Есімдік ішінде есімдік
Сабақтың тақырыбы
Жіктеу есімдіктері
Білімділік
Оқушыларға есімдік туралы, соның ішінде жіктеу есімдігінің түрленуі туралы теориялық білім беру. Жіктеу есімдігін есімдіктің басқа түрлерінен ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық
Оқушылардың сауатты жазуын, сөйлеу мәдениетін дамыту; грамматикалық ұғымдарды меңгеру дағдысын қалыптастыру; ой-өрісін және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды елін, жерін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі
Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдістері
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Талдау
- Жеке жұмыс
- Деңгейлік тапсырма
Көрнекіліктер
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық. Бүгінгі қазақ тілі сабағын жақсы көңіл күймен бастайық.
Тіл туралы шумақ
Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым — дара тілім.
Оқушылар сәлемі
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
2) Бағдарлау – мотивациялық кезең
«Қызықты жетілік» ойыны
Өткен тақырыптарды еске түсіру үшін сұрақтарға жауап беріледі:
- Етістік дегеніміз не?
- Сын есім дегеніміз не?
- Ілік септігінің сұрағы қандай?
- Сөйлем мүшесі дегеніміз не?
- Дара және күрделі сан есімнің айырмашылығы қандай?
- Жіктік жалғауы дегеніміз не?
- Күрделі сөздер дегеніміз не?
Жауаптардың қорытындысы ретінде «есімдік» сөзі шығарылып, оның ережесі айтылады және есімдіктің сөз таптарымен байланысы талданады.
3) Игерейік білімді: есімдіктің түрлері
- Сілтеу есімдігі
- Өздік есімдігі
- Сұрау есімдігі
- Жалпылау есімдігі
- Белгісіздік есімдігі
- Болымсыздық есімдігі
Көңіл күйді көтеру шумағы
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанамыз біз,
Арайлап атқан күнге.
4) Операциялық – орындаушылық кезең
4.1) Біліміңді байқап көр: оқулықпен жұмыс
- 14-жаттығу: нүктенің орнына жіктеу есімдігін қойып жаз.
- 13-жаттығу (ауызша): мәтін бойынша тапсырмалар орындау.
Мәтін: Қадыр Мырза Әли туралы
Қадыр Мырза Әли 1935 жылдың 5 қаңтарында Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Ол — ақын, Қазақстанның халық жазушысы. Тұңғыш жинақтары: «Көктем», «Данышпан», «Сабақ», «Алуан-палуан», «Қоян-ноян». Оның 200-дей өлеңіне ән жазылған. «Күндер-ай» деген атпен жеке жинағы шықты.
I топ
Өлеңді (мәтінді) мәнерлеп оқу.
II топ
Есімдіктерді табу және атау.
III топ
Жіктеу есімдіктерін табу және атау.
4.2) «Ойланайық, кім ойшыл»: шығармашылық тапсырма
Мақал құрастырып жазу. Үлгілер:
- Өз елім — өлең төсегім.
- Сіз деген — әдеп, біз деген — көмек.
- Біреу әзіл айтса, сен әділ айт.
4.3) Ойын: «Есімдік ішінде есімдік»
Мақсаты: есімдіктердің дара және күрделі түрлерін меңгерту.
Сұрау есімдігі
Белгісіздік есімдігі
Болымсыздық есімдігі
4.4) Деңгейлік тапсырма: өзіндік жұмыс
I деңгей
«Біз», «сіз», «ол» жіктеу есімдіктерін қатыстырып сөйлем құрап жаз.
II деңгей
Танымдық жаттығу: нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойып жаз.
Астана — Еуразияның кіндігі. ... Еуропа мен Азияның басын қосар көпір болмақ.
... Астанамыз Қазақстанның орталығында орналасқан.
Астанамен ... әлемге таныламыз.
Астана — ... мақтанышымыз.
... болашақта елімнің мақтанышы, қуанышы болуға өз үлесімді қосамын.
III деңгей
Туған жер туралы өлең жаз немесе өлең құрастыр.
4.5) Ойын: «Білім пирамидасы»
Мақсаты: жіктеу есімдіктерінің септелуін меңгерту.
5) Рефлексиялық – бағалау кезеңі
5.1) «Іздеген жетер мұратқа»: тест жұмысы
Жауаптары ілінеді. Оқушылар бір-бірінің жұмысын тексереді.
I нұсқа (жауап кілті)
1) ә; 2) а; 3) б; 4) б; 5) а.
II нұсқа (жауап кілті)
1) б; 2) б; 3) ә; 4) ә; 5) ә.
5.2) Сабақты қорытындылау
Бүгінгі тақырып бойынша негізгі ұғымдар жүйеленіп, «жіктеу есімдігі» туралы білім бекітіледі.
5.3) Ойын: «Мен саған, сен маған»
Мақсаты: өткен тақырыптар бойынша бір-біріне сұрақ қойып, жауап беру арқылы білімді пысықтау.
5.4) Бағалау
Әр оқушы бағалау парағына сүйене отырып, өз білімін бағалап, қорытынды жасайды.