауызша жеткізу мәдениетін, сауаттылық пен біліктілікті дамыту мақсатында тиімді пайдалануға болады.
Ойын әрекетінің даму деңгейлері және оқу үдерісіндегі рөлі
Кәсіптік ойындар
Нақты кәсіби жағдаяттарды модельдеу арқылы шешім қабылдау мен жауапкершілікті қалыптастырады.
Әуестену ойындары
Қызығушылықты күшейтіп, танымға ынталандырады, эмоциялық қатысуды арттырады.
Оқу-жаттығу ойындары
Білімді бекітуге, дағдыны қалыптастыруға және қайталау арқылы нәтижені тұрақтандыруға бағытталады.
Ойын оқу үдерісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Сонымен бірге оны студенттер мен оқушылардың, мұғалімдер мен оқушылардың, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері мен балалардың бірлескен оқу әрекетін өзара байланыста ұйымдастыратын технология ретінде қарастыруға болады.