Массаның атомдық бірлігі нешеге тең

Сабақтың тақырыбы

Жас химиктер

Тәрбиелік мақсат

Оқушыларды өздігінен ізденуге, топпен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсат

Химия ғылымының құпиясы мен қызығы мол екенін ұғындырып, ойын элементтері арқылы қосымша материалдармен таныстыру және ой-өрісті дамыту.

Білімділік мақсат

Өтілген тақырыптар бойынша химиядан алған білімді бекіту және жүйелеу.

Сабақтың жабдықталуы

  • Химия ғылымы туралы қанатты сөздер
  • Химиялық құрал-жабдықтар: сынауықтар, штативтер, тамшуырлар, колбалар
  • Құм, су, сүзгі қағаз, ас тұзы
  • Таратпа қағаздар, сөзжұмбақ
  • Интербелсенді тақта

Әдісі және түрі

Сабақтың әдістері

  • Топтастыру
  • Іздендіру әдісі
  • Сұрақ-жауап
  • Сергіту сәті

Сабақтың түрі

Сайыс сабақ

Негізгі дағдылар

Валенттілік бойынша формула құрастыру және химиялық реакция теңдеулерін теңестіру.

Кіріспе: мұғалімнің сөзі

Жыл сайын химия пәнінің алғашқы әліппесін бастайтын 8-сынып оқушылары мен мұғалімнен үлкен жауапкершілік талап етіледі. Оқушылар химия әлемінің беймәлім тылсымына қызығушылықпен қарағанымен, белгілі бір деңгейде қобалжу да болады. Өйткені бұл пән жаратылыстану пәндерінің ішінде күрделі пәндердің қатарына жатады.

Сондықтан оқушының пәнге қызығуын арттыру үшін жаңа әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану маңызды. Қазіргі таңда оқытудың озық технологияларын пайдалану жақсы нәтижелер беріп келеді. Осы мақсатта 8-сыныптар арасында «Жас химиктер» атты сайыс сабағы ұйымдастырылды.

Сайыс барысында оқушылар бүгінге дейін өткен «химиялық алғашқы ұғымдар» тақырыптары бойынша білімін көрсетіп, алған мәліметтерін жүйелейді, валенттілік арқылы формула құрастырады және реакция теңдеулерін теңестіріп орындап шығады.

Сабақтың жоспары

  1. I

    Сергіту сәті

    «Жарнама» тапсырмасы арқылы командалық таныстыру және еркін сөйлету.

  2. II

    «Бақытты сәт» ойыны

    Лездемелік сұрақтарға жауап беру арқылы білімді бекіту.

  3. III

    «Бағдаршам» ойыны

    Үш деңгейлі тапсырмалар арқылы біртіндеп күрделендіру.

  4. IV

    «Мен зертханашымын»

    Тәжірибе және құрал-жабдықпен жұмыс істеу мәдениетін көрсету.

  5. V

    Полиглот

    Терминдер мен элемент атауларын көптілділікпен бекіту.

  6. VI

    «Суретші»

    Көрнекілік арқылы химиялық ұғымдарды түсіндіру және бекіту.

Ұйымдастыру кезеңі

Сынып бөлмесі безендіріліп, оқушылар түгелденеді. Психологиялық дайындық тексеріліп, оқушылар топтарға бөлініп ортаға шақырылады.

Сергіту сәті: «Жарнама»

Әр топ мүшелері өздерімен бірге алып келген заттарды қысқаша таныстырып, қызықты түрде жарнамалайды.

Жүргізушінің өлең жолдары

Қызық думан, өміріміз ғаламат!
Қас қаққанша жаңа қала, жаңа бақ.
Қыруар істің қайсысында болса да,
Құдіретті химия жүр аралап.

Жарқырап күн көзінде болашағы,
Химия қиындықпен таласады.
Химия — ырыс, құт, көкке шырқай,
Ертеңгі болашаққа жол ашады.

Осылайша сайысқа қатысушы топтар ортаға шақырылады.

I топ

Жас химик

Әр топта 5 оқушыдан.

II топ

Менделеев

III топ

Химиялық элемент

Таныстыру

«Сәлем — сөздің атасы» қағидасымен алғашқы кезең басталады: әр топ мүшелері өзін таныстырады.

Сәлем — сөздің атасы,
Кең далама қарашы.
Біздер келген мекен де,
Химияның қаласы.
Химиктерге сәлем деп,
Бас иемін мен бүгін.

II кезең: «Бақытты сәт» ойыны

Бұл кезеңде лездемелік сұрақтар қойылады: 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап беру керек. Әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі.

Өлең шумағы

Білім беріп жас ұрпаққа сапалы,
Меңгертеміз талай-талай сананы.
Күш саламыз жаңа мына ғасырда,
Тәрбиелеп шәкірттерді саналы.

I топ: «Жас химик»

  1. Заттар дегеніміз не?

    Денелерді құраушы.

  2. Заттардың басқа заттарға айналып түрленуін зерттейтін ғылым?

    Химия.

  3. Егер зат атомдардың бір түрінен түзілсе, қалай аталады?

    Жай зат.

  4. Плюмбум — бұл қандай элемент?

    Қорғасын.

  5. Салыстырмалы атомдық массасы 108-ге тең элемент?

    Күміс.

  6. Жұмыртқаның пісуі қандай құбылыс?

    Химиялық.

  7. Атомның басқа атомдардың белгілі санын қосып алу қабілеті қалай аталады?

    Валенттілік.

  8. Оттегінің валенттілігі нешеге тең?

    II.

  9. Химиялық таңбалар мен формулалар арқылы шартты түрде жазу дегеніміз не?

    Химиялық теңдеу.

  10. Зат құрамының тұрақтылық заңын ашқан ғалым?

    Л. Пруст.

II топ: «Менделеев»

  1. Атомдардың белгілі бір түрі қалай аталады?

    Химиялық элемент.

  2. Таңбаның оң жағындағы атом санын көрсететін белгі қалай аталады?

    Индекс.

  3. Бұлттану қандай құбылыс?

    Физикалық.

  4. Адам тыныс алатын газ?

    Оттегі.

  5. Оқылуы «эн» болатын элемент?

    Азот.

  6. Элемент таңбасын латын әрпімен енгізуді ұсынған ғалым?

    Берцелиус.

  7. Салыстырмалы атомдық массасы 28-ге тең элемент?

    Магний.

  8. Валенттілігі өзгермелі болатын валенттілік қалай аталады?

    Ауыспалы.

  9. Алюминийдің валенттілігі нешеге тең?

    III.

  10. Латынша «Hydrargyrum» — бұл қандай элемент?

    Сынап.

III топ: «Химиялық элемент»

  1. Мұздың еруі қандай құбылыс?

    Физикалық.

  2. Ас тұзының судағы ерітіндісі қалай аталады?

    Біртекті (ерітінді).

  3. Сүзу әдісімен бөлінген ерітінді қалай аталады?

    Сүзінді.

  4. Заттар қандай агрегаттық күйде болады?

    Қатты, сұйық, газ.

  5. Барийдің валенттілігі нешеге тең?

    II.

  6. Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшек?

    Молекула.

  7. Салыстырмалы атомдық массасы 137-ге тең элемент?

    Барий.

  8. Атомдық масса бірлігі нешеге тең?

    1,66 · 10-24 г.

  9. Молекулалар санын көрсететін белгі қалай аталады?

    Коэффициент.

  10. Латынша «Silicium» — бұл қандай элемент?

    Кремний.

III кезең: «Бағдаршам» ойыны

Бұл ойында тапсырмалар бағдаршамның үш түсі арқылы деңгейленеді. Қатысушылар дұрыс орындаған сайын келесі деңгейге өтеді.

Қызыл деңгей

Бастапқы тапсырма. Дұрыс орындаса, сары деңгейге өтеді.

Сары деңгей

Орташа күрделілік. Дұрыс орындаса, жасыл деңгейге өтеді.

Жасыл деңгей

Ең жоғары деңгей. Орындаған топ келесі ойынға жолдама алады.

Автор туралы мәлімет

Мекеме

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Дербісек елді мекені
№11 М. П. Окороков атындағы жалпы орта мектебі

Пән мұғалімі

Химия-биология пәні мұғалімі: Алипбаева Нағима Наматжанқызы

Материал: «Жас химиктер» (сайыс сабақ)