Трапецияға анықтама беру

8-сынып • Геометрия

Сабақтың тақырыбы: Трапеция

Жаңа тақырып

Мақсат 1

Трапецияға анықтама беру, оның элементтері мен түрлерін түсіндіру.

Мақсат 2

Тақырып бойынша есептер шығару дағдысын қалыптастыру.

Мақсат 3

Танымдық қабілетті дамыту, шапшаңдық пен жауапкершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Карточкалар
  • Кесте

I. Ұйымдастыру

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Сабаққа қатысын тексеру, зейінін сабаққа аудару.

II. Үй жұмысын тексеру

Тапсырмалар интерактивті тақтада көрсетіледі. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Барлық бұрыштары тік болатын параллелограмм қалай аталады?

Тіктөртбұрыш

2) Барлық қабырғалары тең параллелограмм қалай аталады?

Ромб

3) Геометрияда дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем қалай аталады?

Аксиома

4) Үш өлшемнен тұратын жәшік тәрізді дене қалай аталады?

Параллелепипед

5) Геометрия неше бөлімнен тұрады?

Екі

6) «Ұн електен өтеді, су шелекте тасылады» деген ұқсастық қай денеге сәйкес келеді?

Цилиндр

7) √3 саны қандай санға жатады?

Иррационал сан

8) Оқулық атауының соңғы сөзі қандай?

Геометрия

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Анықтама

Екі қабырғасы ғана параллель болатын дөңес төртбұрыш трапеция деп аталады.

Элементтері

  • AD ∥ BC — трапецияның табандары.
  • AB және CD — бүйір қабырғалары.

Негізгі ұғымдар

  • Төбеден табанға түсірілген перпендикуляр — биіктік.
  • Қарсы жатқан төбелерді қосатын кесінді — диагональ.

Трапецияның түрлері

1) Тең бүйірлі трапеция

Егер бүйір қабырғалары тең болса, онда ол тең бүйірлі трапеция деп аталады.

2) Тік бұрышты трапеция

Егер трапецияның бір бұрышы 90°-қа тең болса, ол тік бұрышты трапеция деп аталады.

IV. Бекіту: есептер шығару

Оқулықпен жұмыс

№65 есеп

Берілгені: ABCD трапеция

Есептің толық шартын және сызбасын тақтада/дәптерде рәсімдеп, трапецияның элементтерін (табандары, бүйір қабырғалары, биіктігі, диагональдары) атап көрсетіңіз.