Көмір өндіру саласы
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сыныбы
- 9
- Пәні
- География
- Тақырыбы
- Отын өнеркәсібі
- Сабақтың типі
- Аралас
- Сабақтың түрі
- Дәстүрлі
- Әдістері
- Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
- Формасы
- Жеке, ұжымдық
Пәнаралық байланыс және көрнекіліктер
Пәнаралық байланыс
Экономика, Тарих
Көрнекіліктер
Оқулық, дүние жүзі жарты шарлар картасы, атлас, сызбалар, интерактивті тақта мүмкіндіктері
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Оқушыларға отын-энергетика кешені және оның салалары туралы түсінік қалыптастыру; отын өндіретін аудандар, отын өнеркәсібінің өзіндік құны және оған әсер ететін негізгі факторларды меңгерту.
Дамытушылық
Карта мен атлас арқылы отын өнеркәсібінің даму ерекшеліктерін талдау; халық шаруашылығын өркендетудегі маңызын анықтау; отын түрлерінің аймақтық орналасуын бағалау және картамен жұмыс дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Отын өнеркәсібінің ел экономикасын дамытудағы рөлін түсіндіру арқылы патриоттық сезімді ояту, пәнге қызығушылықты арттыру және саланың экологиялық проблемаларын түсініп, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың өту барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушыларды түгелдеу.
- Оқу құралдарын тексеру.
- Назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасын орындау барысында терминдік сөздікпен жұмысқа ерекше мән беріледі. Оқушылардың «шаруашылық», «өндіріс саласы», «өндірістік емес сала» ұғымдарына дұрыс анықтама беруі бағаланады.
ҒТР дәуірінде өнеркәсіпті дамытуға әсер ететін факторлар
- Шоғырландыру
- Құрамдастыру
- Мамандандыру
- Кооперацияландыру
Сондай-ақ картадан аса ірі өндірістік қалаларды тауып, көрсете алу қабілеті тексеріледі.
III. Жаңа сабақ
Жаңа тақырып оқулықтың 2-бөліміндегі жоспар мен сызбаларға сүйене отырып түсіндіріледі. Шаруашылық салаларының өзара байланысы нақты мысалдар арқылы ашылады. «Өндіру» және «өңдеу» ұғымдарына анықтама беріліп, салалық құрылымның ерекшеліктері қарастырылады. Сонымен қатар Қазақстандағы отын өнеркәсібінің қалыптасу тарихына қысқаша шолу жасалады.
Мұнай ресурстары (Каспий қайраңы)
Каспий қайраңында мұнай қоры шоғырланған. Болжам бойынша жалпы геологиялық қор 4,5 млрд тонна. Газ конденсаты 1,6 млрд тонна, табиғи газдың жалпы қоры 5,9 трлн м³.
Ірі кен орындары
- Құрманғазы
- Ақтоты
- Қашаған
- Қайран
Бұл өңір болашақта әлемдегі ірі мұнай өндіру аймақтарымен қатар тұратын әлеуетті алап ретінде қарастырылады.
Газ өнеркәсібі
Газ өнеркәсібі — Қазақстандағы отын өнеркәсібінің ең жас салаларының бірі. Өндірістік мақсатта 1960 жылдан бастап Маңғыстау мұнай-газ алабын игеруден басталды. Газдың жалпы геологиялық қоры шамамен 6 трлн м³.
Қор жөніндегі орны
- Әлемде: 12-орын
- ТМД бойынша: Ресейден кейін 2-орын
Ірі кен орындары
Қарашығанақ, Имаш, Жаңажол, Батыс Прорва, Тасболат, Шынар, Өзен, Құмкөл, Шу–Сарысу газ алаптары.
Бұл кен орындары Қазақстан экономикасын дамытуға елеулі үлес қосады.
Көмір өндіру саласы
Көмір өндірісі — Қазақстандағы дәстүрлі отын саласы. Алғаш рет 1831 жылы Қарағанды өңірінде бақташы бала Аппақ Байжанов ашқаннан кейін өндіріле бастады. Қазақстандағы көмірдің жалпы геологиялық қоры шамамен 162 млрд тонна.
Қазіргі игерілуі
Республикада 15-тен астам көмір кен орны мен алаптары игерілуде. Жүзден астам кен орны ашылып, олардың 40-тан астамы жан-жақты зерттелген.
Негізгі көмір алаптары: салыстырмалы талдау
Қарағанды көмір алабы
- Жалпы геологиялық қоры
- 51 млрд тонна
- Ауданы
- 3 мың км²
- Тереңдігі
- 50–300 м
- Қабат қалыңдығы
- 1,5–15 м
- Ерекшелігі
- Шахталық әдіс → өзіндік құны жоғары
Кен орындары
Абай, Шахта, Шахан және т.б.
Республикада өндірілетін көмірдің шамамен 45%-ы осы алапқа тиесілі деп бағаланады.
Екібастұз көмір алабы
Маңызы жағынан республикадағы 2-дәрежелі көмір алабы. Көмірді 1867 жылы Қасым Пішенбаев ашқан. Жалпы геологиялық қоры 12 млрд тонна.
- Өндіру тәсілі
- Ашық әдіс
- Қабат қалыңдығы
- 100–120 м
- Сапасы
- Күлі көп, сапасы төмен
- Өзіндік құны
- Ең арзан көмір
Богатырь кен орны
Әлемдегі ең қуатты кен орындарының бірі: жылына 50 млн тонна көмір өндіреді. Сағатына 5 мың тонна көмір қазатын алып экскаваторлар жұмыс істейді.
Кен орындары
Богатырь, Центральный, Восточный, Северный, Степной
Сапасы төмен болғандықтан алысқа тасымалдау тиімсіз. Сондықтан көбіне жергілікті жерде энергетикалық көмір ретінде жылу және электр энергиясын өндіруге пайдаланылады.
Экономикалық қорытынды
Екібастұз аймағында қуаты 20–25 млн кВт болатын жылу электр станцияларын салу тиімді деп көрсетіледі.
IV. Оқушылармен жұмыс (тапсырмалар)
1-тапсырма. Кескін картамен жұмыс
- Отын өнеркәсібі салаларының басты алаптарын картаға түсіріп белгіле.
- Негізгі мұнай-газ кен орындарын анықта.
- Республиканың маңызды көмір алаптарын кескін картаға белгіле.
2-тапсырма. Құбыр жолдарын көрсету
Кескін картадан негізгі құбыр жолдарының бағыттарын көрсетіп, олардың қандай кен орындарын және қандай өңірлерді байланыстыратынын белгіле.
3-тапсырма. Кестені толтыру
| Көрсеткіш | Мұнай | Газ |
|---|---|---|
| Игерудегі шетелдік компаниялар | ||
| Өңдеу өнеркәсіп орындары |
Кестеге нақты мысалдар келтіріп, өңдеу кәсіпорындарының орналасу себептерін қысқаша түсіндір.
V. Бекіту
Электронды оқулықпен жұмыс арқылы жаңа сабақ қорытындыланады: негізгі ұғымдар қайталанып, карта және сызба бойынша сұрақтарға жауап беріледі.
VI. Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан, тапсырмаларды дәл әрі уақытында орындаған оқушылар бағаланады.
VII. Үй тапсырмасы
- Оқулықтағы 6-тақырыпшаны оқу.
- Кескін картаға мұнай, газ және көмір кен орындарын түсіріп келу.