Шығармашылық сайысы

Тәрбие Салт-дәстүр Наурыз Өнер

Сайыс барысы

«Қыз өссе — елдің көркі» атты қыз сыны — ұлттық тәрбиені жаңғыртып, қыз баланың өнерін, білімін, мәдениетін және инабаттылығын дәріптейтін мәні терең тағылымды шара.

Жүргізушілердің құттықтауы

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті оқушылар мен ата-аналар!

2-жүргізуші: Бүгінгі «Қыз өссе — елдің көркі» атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!

Өлең жолдары

1-жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе — елдің көркі» деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

2-жүргізуші:
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

Ескерту: Арулар сахна төріне шақырылады.

2-жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық, өнерпаз өрендерге тамсанайық. Әділдік пен шындықты арқа тұтып, әділқазылар алқасымен танысайық.

1-жүргізуші: Сайыс шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып, өнерлерін көрсетеді.

Көркем нөмірлер

Ән: «Ай дидарлы анашым»

Орындайтындар: Таир, Ербол, Данияр

Би: «Қазақ қыздары»

Орындайтындар: Ерсұлтан, Даниал, Мади

Ән: «Менің анам — алтын»

Орындайтындар: Адиль, Даниал, Абдурахим

Көрініс: «Робот»

Қосымша нөмір: «Ақ мамам» (тамашалауға ұсынылады)

Ән: «Апатайым, анашым»

Орындайтын: Арғынбай, Абдурахим

Турлар мазмұны

1-тур — Өзін-өзі таныстыру

Көңілге түй сен мұны: әр бүлдіршін — ел гүлі.
Бақытты елде туғаның есіміңнен белгілі.

2-тур — Мақал-мәтел сайысы

Бұл кезеңде қатысушылардың білімі мақал-мәтел арқылы сыналады: кең даланың ежелгі қазақ халқында да өзге ұлттар сияқты салт-дәстүрі мен жөн-жосығы бар.

3-тур — Ас мәзірін дайындау

Қазақтың қонақжайлығы — ата-бабадан келе жатқан асыл дәстүр. Қандай жағдайда да «құдайы қонақпын» деп келген жанды кеудеден итермей, жылы шыраймен қарсы алып, қолдағы барын ұсыну — елдік белгісі.

4-тур — Шығармашылық сайыс

Бұл кезеңде арулар өз қиялын, шеберлігін, сахна мәдениетін танытады. Ортада «Қамажай» биі орындалады.

5-тур — «Сұлулық сыры»

Сымбатына сай киім жарасқан, өнері мен сәні үйлескен арулардың жинақылығы, жүріс-тұрысы, өзін ұстауы, сөйлеу мәдениеті бағаланады.

Әділқазылар бағалауы және қорытынды

2-жүргізуші: Енді сөзді төрешілерімізге берейік.

Бағалау кезінде ескерілетін өлшемдер:

  • Ұлттық киімнің үйлесімі
  • Сайыс бойындағы өзін ұстау мәдениеті
  • Сөйлеу әдебі мен сөз саптауы
  • Жүріс-тұрыс, сахнадағы жинақылық

Номинациялар

Көктем аруы Көрермен көзайымы Білімді ару Дарынды ару Тапқыр ару

1-жүргізуші:
Өнеріміз сайыста — жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі — достық болып қалуда.

2-жүргізуші:
Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Наурыз құт-береке мен бірлік әкелсін!

Бұл шара — ұлттық құндылықты ұлықтайтын, қыз тәрбиесінің қадірін арттыратын тағылымды сабақ. Әдеп пен өнер тоғысқан ортада әр арудың болмысы айқындалып, көрерменге жылы әсер сыйлайды.