Сөздердің байланысу түрлері
Оңтүстік Қазақстан облысы • Арыс ауданы
М. Шаханов атындағы жалпы орта мектеп • Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Сабақ тақырыбы
Сөздердің байланысу түрлері. Қиысу
Сабақтың типі
Аралас
Сабақтың түрі
Жаңа білім қалыптастыру
Пәнаралық байланыс
Қазақ әдебиеті
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Талдау
- Жаттығулармен жұмыс
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақтадағы сызба мен кесте
- Оқулық
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Сөздердің байланысу түрлерін таныту, олардың жасалу жолдары мен ерекшеліктері туралы білім беру.
Тәрбиелік
Оқушылардың белсенділігін арттыру, бір-бірін сыйлауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық
Ойлау және есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, алған білімді қолдана және талдай білуге үйрету.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Өтілген материалды тексеру және қорытындылау
Тақырып: Сөздердің байланысу тәсілдерін еске түсіру.
- Синтаксис деген не?
- Сөздердің грамматикалық байланысын түсіндір.
- Сөйлемдегі сөздер мен сөз тіркестері қандай байланысу тәсілдері арқылы жасалады?
Сәйкестік тесті арқылы меңгеру деңгейін тексеру:
Тіркес
- Ізгілік кілті — Шылау арқылы
- Көпір арқылы өту — Интонация арқылы
- Абай — ақын — Орын тәртібі арқылы
- Жастық шақ — Жалғау арқылы
Назар аудару
Тест үлгілері арқылы оқушылар сөздердің байланысу тәсілдерін (жалғау, шылау, орын тәртібі, интонация) ажыратып үйренеді.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сөйлемдегі сөздер әртүрлі ыңғайда байланысады. Сондықтан сөз тіркесіндегі сөздерді тек байланысу тәсілдеріне қарай ғана емес, байланысу түрлеріне қарай да топтастыруға болады.
Мысал: «Біз Ғаниды өзінің үйінен таптық» сөйлемін байланысу тәсілі тұрғысынан қарастырсақ, сөздердің бәрі қосымшалар арқылы байланысқанын көреміз:
- біз таптық — жіктік жалғау арқылы
- Ғаниды таптық — табыс септік жалғауы арқылы
- өзінің үйінен — ілік септік пен тәуелдік жалғауы арқылы
- үйінен таптық — шығыс септік жалғауы арқылы
Ал байланысу түрлері тұрғысынан бұлар өзара ажыратылады.
Сөздердің байланысуының бес түрі
Мысалдар (әдебиеттен)
-
1) Қиысу
Мен көрдім ұзын қайың құлағанын. (Абай)
-
2) Матасу
Өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас...
-
3) Меңгеру
Білгенге — маржан, білмеске — арзан, Надандар бәһра ала алмас...
-
4) Қабысу
Сұрғылт тұман дым бүркіп... (Абай)
-
5) Жанасу
Бүгін бірінші рет әдейі алғызып отыр. (М. Ә.)
Ережелер (қысқаша)
Қиысу
Баяндауыштың бастауышпен байланысы.
Мысалдар: Біз оқушымыз. Сендер студентсіңдер. Мен оқыдым. Біз оқыдық.
Мысал: Бұл — Шолақсай. Табысымыз мол, ертеңіміз айқын. (газеттен)
Меңгеру
Сөздердің септік жалғауларының (ілік пен атаудан басқа) біреуі арқылы байланысуы.
Мысалдар: Алтын етікті де аяққа киеді. Жақсы ісімен жақсы.
Матасу
Ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысуы.
Мысал: ағаштың бұтағы
Қабысу
Ешбір жалғаусыз, сөздердің орын тәртібі арқылы байланысуы.
Мысалдар: қызық кітап, ақ жаға, алтын сағат
Жанасу
Жалғаусыз орын тәртібі арқылы байланысудың бір түрі. Қабыса байланысудан айырмашылығы — тіркескен сөзінен алшақтап, араға сөз түсуі мүмкін.
Мысалдар: шарықтап ұшу, шырақтап көкке ұшу, ертең бару, ертең киноға бару
Түйін
Сөздердің байланысу тәсілдері (жалғау, шылау, орын тәртібі, интонация) мен байланысу түрлері (қиысу, меңгеру, матасу, қабысу, жанасу) бір-бірін толықтырады: бірі — қалай байланысқанын, екіншісі — қандай түрге жататынын көрсетеді.
IV. Жаңа сабақты бекіту
1) Оқулықпен жұмыс
243-жаттығу (ауызша)
Мәтіннен қиыса байланысқан сөз тіркестерін тауып, қай сөз табынан екенін анықтау.
- бала көріп бағыныңқы — зат есім, басыңқы — етістік
- бала жүре беріп еді бағыныңқы — зат есім, басыңқы — күрделі етістік
- шешесі тұрып бағыныңқы — зат есім, басыңқы — етістік
- әкең тұр бағыныңқы — зат есім, басыңқы — етістік
- Абай көрді бағыныңқы — зат есім, басыңқы — етістік
- әкесі Құнанбай тұр екен бағыныңқы — күрделі зат есім, басыңқы — күрделі етістік
- бала ұқты бағыныңқы — зат есім, басыңқы — етістік
- бала бұрылды бағыныңқы — зат есім, басыңқы — етістік
- Байтас түсіп бағыныңқы — зат есім, басыңқы — етістік
- жорға Жұмабай түсіп бағыныңқы — зат есім, басыңқы — етістік
- Байтас келеді екен бағыныңқы — зат есім, басыңқы — күрделі етістік
- жорға Жұмабай келеді екен бағыныңқы — зат есім, басыңқы — күрделі етістік
244-жаттығу
Оқушыларға оқыту, мазмұндату. Ана тілі туралы оқушы пікірін тыңдау. Тақырыпқа байланысты оқушылар өз шығармашылық жұмыстарын және ақындардың өлең шумақтарын айтады.
Мәтіннен алынған үлгілер (қиысу)
- Біз біле бастаймыз.
- Біз сіңіреміз.
- Өзіміз үйреніп, өзіміз біле береміз.
- Ол — құралымыз.
- Өмірі ауысып отырады.
- Ерлік істері ауысып отырады.
- Аңыз-ертегілері ауысып отырады.
- Өлең-жырлары ауысып отырады.
- Кітаптары ауысып отырады.
2) Сөздердің байланысу тәсілдерін анықтау (сәйкестендіру)
Телефон арқылы сөйлесу
орын тәртібі
Абай — ақын
жалғау арқылы
Самал жел
шылау арқылы
Адамзатты сүю
орын тәртібі
Білу үшін оқу
жалғау арқылы
Шоқан — ғалым
шылау арқылы
Ғажайып әлем
интонация арқылы
Еңбектің жемісі
интонация арқылы
Ескерту: Бұл бөлім оқушылардың жауаптарын талқылауға, дәлелдеуге және түзетуге ыңғайлы форматта ұйымдастырылады.
V. Үй тапсырмасы
245-жаттығу: Әнет бабаның өсиетін I жақ көпше тұлғада қайта жазып шығу.
Қайталау: Сөздердің байланысу түрлері. Қиысу.
VI. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі, сұрақтарға жауап беруі, жаттығуларды орындау сапасы және талдау дағдысы негізінде бағаланады.