Өнерге сүйіспеншілігі
Сабақтың тақырыбы
Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесі
Сабақтың мақсаты
Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесін жан-жақты талдау.
Сабақтың әдістері
- Түсіндіру
- Өзара талқылау
- Ізденушілік
Сабақтың типі және көрнекілігі
Типі: пысықтау сабағы
Көрнекілігі: слайд, бейнеролик, тірек-сызба, түсіндірме күнделік, ИНСЕРТ кестесі
Міндеттер
Білімділік
Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу, әнші бейнесін талдау.
Дамытушылық
Логикалық ойлауды дамыту, өз ойын әдеби тілде еркін жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік
Мазмұны арқылы адалдыққа, шынайылыққа, өнерді сүюге, әнге құштарлыққа тәрбиелеу; өнер адамдарына құрметпен қарау және өнер құдіретін сезінуге баулу.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу
- Сабаққа даярлығын тексеру
Сергіту сәті (қимыл арқылы)
Оқушылар мұғалім айтқан сөздерді қимылмен бейнелейді. Слайд арқылы көріністер көрсетіледі:
- Тегіс жолмен жүріп келе жатқандай елестету
- Таулы-тасты өңірден өту
- Өзенде жүзіп өту
- Дүрбімен алысты шолу: Қазақ елі, Павлодар облысы, Баянауыл, Жүсіпбек Аймауытов
Осылайша өткен сабақта оқылған «Әнші» әңгімесіне қайта оралып, бүгінгі талдау жұмыстарына бағыт беріледі.
Үй тапсырмасын тексеру
- «Егер мен жазушы болсам…» тақырыбында ойтолғау
- «Ақтамақ» хикаясын аяқтап жазып келу
Жаңа сабаққа кіріспе
Сұрақ: Жүсіпбек Аймауытовты біз кім деп танимыз?
Топтастыру: «Жүсіпбек Аймауытов кім?»
Ақын, оқытушы, драматург, әнші, сазгер, ғалым, директор, журналист, редактор.
- Драматургия саласына қосқан үлесі қандай?
- Директорлық қызметті қай жерде атқарды?
- Сазгер әрі әнші ретінде қалай танылды?
- Қай жерлерде журналист және редактор болып қызмет етті?
Топтық жұмыс және мәтін талдауы
1-топ: Қаламгер шығармаларын еске түсіру
- Елес
- Әнші
- Боранды болжаған әулие
- Бетім-ау, құдағи ғой
- Қартқожа
- Ақбілек
- Күнекейдің жазығы
- «Нұр күйі» (поэма)
2-топ: Сатылай кешенді талдау
- Шығарма
- «Әнші» әңгімесі
- Тақырыбы
- Ән, өнер, ғұмырын өнерге арнаған тұлғаның биік болмысы
- Жанр
- Проза (әңгіме)
- Идеясы
- Ән құдіретін таныту
- Кейіпкерлер
- Әмірқан, Шәкет, Ақтамақ, студент жастар, ұрылар
- Прототип
- Әміре Қашаубаев
Әміре Қашаубаев туралы қысқаша дерек (бейнероликке тірек)
- 1888 жылы Семей губерниясы, Дегелең болысы, Атан ауылында дүниеге келген.
- Әкесі Қашаубай, анасы Тойған — кедейшілік пен жалшылықты көп көрген жандар.
- 1919–1920 жылдары Ес-Аймақ қоғамының сауық кештерінде сахнаға шыға бастайды.
- Орынборға шақыртылып, өнер көрсетеді.
- 1925 жылы Парижде ән салып, әлемге танылады.
- Орындаған әндері: «Ардақ», «Ағаш аяқ», «Балқадиша», «Гауһар қыз», «Дударай», «Қорлан», «Қызыл бидай», «Үш дос» және т.б.
- Әнмен қатар спектакльдерге қатысып, рөлдерде ойнаған.
- 1928 жылы қазақ музыка театрының солисі болады.
- 1934 жылы дүниеден өтеді.
3-топ: Композициялық талдау
-
Оқиғаның басталуы
Жетішатыр қаласының тұрмыс-тіршілігі.
-
Оқиғаның дамуы
Қымыз ішкен жастардың Әмірқанмен кездесуі.
-
Шиеленісуі
Наурыз мерекесі: Әмірқанның театр сахнасындағы сәті.
-
Шарықтау шегі
Әмірқан басынан өткен маңызды оқиға.
-
Шешімі
Ән тәңірісіндей құдіретті әннің салтанат құруы.
Кейіпкер бейнесі, тілдік талдау және мәтінмен жұмыс
Әмірқанға мінездеме
-
Қарапайымдылығы
Студент жастармен сыпайы амандасып, қастарына жайғасады.
-
Орындаушылық шеберлігі
Ән салғанда ұшатын құстай қомданып, бар болмысымен беріледі.
-
Өнерге сүйіспеншілігі
Әнге кіріскенде өзін ұмытады; даусы көмейден емес, жүректен шыққандай әсер қалдырады.
-
Адамға үйірсектігі
Кісіге тез бауыр басатын, жолдасы үшін жанын қиятын жан.
-
Азаматтық тұлғасы
Біреу сұраса, қолындағысын аямай береді; алдауды білмейді.
-
Махаббатқа адалдығы
Алғашқы махаббаты Ақтамақты еске алғанда көзіне жас алады.
Сөз төркінін ашу (түсіндірме күнделік)
- Жөпшеңді
- анау-мынау, жай
- Орамал тастау
- ұлттық ойын
- Жанторсық
- қымыз құятын ыдыс
- Қош айтысу
- өмірімен қоштасу
- Қоржынбасы
- екі басты қоржын
- Таң асып тұрған
- бабына келген, піскен кезі
Теңеулер және көркемдік
Теңеу — заттың не құбылыстың ерекше белгісін басқа затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу тәсілі.
- атқан таңдай
- шайдай
- сыбызғының үніндей
- асқар таудай
- күзгі күнгі дауылдай
- тас бұлақтың суындай
Тапсырма: теңеулерді мәтіннен тауып, тіркескен сөздерімен бірге оқып, мағынасын түсіндіру.
Мәтінмен жұмыс: ән өнері туралы ой
Тапсырма: Әмірқанның ән өнері туралы айтқан ойын мәтіннен тауып, қазіргі ән өнерімен салыстыра отырып пікір білдіру.
Үзінді
Әншілердің көбі түр шығарайын деп әуре болады, жақсы әнді бұзып жібереді. Бет-аузын тыржитып, зорланып, күшеніп отырып салған ән бола ма? Әнді еркіне жіберіп, қысылмай салған ғой қызығы. Әншілердің көбі не мақтан үшін, не мал табу үшін айтады. Зорланып айтқан ән дұрыс шыға ма? Ән салу — көңілден. Мен өзім көңілденбесем, жақсы айта алмаймын, айтқым да келмейді.
Оқушы пікірі (1)
Әңгімеден Әмірқанның ән салудағы шеберлігіне тәнті болдық. Қазіргі эстрадада кей әншілер жанды дауысты сирек қолданады, дыбысты техника арқылы өңдейді. Ал Әміре домбырасын қолына алып ән салғанда, Париж жұрты орнынан тұрып құрмет көрсеткені — өнердің шынайы құдіретін аңғартады.
Оқушы пікірі (2)
«Түр шығарамын» деп жақсы әннің табиғатын бұзып жіберу қазір де кездеседі. Халық әндерін эстрадаға икемдеймін деп, бастапқы әуезі мен мәнін өзгертіп айту туралы талқылаулар қоғамда жиі қозғалады.
Оқушы пікірі (3)
«Зорланып айтқан ән дұрыс шықпайды» деген ой орынды. Кей орындаушылар қазақ тілінің табиғи дыбысталуы мен сөз мәнерін толық сақтай алмаса, әннің әсері әлсірейді.
Тыңдалым
Әміре Қашаубаевтың орындауындағы «Ағаш аяқ» әнін тыңдау.
Сұхбат және рефлексия
Сұхбат сұрақтары
- Жазушының «Әнші» әңгімесін жазудағы түпкі ойы қандай?
- Әңгімеден қандай әсер алдыңдар?
Әміре Қашаубаев бейнесін айқындайтын эпитеттер
ИНСЕРТ кестесі
Әр оқушыға үлестірме беріліп, төмендегі үш баған бойынша толтырылады.
Білемін
Ж. Аймауытов — ақын, жазушы, драматург, журналист, аудармашы екенін білемін.
Білдім (жаңа ақпарат)
«Әнші» әңгімесіндегі Әмірқанның прототипі — Әміре Қашаубаев. Ол қазақ елін әлемге танытқан әйгілі әнші, Парижде ән салып, ерекше құрметке ие болған.
Білгім келеді
- Әміре Қашаубаевтың ұрпақтары туралы көбірек білгім келеді.
- Өлімінің не себепті құпия сақталғаны жайлы білгім келеді.
Сабақты бекіту
Жүсіпбек Аймауытовтың тағдыры — ауыр, өмірі — қысқа. Ол бостандықта бар болғаны 39 жыл өмір сүріп, 3 жыл абақты азабын көрді; әдебиетке 16 жыл ғұмырын арнады. 42 жасында қыршыннан қиылды. Ұзақ уақыт бойы есімі оқушы назарынан тыс қалып, қайта құру кезеңінде қайта жаңғырып, қазақ әдебиетіне қайта оралды.
Қаламгердің әдеби мұрасы мол: ол қазақ прозасын әлемдік деңгейге көтерген қайталанбас суреткер. Жазушының шығармашылық шеберлігіне Бейімбет Майлин: «Мен Жүсіпбектей шебер жазушыны көрген емеспін» — деп баға берген.
Аймауытов шығармаларының негізгі өзегі — заман шындығын көркем бейнелеу. Соның бір айғағы — «Әнші» әңгімесі.
Үй тапсырмасы
«Әміре — ән асқары» тақырыбында шағын шығарма жазып келу.
Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен сабаққа белсенді қатысуына қарай білімдері бағаланады.