Ақпараттық жүйенің құрылымы

Сабақтың тақырыбы

Ақпараттық жүйенің құрылымы

Сабақтың мақсаты

І. Білімділік

Оқушыларға ақпараттық жүйе және ақпараттық жүйенің құрылымы туралы түсінік беру.

ІІ. Дамытушылық

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

ІІІ. Тәрбиелік

Оқушыларды ұқыптылыққа, жан-жақтылыққа және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың типі
Аралас сабақ
Сабақтың түрі
Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың жабдығы
Компьютер, кесте, слайд

Сабақтың барысы

  1. I. Ұйымдастыру
  2. II. Үй тапсырмасын сұрау
  3. III. Жаңа сабақты түсіндіру
  4. IV. Кестемен жұмыс
  5. V. Сабақты бекіту
  6. VI. Үй тапсырмасын беру
  7. VII. Сабақты қорытындылау

I. Ұйымдастыру

  • Оқушыларды ТҚЕ талаптарымен таныстыру.

  • Оқушыларды түгелдеу.

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасы

Тақырып

1.3-тақырып. Ақпараттық жүйенің ұғымы

Бекіту сұрақтары

  1. 1. Жүйе дегеніміз не?
  2. 2. Жүйелер қалай ерекшеленеді?
  3. 3. Ақпараттық жүйе дегеніміз не?
  4. 4. Компьютер мен ақпараттық жүйелердің айырмашылығы қандай?
  5. 5. Ақпараттық жүйедегі үдерістерді қалай топтастыруға болады?

III. Жаңа сабақ: негізгі ұғымдар

Жүйе

Жүйе — бір мезгілде біртұтас әрі әртекті элементтердің жиынтығы. Ол белгілі бір мақсатқа жету үшін өзара байланысқан элементтерден құралады.

Жүйелер құрамы мен негізгі мақсаттары бойынша едәуір ерекшеленуі мүмкін.

Ақпараттық жүйе

Ақпараттық жүйе — мақсатқа жету үшін ақпаратты сақтау, өңдеу және беру барысында қолданылатын құралдар, әдістер және адам ресурстарының өзара байланысты жиынтығы.

Құрылым және қосалқы жүйелер

Ақпараттық жүйенің құрылымы — жүйенің қосалқы жүйелер деп аталатын жекелеген бөліктерінің жиынтығы.

Қолдану саласына қарамастан, ақпараттық жүйені қамтамасыз етуші қосалқы жүйелердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады.

Ақпараттық жүйелерді енгізуден күтілетін нәтижелер

  • Математикалық әдістер мен интеллектуалдық жүйелерді қолдану арқылы басқару міндеттерін шешудің неғұрлым ұтымды нұсқаларын алу.

  • Жұмысты автоматтандыру арқылы қызметкерлерді ескі көзқарастан арылту және еңбек өнімділігін арттыру.

  • Қағаз құжаттарды магниттік дискілерге немесе таспаға көшіру: ақпаратты өңдеуді тиімді ұйымдастыру және қағаз құжаттар көлемін азайту.

  • Құжат айналымын және ақпарат ағындарының құрылымын жетілдіру.

  • Өнім өндіру мен қызмет көрсету шығындарын азайту.

  • Тұтынушыларға қызмет көрсетудің сапасын арттыру.

  • Жаңа нарық мүмкіндіктерін анықтау және оларды тиімді пайдалану.

  • Сатып алушылар мен жеткізушілерге әртүрлі жеңілдіктер мен сервистер ұсына отырып, оларды фирмамен ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа тарту.

Ақпараттық жүйелердің үлгілері

Үлгі 1

Нарықтық мүмкіндіктерді іздеп табудың ақпараттық жүйесі

Үлгі 2

Тауарлар ағымын жеделдететін ақпараттық жүйе

Үлгі 3

Өндірістегі іркілістерді төмендетуге арналған ақпараттық жүйе

Үлгі 4

Технологияны автоматтандырудың ақпараттық жүйесі

IV. Кестемен жұмыс

Тапсырма

Оқулықтың 23–24 беттеріндегі 16, 17, 18 мысалдар бойынша жұмыс орындау.

V. Сабақты бекіту

Бекіту сұрақтары

  1. 1. Ақпараттық жүйе дегеніміз не?
  2. 2. Ақпараттық жүйенің құрылымы дегеніміз не?
  3. 3. Ақпараттық жүйенің құрылымы қандай бөліктерден тұрады?
  4. 4. Ақпараттық жүйелерді енгізуден нені күтуге болады?
  5. 5. Ақпараттық жүйелердің үлгілерін атап, қысқаша сипаттама беріңіз.

VI. Үй тапсырмасы

Оқу материалы

1.4-тақырып. Ақпараттық жүйенің құрылымы

VII. Қорытындылау және бағалау

Сабақ соңында оқушылардың алған білімі бақылауға алынады, олардың сабаққа қатысу белсенділігі қадағаланады. Нәтижесінде оқушылар бағаланып, сабақ қорытындыланады.