Бірдей әріптен басталатын және аяқталатын сөздер жазу

Сабақтың тақырыбы

Фонетикадан өткенді қайталау (Қазақ тілі, 5-сынып).

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылардың фонетикадан алған білімдерін нығайту, тиянақтау және теориялық білімді практикамен ұштастыру.
  • Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, оқу-білімге қызығушылығын арттыру, сөздік қорын дамыту.
  • Бірлікке, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

  1. 1 Өткен сабақта алған білімдерін тиянақтайды және талдайды.
  2. 2 Математикалық тәсілмен фонетикалық талдау жасай алады.
  3. 3 Пікірін толық әрі нақты жеткізеді.

Табыс өлшемі

Ұжымдық жұмыс

Ұжымдасып еңбек ету дағдысы қалыптасады.

Белсенділік

Топтық жұмыста, сабақты меңгеруде және шығармашылық тапсырмаларда белсенділік танытады.

Бағалау

Бағалау өлшемдерін анықтай алады.

Негізгі ой және тәсілдеме

Сабақты меңгеруде барлық оқушының белсенділігін арттыру мақсатында үлестірме тапсырмалар қолданылады. Оқушылар орындаған тапсырмаларын талдайды, ал топтық жұмыс сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға бағытталады.

Белсенді оқыту

Үлестірме тапсырмалар арқылы қатысуын күшейту.

Талдау

Орындаған жұмысты түсіндіру, дәлелдеу.

Топтық жұмыс

Ынтымақтастық және өзара қолдау.

Шығармашылық

Тілдік тапсырмалар арқылы ойды дамыту.

Оқулық

Қазақ тілі. Авторлары: Г. Қосымова, Ж. Дәулетбекова. Алматы: Атамұра, 2010.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Дыбыстар арқылы топқа бөлу

Әліпбидің алғашқы төрт әрпі арқылы топтарға бөлінеді: А, Ә, Б, В.

«Мен қандаймын?» тренингі

Әр оқушы өз есімінің бірінші әрпіне сәйкес бір жақсы қасиетін атап айтады.

2) Үй тапсырмасын қайталау

«Мен саған, сен маған» әдісі

Топтар сағат тілі бағытымен бір-біріне сұрақтар қояды.

3) «Ізден тап» тапсырмалары

I топ

Әр сөйлемі Е, Ж, Қ әріптерінен басталатын үш сөйлем құрастыру.

II топ

Бірдей әріптен басталып, сол әріппен аяқталатын сөздер жазу.

III топ

Төмендегі әріптер қатар келген сөздерді жазу:

  • а + й + ы = қайық
  • е + й + і = мейіз
  • ұ + й + ы = тұйық

IV топ

Қатаң дыбыстардан басталатын қазақтың ұлттық киімдерін тауып жазу.

4) Мәтінмен жұмыс

«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі

Мәтінге байланысты тапсырмалар орындалады.

Тақырыптар

  • Әже — «Сен оны құрметте»
  • Нан — қасиетті тағам
  • Өзі кінәлі

5) Талдау жұмысы

«Талда, жауап бер» әдісі

Тақтада төмендегі тапсырмалар бойынша талдау жүргізіледі:

  • «Мұғалім», «әдебиет» — фонетикалық талдау.
  • «Оқушыларымыздың» — сөз құрамына талдау.
  • «Айдар әкесімен бірге есік алдында тұрған.» — сөйлем мүшесіне талдау.

6) Зейін және есте сақтау

«Кім көп есте сақтады?»

Проекторда суреттер 4 секунд көрсетіледі. Оқушылар есте сақтаған суреттердің атауын дәптерге жазады.

Ой қорыту

Оқушылар ойланады, қорытынды жасайды және өз пікірін дәлелдейді.

7) Шығармашылық тапсырмалар

I топ

«Фонетика» сөзіне сөзжұмбақ жасау.

II топ

«Дыбыстар әлеміне» хат жазу.

III топ

«Әліпби» сөзіне ребус құрастыру.

IV топ

Метаграмма жазу.

Автор туралы мәлімет

Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Шынаргүл Сағындықовна Мальшубаева.

Материал

«Фонетикадан өткенді қайталау» тақырыбы бойынша сабақ жоспары.