Қош бол, құтты әліппем
Тақырыбы: «Қош бол, құтты Әліппем!»
Бұл — оқушылардың алғашқы үлкен белесін атап өтетін әсерлі ертеңгілік. Сабақ мазмұны балалардың алған білімін бекітіп, оқу жетістігін көпшілік алдында көрсетуді мақсат етеді.
Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың алған білімдерін бекіту, білім-білік-дағдыларын көрсету.
- Тілін дамыту, сөздік қорын молайту, байланыстыра сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
- Ұқыптылыққа, жинақылыққа, үлкендерді сыйлауға және сөз тыңдай білуге тәрбиелеу.
- Ойын арқылы ұйымшылдыққа, бауырмалдыққа баулу.
Сабақтың барысы
Мұғалімнің құттықтау сөзі
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, келген қонақтар! Бала — біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстар ұрпағымызды бесіктен бастап жақсылыққа баулу, бойына ізгілік нұрын себу — бүгінгі ұстаздар мен ата-аналардың ортақ міндеті.
Соның бір көрінісі — бүгінгі «Қош бол, құтты Әліппем!» ертеңгілігі. Тамашалап, қуанышымызға ортақ болыңыздар.
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл-ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
Кеше ғана білім баспалдағына алғаш қадам басқан бүгінгі шәкірттерімізді — ертеңгі күннің үмітін ақтар еліміздің болашақ азаматтарын ортаға шақырайық.
Күй ойналады
Сахналық бөлімОқушылар кезекпен өздерін таныстырып, мінезі мен қасиетін өлең жолдарымен жеткізеді.
Оқушыларды таныстыру
1-оқушы
Еркежан
Әдепті де, тәртіпті.
2-оқушы
Жанерке
Мың бұралған бишіміз.
3-оқушы
Бекзат
Біз қызықпыз, қызықпыз, сәл еркелеу бұзықпыз.
4-оқушы
Сымбат
Ерке, бірақ ақылды.
5-оқушы
Ернар
Үлкендерді құрметтеп, кішіге ізетті бола біледі.
6-оқушы
Томирис
Көп оқиды, оқығанын көңіліне тоқиды.
7-оқушы
Аяулым
Балалығы басылмаған, ойынқұмар.
8-оқушы
Елік
Елімізді өркендетіп, ана тілін көркемдететін оқушы.
9-оқушы
Әділжан
Тиянақты, ұқыпты.
10-оқушы
Тахмина
Кең маңдай, ажары қандай әдемі!
11-оқушы
Амиржан
Сабырлы да салмақты, әр ісіне нақты.
12-оқушы
Ағжан
Сәулелі де сымбатты, сөйлегені тым тәтті.
13-оқушы
Гүлсін
Сүйкімді қыз.
14-оқушы
Ерасыл
Жақсылықты жақтайды, бәрін біліп жаттайды.
15-оқушы
Айдынгүл
Жанып тұрған шырақтай, сылдырлаған бұлақтай.
16-оқушы
Назерке
Көркем сөздің шебері.
Музыка ойналады. Оқушылар ортаға шығады.
Сахналық диалог
1-оқушы
Армысыздар, мұғалімдер — әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар!
Құшақ жайып қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.
2-оқушы
Міне, біз бүгін барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі — Әліппені аяқтап отырмыз.
3-оқушы
Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан сүйікті Әліппемізді тәмамдадық.
4-оқушы
Мен енді өзім-ақ оқып, жаза аламын. Ертегі мен әңгімелерді өз бетіммен оқитын болдым.
5-оқушы
Біз көп нәрсе үйрендік: Барлығы қосылып: кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды.