Санды және әріпті өрнектер. Сабақтың тақырыбы

Сабақтың тақырыбы

Санды және әріпті өрнектер

Сабақтың мақсаты

  1. Санды және әріпті өрнектердің мән-мағынасын түсіндіру, оларды ажырата білуге үйрету. Әріпті өрнекте әріптің орнына сан қойып, өрнектің мәнін табу тәсілін есеп шығаруда қолдануға жаттықтыру.
  2. Әріпті және санды өрнектерді жазу, оқу және мәнін табуды меңгерту. Оқушылардың математикалық білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
  3. Математикаға қызығушылықты арттыру, логикалық ойлауды дамыту және топпен бірлесіп жұмыс жасауға баулу.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақ түрі

Жаңа материалды меңгерту

Оқыту әдістері

  • Дамыта оқыту әдісі
  • Ұжымдық оқыту әдісі

Пәнаралық байланыс

Еңбекке баулу

Көрнекіліктер

  • Кесте
  • Тақырыптық дидактикалық материалдар
  • Үлестірме материалдар

Сабақтың жүру барысы

I. Қызығушылықты ояту

  • «Алақан» сергіту сәті

II. Үй тапсырмасын тексеру

№10, 95-бет.

III. Ой қозғау

Тапсырма 1

Ең тиімді тәсілмен есепте:

10 021 + 10 022 + 10 023 + 10 024 + 10 025 + 10 026 + 10 027 + 10 028 + 10 029 + 10 030
= (10 029 + 10 021) + (10 028 + 10 022) + (10 027 + 10 023) + (10 026 + 10 024) + (10 030 + 10 025)
= 100255

Тапсырма 2

Ойлан, тап! Жазуды қалпына келтірсең, бүгінгі тақырып шығады:

х 27□8
-------------
х 2□09□4
---------------------
3 1□19□
--------------
8□2□5

Жасырын сөздер: Санды және әріпті өрнектер

IV. Мағынаны тану

а) Семантикалық карта

Өрнектерді тиісті бағанға жіктеу: санды өрнек, әріпті өрнек, немесе өрнек деп айтуға болмайды.

Санды өрнек Әріпті өрнек Санды және әріпті өрнек деуге болмайды
  • (34 + 10) * 2
  • 23 * 4 + 9
  • (45 + 25) : 5
  • 90 - 10 * 5
  • 1972 : 9 + 20
  • a + 5
  • x - 3
  • v * 6
  • (32 : 2) + v
  • (x + 2) + 16 * 4
  • 12 : x + 24 : 8
  • x + 9 = 17 * 6
  • 72 : x = 24 : 3
  • 34 - 8 = 13 * 2

Әріпті өрнек деп қандай өрнекті айтамыз?

Әріптер мен сандар амал таңбалары арқылы байланысқан өрнек әріпті өрнек деп аталады. Әріпті өрнекте латын әріптері қолданылады. Ал санды өрнек тек сандардың амал таңбалары арқылы байланысуынан құралады.

ә) Топтық жұмыс

1-топ (№2)

  • A) (15 + 5) : 2 = 10
  • Ә) (32 * 2) - 24 = 40
  • Б) (27 - 2) : 5 = 5
  • В) (69 : 3) + 20 = 43

2-топ (№3)

  • a) (a - 3) * 2
  • ә) (32 : 2) + v
  • б) (c + 2) * 5
  • в) (69 * 3) - 20

3-топ

a * 3019, мұндағы a = 2, 3, 4, 5

  • 2 * 3019 = 6038
  • 3 * 3019 = 9057
  • 4 * 3019 = 12076
  • 5 * 3019 = 15095

б) Тақтамен жұмыс

1-топ (№6)

32 г темірден 4 шеге жасалды. 400 г темірден қанша шеге жасалады?

Шешуі:

  • 32 : 4 = 8 (1 шегенің салмағы)
  • 400 : 8 = 50 (шеге)

Жауабы: 400 г темірден 50 шеге жасалады.

2-топ (№6, ә)

Ұзын шеге — 7 жәшік, қысқа шеге — 13 жәшік. Барлығы 200 кг. Бір жәшіктің массасы бірдей.

Шешуі:

  1. 200 : (13 + 7) = 10 (1 жәшіктің массасы)
  2. 7 * 10 = 70 (ұзын шеге)
  3. 13 * 10 = 130 (қысқа шеге)

Жауабы: ұзын шеге — 70 кг, қысқа шеге — 130 кг.

3-топ (№8)

A) Тік төртбұрыштың жарты периметрін өрнек түрінде жаз:

  • (3 + 7) * 2 : 2
  • (5 + x) * 2 : 2

Ә) Шаршының жарты периметрін өрнек түрінде жаз:

  • 8 * 4 : 2
  • a * 4 : 2

V. Ой толғаныс

Есепте!

1-топ

  • a) (318 * 5 + 1052) - 2210 = 432
  • ә) (5256 : 6 + 1250) - 408 = 1718

2-топ

  • б) 74612 : 4 + 3072 = 21725
  • в) 39207 : 3 - 4017 = 9052

3-топ

  • г) 55200 : 3 + 80316 : 4 = 38479
  • ғ) 7890 * 6 - 6548 * 5 = 14600

VI. Үйге тапсырма

№7.

VII. Бағалау

Оқушылардың жұмысы тапсырмаларды орындау сапасына, белсенділігіне және топтық жұмыстағы үлесіне қарай бағаланады.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}