Өлең жазу

Сабақтың мақсат-міндеттері

Мақсаты

Ұлы ақын А. Құнанбаев туралы мағлұмат беру, өлеңнің негізгі идеясын ашу. Оқушының оқу дағдысын қалыптастыру, күз мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру.

Дамытушылығы

Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру; елестету, есте сақтау, өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін дамыту; сөздік қорын байыту және мәнерлеп оқу дағдысын шыңдау.

Тәрбиелігі

Әр маусымның ерекшелігін байқата отырып, табиғат сұлулығын тануға тәрбиелеу; қоршаған орта мен өмірлік болмысты табиғат құбылыстарын бақылау және салыстыру арқылы түсіндіру.

Көрнекілігі

  • Жыл мезгілдерінің суреттері
  • А. Құнанбаевтың портреті

Әдіс-тәсілдері

Ассоциация Түртіп алу Түсіндіру Сұрақ-жауап Талдау-жинақтау Еркін жазу

Сабақ түрі

Аралас сабақ.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

  • Психологиялық дайындық: шаттық шеңбері, топқа бөліну.
  • Ана тіліне тілек айту.

II. Өткенге шолу

«Арналы бұлақ – асыл сөз» бөлімін үзінді-ойын арқылы тиянақтау.

  1. Сары бидің Сырым шешенге айтқан 6 өсиеті қандай?
  2. Бала бидің сұрағына Сырымның берген жауабы қандай? Сөз анасы не? Су анасы не? Жол анасы не?
  3. Екі елдің басшылары шабындыққа таласады. Сондағы Күдерінің айтқан төрелігі қандай?
  4. «Жеті байлық» дегеніміз не?
  5. Атымтайдың кейінгі ұрпаққа айтқан 4 ақылы қандай?
  6. Сөз мәйегі не?
  7. Қожанасыр қандай адам?
  8. Алдар Көсе кім?
  9. Өтірік өлең дегеніміз қандай өлең?

III. Үй тапсырмасы

1-топ

Өлеңді оқып, түсіндіріп беру.

2-топ

Өтірік өлеңдер оқу.

3-топ

Өтірік өлеңдегі оқиғаларға ертегілер құрастыру (суретін салу).

IV. Ой ашар және жаңа сабақ

Бұлттар төніп,
Жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Айтыңдаршы, балаларым,
Бұл қай кезде болады?

Сұрақ: Бұл қай мезгіл?

Жауап: Күз мезгілі.

Топтастыру

«Күз» дегенде ойымызға не түседі?

сары жапырақ астық тұман молшылық құстар қайтады сабақ басталады жемістер піседі күн суытады

Бүгінгі танысу

Бүгін А. Құнанбаевтың «Күз» өлеңімен танысамыз.

А. Құнанбаев кім?

ақын аудармашы ғалым сазгер ойшыл ұстаз кемеңгер дана

V. Ой қозғау

Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды. Оқушылар «түртіп алу» әдісі бойынша түсініксіз сөздерді белгілейді.

Түсініксіз сөздер

Ыс
Түтіннің күйесі.
«Құрысын заңы»
Әдеті, дағдысы (құрысын).

Көшпелі тіршілік ұғымдары

Күзеу
Күзгі жайылым.
Қыстау
Малшылардың мал қыстатуға арналған қысқы қонысы.
Жайлау
Малдың жазғы алыс жайылымы.
Көктеу
Көктемде көшіп шығатын аймақ.

Топтық тапсырма

1, 2, 3-топ: өлеңді шумақтарға бөліп оқып, әр шумақтың мазмұнын қара сөзбен түсіндіру.

VI. Ой толғаныс

1-топ

Өлең жазу.

2-топ

Эссе жазу.

3-топ

Сурет салу (Абай өлеңдерін еске түсіру).

Сергіту сәті

«Шырша» жаттығуы.

Мәтін бойынша сұрақтар

  1. «Күз» өлеңінде ауыл тіршілігі қалай суреттелген?
  2. Қураған ағашты ақын неге теңейді?
  3. Күзеу туралы не айтылады?
  4. Күзеу, қыстау, жайлау, көктеу дегеніміз не?

Күз — сүреңсіз әрі салқын мезгіл болғанымен, берекесі мен молшылығы мол шақ. Сондықтан күз туралы Абайдан бөлек С. Торайғыров, М. Әлімбаев, Т. Жароков сияқты ақындар да өлеңдер жазған.

Сабаққа белсене қатысқан оқушылардың жұмысы нәтижесіне қарай бағаланады.

VII. Үй тапсырмасы

  • Өлеңді оқып, жаттау.
  • Жыл мезгілдері туралы мақал-мәтелдер жинақтау.

Қорытынды ой

«Ағашымыз» өлеңдегі шал мен кемпірдей өңі кетіп тұр. Сондықтан жылы тілегімізді жазып, оны қайта «жайнатып» жіберейік.

Хормен

«Желсіз түнде жарық ай»