Етістіктен құралған сөйлем мүшесі
Сабақтың тақырыбы
Біріккен сөздер
Сабақтың мақсаты
1) Түсіндіру
Кейбір сөздердің бірнеше түбірден құралып, бірігіп жазылатынын мысалдар арқылы түсіндіру. Жер-су атауларын білдіретін біріккен сөздерде қатар келген екі дауысты дыбыстың сақталып жазылатынын түсіндіру.
2) Дамыту
Ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуін және шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
3) Тәрбиелеу
Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, жинақылыққа, сауаттылыққа және көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақ форматы
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекілік
Интерактивті тақта
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- «Тілек гүлшоғын» жасау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
28-жаттығу
- Күрделі сөздерді оқып, мағынасын түсіндіру.
- Күрделі сөздерді жасалу жолдары мен жазылу ерекшеліктеріне қарай топтастыру.
III. Жаңа сабаққа даярлық
Сөзжұмбақ шешу
- Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі.
- Сөз табы.
- Сөйлемдегі ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін, бірақ сөйлем мүшесі болмайтын сөз.
- Өзара мағыналық байланыста айтылатын екі не одан да көп сөйлемнен құралады.
- Келер шақ етістігі.
- Септіктің бірі.
- Тиянақты ойды білдіреді.
- Етістіктен құралған сөйлем мүшесі.
IV. Жаңа сабақ
Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөздер біріккен сөздер деп аталады. Олар бірігіп жазылады.
Суреттер арқылы біріккен сөздерге мысалдар келтіру.
Оқулықпен жұмыс
226-жаттығу
Әр сөз неше түбірден құралғанын анықтау:
227-жаттығу
Тізімнен біріккен сөздерді табу:
Ескерту: кейбірі дефис арқылы, кейбірі бөлек жазылады — тапсырмада біріккен сөздерді ажырату ұсынылады.
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс арқылы орындалатын қысқа жаттығулар.
Дәптермен жұмыс
228-жаттығу
Біріккен сөздердің қай есімнен жасалғанын түсіндіру.
Ақ маңдай Алатаудың асқарынан,
Түрленген Тарбағатай тастарынан.
Дәрі үшін даярлайды шипа шөбі,
Бурабай, Баянауыл бастарынан.
V. Білімді бекіту
«Кім шапшаң?» ойыны
Сөздерді біріктіру арқылы біріккен сөздер құрастыру:
Қос — құдық
Ақ — төс
Қара — жал
Бір — жан
Саңырау — құлақ
Көк — жиек
Ақ — теңіз
«Білгенге маржан» тапсырмасы
Көп нүктенің орнына тиісті мақал-мәтелдерді тауып жазу және мағынасын түсіндіру:
- … шауып бәйге алмас.
- … қайырғанмен бүркіт болмас.
- … жарықтан қараңғы артық.
- Құлан құдыққа құласа, … құлағында ойнайды.
- … жеп қой семіреді, Қансоқта жеп ит семіреді, Пара жеп би семіреді.